Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі ретінде алғашында Ордабасыда, сонан кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрады. Тәуке ханнан бастап дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, жүздер мен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын даулар шешілетін болған. Қызу айтыс-тартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен.
Жеті жарғыда" Әйтеке үсынған баптардың ішінде — "Сүйек құны", "Өнер құны" белгілі. 1685 жылы Әлі сұлтан мен қарапайым халық арасындағы үлкен жанжал дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның тентек ұлы бір кедейдің сұлу, ақын, әнші-домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп өшігіп, бір күні қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін шүйітіп, қастандық жасайды. Бүркіт қыздың басын мылжалап өлтіреді. Ашынған ағайындары төреден құн сұрайды. Әлі сұлтан оларды маңына жолатпай, барған билерді ит қосып қуып жібереді. Ақыры ел арасы екіге жарыла бастайды.Ең соңында құн сұраушылар жағы Әйтеке биге келіп өтініш жасайды. Ол қасына сіргелі батыры Қазыбекұлы Жабайды, байбақты батыры Шоланды ілестіріп Әлі сүлтанға барады. Әйтекенің айбарынан ығысатын Әлі сұлтан амалсыз құн төлеуге келіседі. Әйтеке қыз құнына қосымша оның өнерлі екенін айтып, "өнер құнын" және қыздың жоқтаушыларын келеке қылып, сүйек сындырғаны үшін "сүйек құнын" төлеуді талап етеді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі құнның жартысына тең екен. Сөйтіп, Әйтекенің қаһарынан қаймыққан Әлі сұлтан толық екі құн төлеуге мәжбүр болады. Бүл оның ата дәстүр-салтына жетіктігімен бірге, өнерлі адамға айрықша құрметін көрсетеді. Әйтеке би жайлы ел аңызы(Балалық шақ)
Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол:
- Ассалаумағалейкум, ағалар! - деп, үлкендерге ізетпен сәлем береді.
Жолаушының жасы үлкені:
- Сәлемет бол балам, мынау қай ауыл?
- Сейітқұл аулы.
- Өзің кімнің баласысың?
- Бөйкектің баласымын
- Атың кім?
- Қосуа бидің «үйі қайсы?
- Анау астында, онда не шаруаларыңыз бар еді? - деп, сұрайды бала.
- Даулы болып келеміз, - дейді әлгі қарт жолаушы. - Ойнап жүрген баламызды сол ауылдың бір жолаушысының аты теуіп өлтірді. Соның құнын даулап келеміз. Әйтеке болса, сәл ойланып тұрып:
- Балаңызды ат босағада тепсе - бүтін күн, жабықта тепсе - жарты күн, түзде тепсе - төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осыны айтпаса қосып айтар. Жолдарыңыз болсын - дейді.
Үш жолаушы қырдан асып, Қосуақ бидің үйіне барады. Үйлерінің дауларын баян етеді. Қосуақ би, далада ойнап жүрген Әйтеке баланың кесімін айтып, балаңызды ат түзде тепсе - төрттің бірін шыдар - деп, әлгі күн даулап барғандарды риза етіпті. Сонда әлген баланың әкесі: - Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада ойнап жүрген бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар - деген екен.