1. Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы



бет81/183
Дата22.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#95842
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   183
Диагностика:


Шағымдары.
Анамнез( жарақат фактісі болуы)
Физикалық тексеру
Жалпы қан анализі-постгеморрагиялық анемия
кеуде қуысы рентгенографиясы
Өкпеқап қуысын пункциялау

Диагноз клиниканың мәліметтерімен, кеуде қуысының шолу рентгенографиясымен және өкпеқап пункциясымен, торакоскопиямен расталады. Бұл жерде маңызды нарсе өкпеқап ішілік қан кету жалғасып жатырма немесе тоқтадыма?


Ол үшін Рувилуа-Грегуар сынағы өткізіледі. Шприцте алынған қан пробиркаға немесе науаға құйылады, егер қан ұюы болса, онда бұл қан кетудің жалғасуының белгісі, егер жоқ болса – қан тоқтады.
Бұл қан кетудің жалғасуымен өкпе тіндері мен өкпеқап шығаратын антикоагулянттар жаңадан келген қанның ұю жүйесін басқара алмайтындығымен және тромбтардың пайда болуымен түсіндіріледі.

Гемоторакстың қауіптілігі зақымдалған өкпеден немесе бронхтан жұқтыру мүмкіндігінен тұрады және туындаған асқынуды уақтылы тану өте маңызды.Петров сынамасы - алынған пунктатты 1:5 қатынасында дистиллденген сумен сұйылтамыз . Эритроциттердің гемолизінен кейін әсерлесуді бағалаймыз. Гемолизат біркелкі боялған және мөлдір (лак қаны) инфицирленбеген ал егер – бұлтты суспензия (бұлт, үлпектер -хлопья) анықталса-инфицирленген. Өкпеқап қуысында ауа да, қан да болған кезде соңғысы көлденең деңгей құрайды. Бұл жағдайда гемопневмоторакс диагнозы қойылады.




Емдеу. Гемоторакспен зардап шеккендер плевра пункциясын орындау үшін дереу стационарға жіберілуі керек. Гемоторакс кезінде өкпеқап қуысын пункциялау асептика ережелерін қатаң сақтай отырып, ортаңғы және артқы қолтық сызықтары арасында (отыру күйінде) немесе артқы қолтық сызығына жақын (жату күйінде) 6-7 қабырғааралықта жүргізіледі. Өкпеқап қуысынан қан толығымен алынып тасталады және кең спектрлі антибиотиктер енгізіледі.
. Жалпы емдеу: гемостатикалық, дезагрегантты, иммундытүзетуші , симптоматикалық терапия, инфекцияның алдын алу және емдеу үшін жалпы және жергілікті антибиотикалық терапия, ұйыған гемоторакстың алдын алу және емдеу үшін фибринолитикалық препараттарды енгізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет