1. Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы



бет133/183
Дата22.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#95842
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   183
Байланысты:
хирургия жауап ауызша экзамен

Лабораториялық тексерулер.
Шеткі қанда лейкоцитоз және ЭТЖ өсуі жиі кездеседі. Шартты қан аздық жарты жағдайда ғана байқалады. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы - өкпе-текті жүректің эритроцитоз болмайтын жалғыз ғана варианты.
Асқынулары ӨАТЭ-ң асқынуларына жататын патологиялық өзгерістер:
1) Өкпе инфарктісі
2) Шок
3) Өкпе абсцессі
4) Геморрагиялық плеврит
5) Жедел және созылмалы өкпе-текті жүрек
Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы. ӨАТЭ диагностикалық критерийлеріне жатады:
1) Эмболия пайда болуына жағдай жасайтын факторлар: жүрек әлсіздігі, аритмия, операциялар, екі қабаттық, аборттар, ұзақ уақыт қимылсыздық, қатерлі ісіктер.
2) Эмболия көздерін табу: флеботромбоздар, аяқ веналарының және жамбас қуысы органдарының т.б. тромбофлебиті.
3) Өкпедегі эмболды инструментальдық тексеру тәсілдерімен табу: кеуде қуысының рентгенографиясы, өкпе сцинтиграфиясы, ангиопульмонография.
4) Жедел өкпе-текті жүректің клиникалық және ЭКГ-лық белгілері.
ӨАТЭ-н миокард инфарктісінен, қолқаның шарбылану аневризмасынан және крупозды пневмониядан ажырата білу керек.
Миокард инфарктісі. ӨАТЭ созылмалы тромбофлебитпен ауыратындарда, операциядан кейінгі ауруларда және төсекте ұзақ жатқан ауруларда кездеседі. Миокард инфарктісінің алдында көбіне стенокардия болады.
ӨАТЭ қатал басталса, миокард инфарктісі өте жедел басталады. Кеуденің ауыруы ӨАТЭ-да тұрақты, жарып ауырады, төстің жоғарғы жағында орналасады, көбіне тыныс алумен байланысты, ешқайда тарамайды. Миокард инфарктісінде қысып, жаншып, күйдіріп ауырады, ауыру төс артында болады, өзіне тән иррадиациясы болады, тыныс алумен байланысы болмайды.
ӨАТЭ демігу тұрақты болып келеді, ортопноэ мен өкпеде қан іркілу белгілері байқалмайды, тыныс алудың жиілігі минутіне 30-40 және одан да жоғары, миокард инфарктісінде – көбіне тұншықпа, өкпеде қан іркілу белгілері, ортопноэ (сирек) байқалады, тыныс алу жиілігі минутіне 40-тан аспайды.
Қан қақыру ӨАТЭ жиі кездессе, миокард инфарктісінде кездеспейді.
ӨАТЭ-ғы цианоз – ақ цианоз, аралас цианоз, миокард инфарктісінде – көбіне акроцианоз.
Коллапс ӨАТЭ-да жиі кездеседі, ауырғандықтың алдында болады, венада қан қысымының көтерілуімен қоса кездеседі, ал миокард инфарктісінде ол кардиогендік шокта байқалады, төс артының ауыруынан кейін болады, венада қан қысымының көтерілуі – миокард инфарктісінде сирек кездесетін симптом.
ІІ тонның өкпе артериясы үстіндегі акценті ӨАТЭ-да жиі естіледі, миокард инфарктісінде сирек естіледі. Үлпершек үйкелісінің шуы миокард инфарктісінде ӨАТЭ-мен салыстырғанда жиірек естіледі.
Рентгенологиялық тексергенде: ӨАТЭ - өкпе түбірінің жойылып кетуі, өкпе түбірінің бір жақты ұлғаюы, олигемия аймақтары, тығыздалу фокустары, плевра жағынан реакция болу; миокард инфарктісінде - өкпе түбірінің екі жақты өсуі, қан іркілісінің белгілері, өкпе шеменінің белгілері, сол жақ қарыншаның ұлғаюы.
ЭКГ: ӨАТЭ-да патологиялық Q тісшесінің болмауы; ІІІ , avF және V1-2 ST аралығының конкорданттық өзгерістері және V5-6 тіркемелерінде ST аралығының ығыспауы; кеңіген теріс мәнді Т тісшелері; ЭКГ-лық өзгерістердің бұрынғы қалпына оралуы.
Миокард инфарктісіндегі ЭКГ-лық белгілер: патологиялық Q тісшесінің болуы, дискоорданттық аралық қатынастар, V5-6 тіркемелерінде болатын жеке өзгерістер; теріс мәнді Т тісшесінің тар болып келуі, электрокардиграмманың тұрақты түрде болатын деформациясы.
ӨАТЭ-дағы биохимиялық өзгерістерге ЛДГ (әсіресе ЛДГ3) және альдолазаның активтігінің артуы жатады, АСТ және КФК өзгермейді.
Қанды тексергенде: ӨАТЭ-да қан аздыққа бейімділік, лейкоциттер саны мен ЭТЖ-ң қатар өсуі, кейде тромбоцитопения байқалады; миокард инфарктісінде эритроцитозға бейімділік, лейкоцитоз бен ЭТЖ-ң арасындағы қайшылық анықталады.
Миокард инфарктісінде аллергиялық реакция түрінде сірі қабықтардың ерте қабынуы; ӨАТЭ кеш туындайтын теріде болатын өзгерістер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет