1. Экспираторлы ентігу, қатқыл тыныс алу фонындағы құрғақ ысқырықты сырылдар, ӨӨС (жел), ФӨӨС (Фжел), ждшк



бет13/23
Дата20.06.2023
өлшемі254,22 Kb.
#102543
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
Тесты-на-ПГА-ИиР-ВОП1-2012-год-каз

Офтальмология

351. 25 жасар ер кісі, жүзуші, бойдақ, белсенді жыныстық өмір сүреді. Қабақтардың ісінуіне, көздерінен шырышты бөліністедің болуына шағымданады. Жоғарыда аталған симптомдар 2 апта бойы мазалайды. Офтальмоскопия: қабақтардың айқын ісінуі, көз қуысының кішіреуі, қасаң қабығы ісінген және қызарған, төменгі өтпелі қатпарда ірі фолликулдар, ісіну, инфильтрация және васкуляризациямен көрінетін жоғары лимбтің зақымдануы, майда түйінді инфильтраттарпен мүйізді қабаттың зақымдануы.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Геморрагиялық конъюнктивит
2. Трахома
3. Аденовирусты конъюнктивит
4. Паратрахома
5. Түйінді эписклерит

352. 53 жасар ер адам, есепші, сол көзінде кенеттен пайда болған қатты ауруға, көзінің қызаруы, көру өткірлігінің төмендеуі, басының сол жағындағы ауру сезіміне, жүрек айну, құсуға шағымданады. Балалық шағында көз жарақаты болған. Қарап тексергенде: сол жақ көз алмасы ұстағанда тығыз, іркілісті инъекциямен, мүйізді қабық ісінуі, алдыңғы камера ұсақ, қарашық әлсіз кеңейген, жарыққа нашар жауап қайтарады. Офтальмоскопияда торлы қабат артериясының пульсациясы, көру нервінің дискі сұрлау, терең экскавациямен.


Көрсетілгендер ішінде қандай диагностикалық зерттеу әдісі ЕҢ тиімді?
1. Рефрактометрия
2. Пневмотонометрия
3. Гониоскопия
4. Тәуліктік тонометрия
5. Тонометрия

353. 10 жасар ұл бала, итжегі жинап жүріп, бұтақпен көзін зақымдап алған. Сол көзіндегі ісіну мен ауру сезіміне, жас ағуына, көзінің шығып тұруына, көрудің төмендеуіне шағымданады. Қарап тексергенде: сол көз аймағында сырылған із бар; сол көз алмасында айқын экзофтальм, көз алмасының қоғалысы шектелген, жоғарғы қабақтың ісінуі мен гиперемиясы анықталады.


Көрсеілгендер ішінде ЕҢ бірінші орындағы тактика қандай?
1. Бөгде денені алу
2. Дезинфекциялаушызаттарды тамызу
3. Конъюнктивальды қуысты жуу
4. Асептикалық таңғыштарды таңу
5. Ауырсыздандырушы заттарды тамызу

354. 29 жасар жүргізуші ер кісі. Қабағындағы ауырлық сезіміне, көзде құм бар сияқты сезіміне, жас ағуына, таңертең көздерінің жабысуына шағымданады. Жоғарыды аталған симптомдар 1,5 жыл бойы мазалайды. Офтальмоскопия: қасаң қабық тығыздалған, көз қуысынан шие түсті томпайып шығып тұр, беті кедір-бұдыр, «әтеш айдарлары» сияқты көрінеді. Мүйізді қабаты тығыздалған, лайлы.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Эпидемиялық геморрагиялық конъюнктивит
2. Трахома
3. Аденовирусты конъюнктивит
4. Паратрахома
5.Созылмалы конъюнктивит

355. 20 жасар боксер ер кісі, жарыстан кейін. Оң көзінің кенет көруінің нашарлауына шағымданады. Объективті: оң көздің аймағында – гематома. Офтальмоскопия кезінде: макулярлы аймақта орташа көлемді қызыл дақ, айналасында сұр түсті торлы қабаттың валигі анықталады.


Төменде көрсетілген тактикалардың ішінен ЕҢ қолайлы қайсысы?
1. Госпитализация
2.Сорып алушы терапия
3. Антибактериальді терапия
4. Антикоагулянтты терапия
5. Витаминотерапия

356. Қандай препаратты ұзақ қолдану катаракта дамуы үшін ЕҢ ықтимал?


1. Дигоксин
2. Преднизолон
3. Фенобарбитал
4. Теоникол
5. Антагонисты АПФ

357. 63 жасарәйел, көздеріндегі ауру сезіміне, тұманданып көруге, жарық көзіне қарағанда құбылмалы шеңберлердің пайда болуына, жалпы дімкәстікке, лоқсуға шағымданады. Қарап тексергенде: алдыңғы цилиарлы артериалардың айқын инъекциясы, мүйізді қабық ісінген, камерасы ұсақ, қарашық кеңейген, көз түбі тұманданып көрінеді, көру нервінің дискі ісінген, шеттері анық емес, көз ішілік қысым 30 мм с.б.б.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Жабық бұрышты глаукома
2. Ашық бұрышты галукома
3. Иридоциклит
4. Аралас глаукома
5. Кератит

