Шұғыл көмек көрсету тактикасы. 1. Науқас естүссіз жағдайда-тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалыпқа келтіру.
2. Жүрек тампонадасы -Доминик Жан Ларрей бойынша жүрекқапты пункциялау және сол арқылы сұйық қанды қуыстан эвакуациялау,бұғанаасты венозды катетер арқылы жүрекқап қуысын дренаждауға да болады.
3.егер АҚ анықталмаса онда көктамырға криссталлоидтар мен коллидтар инфузиясыоның жылдамдығы 300-500 мл/минутқа болуы керек
гиповолемиялық шоктың 1 – 2 дәрежесі болған кезде көктамырға ағынмен 800-1000 мл полииондық ерітінділер егеді.егер қан айналу бұзылыстары айқын ауыр болған кезде көктамырға ағынмен декстрандар немесе гидроксиэтилкрахмал 5 мл/кг есебінде егу қажет.
4.Анестезия.
5.Психомоторлы қозу кезінде-седативті препараттар
6.Оттек терапия
7.кеңірдек интубациясы және Өкпенің жасанды желдетілуі.
8.егер жарақаттаушы агент болса, одан құтылу қажет. Жарақаттаушы агент ешқашан клапандық механизм атқармайды
26.Механикалық сарғаю.Механикалық сарғаюдың асқынуларын емдеу.Холедохотомияға көрсеткіштер. Механикалық сарғаюдың емі ӨТ ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ДЕКОМПРЕССИЯСЫ. Сол тәсілдердің бірі -холедохотомия. Холедохотомия — бұл жалпы өт өзегін кесіп ашу операциясы. Жалпы өт өзегі (ЖӨӨ)жарасы конкременттер алынып тасталғаннан кейін жарақаттамайтын инемен «толығымен бітеліп»(наглухо) тігіліп тасталынады;
немесе он екі елі ішекпен байланыстырылуы мүмкін- холедоходуоденостомия (яғни жалпы өт өзегі мен он екі елі ішек арасындағы жыланкөз десе болады) орындалуы мүмкін;
ЖӨӨ екінші шеті сыртқа шығып тұратын дренажды түтікшемен кәрізделуі (дренаждалуы)мүмкін.Бұл кезде ЖӨӨ жарасы түтікшенің айналасында тігіледі және шекаралайтын тампондар енгізіледі.Дренаждық түтікшенің екінші шеті антисептикалық ерітінді бар бөтелкеге салынады.
Операциядан кейін түтікшені нақыталап фиксациялау керек және жарадан шығып кетпеуін бақылау керек.Дренаждық түтіктен шығатын өт көлемін есептеп отыру керек.