Қарағанда: терінің қуқыл тартуыжәнецианозбайқалады. Кең тараған байқамды цианоз бетте және дененің жоғарғы бөлігінде болады; вентиляциялы-перфузиялық қатынастың бұзылуынан туатын гипоксияның нәтижесінде көрініс береді. Науқас адамның 1/3 кездеседі. Өкпе артериясының тромбоэмболиясында терінің қуқыл тартуы жиірек кездеседі, ол жүректің қан айдау көрсеткішінің кенеттен азаюына байланысты туындайтын гипоксиямен байланысты.
Физикалық тексергенде: - тыныс алу мүшелері жағынан:өкпе инфарктісі мен оның асқынуларының белгілері плевропневмонияның белгілерінен онша айрықша болмайды;
өкпе инфарктісінің 40-50%-інде плевра қуысында сұйықтық болуы мүмкін;
- жүрек-тамыр жүйесі жағынан:
а) тахикардия коллапстың, жедел өкпе-текті жүрек нәтижесінде және қызу көтерілуіне байланысты пайда болады, аурудың 40%-інде кездеседі;
б) артериялық гипотензия,кейде коллапс жүректің қан айдау көрсеткішінің азаюына және рефлекторлық механизмдерге байланысты туындайды;
в) өкпе артериясы гипертензиясының белгілері:өкпе артериясының үстінде ІІ тонның акценті мен жарықшақтануы, систолалық шу (кіші қан айналымының гипертензиясына байланысты басты өкпе артерияларының тарылуы);
г) жедел өкпе-текті жүрек белгілері:тахикардия, артериялық гипотензия, пресистолалық шоқырық ырғағы, бауыр тұсының ауыруы мен бауырдың ұлғаюы, бауыр-мойынтырық вена рефлюксі, мойын веналарының ісінуі (тургестенция), ІІ тонның өкпе артериясы үстіндегі акценті; жедел өкпе-текті жүректің ЭКГ-лық белгілері, орталық вена қысымының көтерілуі.
Нерв жүйесі жағынан байқалатын белгілер: психомоторлық қозу; менингит белгілері; мидың ошақты зақымдануы белгілері; жұлынның ошақты зақымдануы белгілері; қояншық белгілеріне ұқсас белгілер; полиневрит белгілері; «ескі ошақ» белгілерінің қайталап жандануы.
Неврологиялық белгілер негізінен нерв жүйесінің гипоксиясына байланысты көрініс тудырады.
Шажырқай қан айналысының бұзылуыіш синдромы (абдоминальды синдром) түрінде бой көрсетеді: оң жақ қабырға астының ауыруы, ішек парезі, ықылық ату, кекіру және құсу. Диафрагмалық плевритке, бауырдың тез ісінуіне, кейде шажырқай қан айналысының тез бұзылуына байланысты көрініс береді.
ӨАТЭ-ның даму ауырлылығыбітелген өкпе артериясының жалпы көлеміне байланысты. Ауқымды ӨАТЭ-да ауру өте жедел дамиды,өкпе артериясы гипертензиясының белгілері, коллапс, демікпе, өлім үрейі билеген стенокардия ұстамасы және аурудың психомоторлық қозуы өте тез өріс алады. Өкпе артериясының бағанының, немесе оның екі тармағының эмболмен бітелуі, қан ағынының 75%-ке азаюы кенеттен болатын өлімге әкеліп соқтырады.
Аурудың жеделше дамуы өкпе артериясының бөліктік немесе сегменттік тарамдарының ұзаққа созылған тромбоэмболиясында кездеседі. Ауру бірнеше аптаға созылады, плевропневмония белгілерінен, қан қақырудан басталады, ауру клиникасында үдемелі тыныс жетіспеушілігі және оң қарыншалық жүрек әлсіздігі белгілері басым болады.
Аурудың қайталама түріөкпе артериясының ұсақ тарамдарының қайталап болатын тромбоэмболиясында кездеседі. Қайталап кенеттен болатын демікпе, қысқа мерзімді коллапс, себебі белгісіз қызба, пневмония, құрғақ плеврит, стенокардияның ерекше түрі және созылмалы өкпе-текті жүректің біртіндеп қалыптасуы тән.