358. 56 жасар ер адам, есепші, кенеттен пайда болған сол көзіндегі қатты ауру сезіміне, көзінің қызаруына, көру өткірлігінің төмендеуіне, сол жақты бас ауыруына, жүрек айнуға, құсуға шағымданып келді. Қарап тексергенде: сол жақ көзінің көз алмасы ұстағанда тығыз болып сезіледі, іркілісті инъекциямен, мүйізді қабық ісінген, алдыңғы камера ұсақ, қарашық әлсіз кеңейген, жарыққа нашар жауап қайтарады. Офтальмоскопияда торлы қабат артериясының пульсациясы, көру нервінің дискі сұрлау, терең экскавациямен.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Эписклериит
2. Кератит
3. Иридоциклит
4. Глаукома
5. Конъюнктивит

359. 46 жасар әйел, есепші, көзіндегі жағымсыз сезімдердің, кернелген сезімнің, әсіресе таңертеңгі уақытта болуына, қас үсті аймағындағы ауру сезіміне, көрудің кезеңді түрде тұмандануына, жарық көзіне қарағанда құбылмалы шеңберлердің пайда болуына шағымданып келді. Гониоскопияда: алдыңғы камера бұрышының барлық бөлшектері көрінеді. Периметрияда: көру алаңының шекаралары қалыпты, параорталық бөлімдерінде аздаған өзгерістер бар. Тонометрияда - көз ішілік қысым 28 мм с.б.б.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Эписклериит
2. Кератит
3. Иридоциклит
4. Глаукома
5. Конъюнктивит

360. 56 жасар әйел, тігінші. Заттардың екеуленуіне, көз алдында «шыбын-шіркей», нүктелер пайда болуға, оқудың қиындауына, алыстағы заттарды тұмандағыдай көруге, қарауытқанда көрудінің жақсаруын байқайтындығына шағымданып келді. Қарап тексергенде: көру өткірлігі 0,4; офтальмоскопияда – көз жанарының лайлануы байқалады.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1.Толық катаракта
2.Ядролы катаракта
3. Кортикальды катаракта
4.Артқы субкапсулярлы катаракта
5.Қабатты перифериялық катаракта

361. 2 айлық ұл бала, ұйықтап тұрғаннан кейін көзін аша алмайды, бөлінділер пайда болды. Қарап тексергенде: бала мазасызданған, қабағы ісінген, жабысқан, көзінен шырышты-іріңді бөлінділер, конъюнктива әлсіз гиперемияланған, жас қапшығы аймағын басып көргенде жас нүктелерінен ірің бөлінеді.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Гонобленнорея
2. Дакриоцистит
3. Ретинопатия
4. Конъюнктивит
5. Блефарит

362. 11 жасар ұл бала. Қабағындағы күйдіргендей, ауырлық сезіміне, көздерінің тез шаршауына шағымданады. Қарап тексергенде: қабағының шеттері гиперемияланған, қалыңдаған, кірпіктерінде қабыршықтар, қабықтар, ақ муфтылар көрінеді.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Жәй блефарит
2. Қабыршықты блефарит
3. Жаралы блефарит
4. Мейбомиевті блефарит
5. Демодекозды блефарит

363. Ұл бала, 4 күндік, салмағы 3000, бойы 52 см, Апгар шкаласы бойынша 7-8 бал. Анасында жүктілік кезінде жыныс ағзаларынан шырышты бөлінділер болған. Қарап тексергенде: бала мазасызданған, қабағы ісінген, жабысқан, көп мөлшерде серозды бөлінді, екі жақ конъюнктивасы да гиперемияланған.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Гонобленнорея
2. Дакриоцистит
3. Ретинопатия
4. Конъюнктивит
5. Блефарит

364. Физиологиялық босанудан туған 4 күндік ұл бала, Апгар шкаласы бойынша 7-8 бал. Анасында жүктілік кезінде жыныс ағзаларынан шырышты бөлінділер болған.. Қарап тексергенде: бала мазасызданған, қабағы ісінген, жабысқан, көп мөлшерде серозды бөлінді, екі жақ конъюнктивасы да гиперемияланған. Конъюнктивальды қуыс ішіндегісіне бактериологиялық талдау жасағанда гонококк анықталды.


Аталған препараттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?
1. Тетрациклин
2. Эритромицин
3. Стрептомицин
4. Канамицин
5. Пенициллин

365. Ұл бала 21 күндік, ұйықтап тұрғаннан кейін көзін аша алмайды, шырышты-іріңді бөлінділер пайда болды. Қарап тексергенде: бала мазасызданған, қабағы ісінген, жабысқан, көзінен шырышты-іріңді бөлінділер, конъюнктива әлсіз гиперемияланған, жас қапшығы аймағын басып көргенде жас нүктелерінен ірің бөлінеді.


Көрсеілгендер ішінде ЕҢ ықтимал тактика қандай?
1. Жас қапшығын уқалау
2. Жас шығарушы жолдарды жуу
3. Мұрын-жас өзегін зондтау
4. Конъюнктивальды қуысты жуу
5. Қабақты уқалау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет