1. Кіші гемоторакс – қан құйылу көлемі 500 мл көп емес. Зардап шеккен адамның жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терінің бозаруы, шамалы ентікпе, кеуде тұсында ауырсыну сезімі жəне аздаған жөтел болуы мүмкін.
2. Орташа гемоторакс – плевралық қуыста қан құйылу көлемі 500-1000 мл дейін. Зардап шеккен адамның жағдайы орташа ауырлықта. Бозарудың үдеуі, ентікпе, кеудедегі ауырсыну сезімі жəне жөтел. Өкпедегі Демуазо сызығының бойымен перкуссиялық дыбыстың қысқаруы байқалады (гемопневмоторакс кезінде горизонтальды деңгейде), жауырынның төменгі қырына дейін жетеді. Аускультация жасағанда тұйықталған жерде дем үні нашар естіледі немесе мүлдем естілмейді. Шамалы ғана қимыл əрекет жасағанда ентігу пайда болады.
3. Үлкен (тұтас) гемоторакс – плевралық қуыста 1000 мл аса қан жиналады. Жағдайдың ауырлығы тек тыныс бұзылуымен ғана көрінбей, сонымен бірге қан кету белгілерімен білінеді. Жағдайы ауыр жəне өте ауыр болады. Айқын бозару тері жабындысының цианозы, ентікпе, тахикардия жəне АҚ төмендейді. Науқастар мəжбүрлі қалыпта отырады. Кеуде тұсында ауырсыну сезімі, жөтел жəне ауа жетіспеуі мазалайды. Перкуссия жəне аускультация арқылы сұйықтықтың жауырынның ортасына дейін жиналғаны байқалады.
Диагностика критерилері: 1. Тері жабындысының ақауы болуы, кеуде қабырғасының «сорушы» немесе ашық жарақаты.
2. Тері жабындыларының бозаруы жəне цианозы.
3. Жергілікті ауырсыну сезімі, əсіресе қабыртқа мен төстің зақымдануы қосарланып келуі.
4. Ентікпе жəне тыныстың ауырлауы.
5. Тыныс алу қозғалысының шектелуі.
6. Əртүрлі қарқындылықпен жəне ұзақтығымен білінетін қан түкіру.
7. Ашық пневмоторакс белгілері, ентікпе, цианоз, тахикардия, қорқыныш сезімі, мазасыздық.
8. Кеудеішілік ағзалардың зақымдануы кезіндегі ашық пневмоторакс белгілері.
9. Теріастылық эмфизема.
10. Көкірек эмфиземасы.
11. Үдемелі жүрек жəне тыныс жеткіліксіздігі (тахипноэ, тахикардия, АҚ төмендеуі).
12. Пневмоторакстың физикалық белгілері, соның ішінде қақпақшалы түрі жəне көкірекортаның сау жаққа ығысуы, гемоторакс.