Диагностикасы.
жүрек тампонадаға тән:-протоколдан
- Бек триадасы: артериялық қан қысымының төмендеуі, Орталық Венозды қысымның жоғарылауы, жүрек тондарының тұйықталуы;
- артериальді гипотензиямен біріктірілген мойын тамырларының ісінуі және кернеуі;
- парадоксальды пульс (көбінесе пульс кішкентай және аритмиялық);
- жүрек тұйық шекараларының кеңеюі ;
- систолалық қан қысымы әдетте 70 мм сынап бағанасынан аз. ст.;
- тыныс алған кезде кезінде систолалық қан қысымының 20 және одан да көп мм сын.бағ. төмендеуі. 4-бап;
- диастолалық қысым өте төмен немесе анықталмаған;
- ЭКГ белгілері: R толқынының төмендеуі, Т толқынының инверсиясы, электромеханикалық диссоциация белгілері.
ЗОНА ГРЕКОВА ИВАН ИВАНОВИЧА -зона возможного ранения сердца и перикарда.
жоғардан-сол жақтан екінші қабырға
сол жақтан -ортаңғы қолтық сызығы
оң жақтан -төсмаңы сызығы
астынан-сол жақ қабырғаасты аймағы.
ЕГЕР НАУҚАС ОСЫ АЙМАҚТАН ЖАРАҚАТ АЛҒАН БОЛСА ОНДА ЖҮРЕК ПЕН ЖҮРЕКҚАПТЫҢ ЗАҚЫМДАЛУЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ ТҮРДЕ ДИАГНОСТИКАЛАНУЫ ҚАЖЕТ.
Кеуде қуысының рентгенографиясында жүрек қалыпты немесе үлкейген болуы мүмкін. ЭКГ-дағы тампонаданың көріністері әдетте спецификалық емес және әдетте барлық тіркемелердегі QRS кешендерінің төмен амплитудасымен және ST сегменті мен t тісшелерінің спецификалық емес өзгерістерімен ұсынылған.
ЭхоКГ жүрекқап қуысында выпотты анықтауға, жүрек тампонадасын тексеруге және перикардио центезін (жүрекқапты пункциялау) жүргізуді оңтайландыруға мүмкіндік береді. Екі өлшемді ЭхоКГ көмегімен выпот көлемін дәл анықтауға болады.
ЭхоКГ кезіндегі жүрек тампонадасының белгілеріне оң жақ жүрекше мен қарынша диастолалық кішірейуі, қарыншааралық перденің солға ығысуы, тыныс алу кезінде оң жақ қарынша мөлшерінің шамадан тыс ұлғаюы және оның мөлшерінің қайта реципрокты азаюы жатады.
Жүрекқапты пункциялау-перикардиоцентез
Доминик Жан Ларрей бойынша пункциялау.
Жергілікті анестезия мен УДЗ және электрокардиография бақылау арқылы жүргізіледі.
7 ші қабырғаның шеміршекті бөлімі семсер тәрізді өсіндіге бекитін жерінен солға қарай 45 градус бұрыш жасап инені енгізеді.кейін ине канюлясін төмен қарай иіп төс сүйекке паралель енгізеді.
Жүрекқап қуысына әрі қарай терең енгізгеннен кейін,жүрекқаптың алдыңғы төменгі синустарын пункциялайды.
Емі:
Егер жүрек тампонадасы диагнозына күдік туса ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ ХИРУРГИЯЛЫҚ ПРОФИЛЬ БОЙЫНША АУРУХАНАҒА ГОСПИТАЛИЗАЦИЯЛАУ қажет.
Өйткені науқас кез келген моментте өліп кетуі мүмкін.
Хирургтың тактикасы Егер же перикардиоцентез жасауға мүмкіндік тумаса онда ТОРАКОТОМИЯ жасылып,жүрекққап қуысындағы сұйықтық(қан) эвакуациялануы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |