1. Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы



бет135/183
Дата22.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#95842
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   183
Байланысты:
хирургия жауап ауызша экзамен

Өңештегі бөгде заттар
Өңешке бөгде заттардың түсуіне себеп жас балалардың аузына кезкелген заттарды салып отыру әдеттері,тағамды асығыс жегеннен.Көп жағдайда ұсақ заттар ешқандай клиникалық көріністерсіз асқорыту жолдар арқылы еніп сыртқа шығару жолдары арқылы шығып отырады.Қатерлі бөгде заттарға ине,шеге,балық сүйетері жатады.
Бөгде заттар алдымен өңешке келіп тұрып қалады,сосын төменгі ас-қорыту жолдарына түседі.Ал үлкен мөлшердегі заттар өңештің физиологиялық қысылуларында тұрып қалады.Өңешке түскен бөгде заттар өңештің мускулатурасының спазмын тудырады,шырышты қабатының қабынуын дамиды.
Клиникалық көріністері мен диагностикасы.- Негізгі симптомдары түскен бөгде заттардың түріне байланысты.Бөгде зат өңешке түскенде науқаста қорқыныш сезімі,тамағында ауыру сезімі,сілекей мен шырыш бөлінуінің жоғарылауын туғызады. Үлкен мөлшердегі бөгде зат түскенде кеңірдек кіреберісі жауылып адам асфиксиядан өліп кетуі мүмкін.
Бөгде зат өңеште ұзақ уақытқа тұрып қалғанда өңештік травматикалық эзофагит,қан кету,өңеш қабырғасы тесілуінен медиастенит,іріңді плеврит дамиды. Диагноз қою үшін анамнез бен рентгенологиялық зерттеу көмегімен қойылады.
Көп мәлімет беретін зерттеу бұл- эзофагоскопия.Эзофагоскопия бөгде заттың орналасқан орнын анықтайды.Эзофогоскоп көмегімен бөгде затты жоюға болады.
Емі. Өңешке бөгде зат түсуіне күмән туғанда хирургиялық стационарға жіберу керек.Бөгде заттарды алу үшін фиброоптикалық немесе эзофагоскоп пен арнайы құрал жабдықтар көмегімен жүргізіледі. Эзофагоскоп көмегімен алу мүмкін болмаса операциялық жолмен алады. Операциядан кейін өңеш қабырғасы қалпына келеді.


58.Портальды гипертензия, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы, консервативті және и хирургиялық емі.
Порталдық гипертензия-кіреберіс қақпа венасы тамырларындағы, бауыр тамырларындағы және төменгі қуыс Венадағы қан ағымының бұзылуынан туындаған портал венасы жүйесіндегі жоғары қысым синдромы. Әдетте, порталдық тамыр жүйесіндегі қысым 5-10 мм сын. бағ.ст.; қысымның жоғарылауы 12 мм сын.бағ. жоғары.ст. порталдық гипертензияның дамуын куәландырады.
Порталдық гипертензия спленомегалиямен, өңеш пен асқазанның варикозды тамырларымен, асцитпен, бауыр энцефалопатиясымен бірге жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет