1. Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы


Ішкі ағзалардың зақымдануымен болатын кеуденің жабық жарақаттары



бет181/183
Дата22.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#95842
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   183
104. Ішкі ағзалардың зақымдануымен болатын кеуденің жабық жарақаттары.
Кеуде қуысындағы анықталмаған жəне басқа да ағзалардың жарақаты

Көкірек қабырғасының жəне/немесе бронхөкпелік құрылымның зақымдануы, сонымен қатар плевралық қуысқа ауа кіруі жəне қан құйылуы.


Пневмоторакс – көкіректі тесіп өткен жарақаттың немесе өкпе зақымдануының салдарынан плевралық қуысқа ауа жиналуы.
1. Шектелген пневмоторакс кезінде өкпенің 1\3 бөлігінен аз көлемі бүрісіп кішірейуі.
2. Орташа пневмоторакс - өкпенің 1\3 -нен 1\2 бөлігіндей көлемі бүрісіп кішірейеді.
3. Тұтас пневмоторакста өкпе қалыпты көлемінің тек жартысындай ғана болады немесе толығымен бүрісіп кішірейіп қалады.
Жабық пневмоторакс
Бұл кезде плевралық қуыс сыртқы ортамен байланыспайды жəне жарақат кезіндегі өткен ауа көлемі көкірек экскурсиясында өзгермейді.


Ашық пневмоторакс
Бұл жағдайда плевралық қуыс сыртқы ортамен байланыста болады. Дем алу кезінде плевралық қуысқа ауа қосымша кіріп тұрады, ал дем шығару кезінде сол көлем қайта шығады. Ашық пневмоторакс кезінде плевралық қуысқа ауа жиналуы болмайды. Бұл жағдайда пародоксальды тыныс пайда болады дем алу кезінде жарақат болған жақтағы өкпе бүрісіп кішірейеді, ал дем шығарғанда керіледі. Мұндай кезде ауаның өкпеде маятник тəрізді жылжуы болады, дем алу кезінде жарақат болған жақтағы ауа сау өкпеге өтеді, ол дем шығарғанда қайтадан сау өкпеден жарақаттанған өкпеге өтеді. Плевраішілік қысымның өзгеріп көкірекортаның флотациялануын туындатады.
Клапаншалы пневмоторакс
А) Сыртқа дем шығару кезінде плевра қуысының сыртқы ортамен байланысуы азаяды жəне мүлдем тоқтайды, өйткені аралық қақпақша тəрізді жауып қалады. Əр дем алған сайын плевралық қуысқа ауа көбірек кіреді, ал дем шығарғанда аз шығады. Осыдан плевралық қуысқа ауа жинала береді. Əр дем алу актісінде өкпенің кернелуі артып көкірекорта қарама-қарсы жаққа қарай ығысады. Соның салдарынан сау өкпе қысылады. Үдемелі плевраішілік қысымнан ауа жұмсақ тінге өтіп теріастылық эмфизема дамиды.

Б) Ішкі қақпақша өкпелік тінде орналасады, плевралық қуыс сыртқы ортамен бронхылар арқылы байланысады. Əр дем алу актісінде ауа плевралық қуысқа өкпенің зақымданған бөлігінен енеді, ол дем шығару кезінде толығымен немесе жартылай плевралық қуыста қалып отырады. Ауаның плевраға жиналу механизмі сыртқы қақпақшалы пневмоторакстағыдай болады. Біртіндеп плевраішілік қысымның күшеюі соншалық, атмосфералық қысымнан да жоғары болып кернеулі пневмоторакс дамиды.


Гемоторакс − өкпенің тамырларынан, орталықтан, жүректен немесе кеуде қабырғасынан қан кету салдарынан плевралық қуысқа қан жиналу. Плевралық қуыстағы қан ұйып, кейін фибринолизден кейін қайта сұйылады. Көп жағдайда қан сұйылмайды – сондықтан ұйыған гемоторакс пайда болады, кейін эмпиема даму қаупі бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет