Корпорациялар діни және кәсіби қағида бойынша құрылды. Бастапқыда корпорацияларды құрудың толық еркіндігі берілді. Монархияға көшуге байланысты корпорациялар өкіметте сенімсіздік туғызуына байланысты таратылды. Бұдан кейін оларды құру үшін арнайы рұқсатты қажет ететін заң шығарылды. Олар діни және кәсіби қағида бойынша құрылды. Корпорацияның мүлкі корпорацияның өзіне тиесілі болды. Тек корпорация өз қызметін тоқтатқан жағдайда, оның мүлкі корпорацияда қалған мүшелерінің арасында бөлінетін. Муниципилар кең көлемдегі құқыққабілеттілікке ие болды. Муниципилар өсиеттік бас тарту арқылы мүлікке ие бола алатын. Заңды тұлғалардың ішінде қазыналар ерекше мәртебе ие болды. Бастапқы кезден мемлекеттік қазына императордың мүлкі есебінде саналды және жеке құқық нормаларымен реттелді.
Негізгі терминдер: Persona – құқық субъектісі
Caput - құқыққабілеттілік
Status libertatis –еріктілік жағдайы
Status civitatis – азаматтық жағдайы
Status familiae – отбасылық жағдайы
Ius conubii – рим некесіне тұру құқығы
Ius commercii – мүліктік қатынастардың субъектісі болу құқығы
Cives romani – рим азаматы
Lstini - латындар
Peregrini - перегриндар
Servi - құл
Colonus – бөтен жерді жалдаушылар.
Бекіту сұрақтары: 1. Тұлға түсінігі.
2. Рим азаматтары, латындар және перегриндардың құқықтық жағдайы.
3. Құлдардың құқықтық жағдайы.
4. Заңды тұлғалар.
Әдебиет: Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. 19.09.2019 ж. жағдай бойынша. http://adilet.zan.kz/
Ермухаметова, С. Р. Рим жеке құқығы [Текст] : оқу құралы.- Римское частное право: Учебное пособие / С. Р. Ермухаметова, Е. Ю. Коваленко. Екі тілде. - Алматы : Заң әдебиеті ; [Б. м. : б. и.], 2007-2012. - 162 бет. ИРБИС.
Алимпиева, Т. Г. Римское право [Текст] : учебно-методический комплекс дисц. для спец. 5В030100-Юриспруденция / Т. Г. Алимпиева. - Актобе : РИО АРГУ им. К. Жубанова, 2014. - 189 с. ИРБИС.