түзу сызықты жолынан ауытқымай өтетіндігі байқалған. Мәселен, қалыңдығы 4*10-7м алтын фольгадан өткенде α бөлшектердің көпшілігі түзу сызықты жолдан 1-20-тан аспайтын бұрыштарға ауытқыған. Б астапқы қозғалыс бағытынан ауытқыған α бөлшектерге келсек, өте үлкен бұрыштарға, кейде 1800-қа дейінгі бұршқа аздаған ғана αбөлшектер шашырайды.Резерфордтың пікірі бойнша бұл оң зарядталған α–бөлшектер кеңістіктің өте кішкентай аймағында шоғырланған ауып оң зарядтың тебуіне душар болған жағдайда ғана мүмкін болады.(3.3-сурет) Резерфорд былай ұйғарды:атом өте кішкентай, бірақ ауыр, оң зарядталған ядродан және қайсыбір қашықтықта қоршаған электрондардан тұрады, өйткені,егер олар тыныштықта болса, онда электрлік кулондық тарту әсерінен яроға құлаған болар еді. Резерфордтың бағалауы бойынша ядро мөлшерінің шамасы 10-15-10-14 м болуға тиіс. Кинетиикалық теориядан, әсіресе Эйнштейннің броундық қозғалысты талдау жүргізуінен атом мөлшерінің реттік шамасы 10-10м болып бағаланды. Бұл электрондар ядродан шамамен 104-105 ядро диаметріндей қашықтықта болуға тиіс, яғни атомның басым бөлігі бос кеңістің болады. Резерфорд атом құрылысы планеталар жүйесіне ұқсас деген жорамалды ұсынды.
А томның планетарлық моделінің классикалық физика көріністерімен үйлеспеуі. Ядро айналасында қозғалатын электрондардың центрге тартқыш үдеуі бола-тындықтан олар үздіксіз электромагниттік толқындар шығаруы тиіс. Сәуле шығару-дан энергияның шығынға ұшырап, азаюы нәтижесінде электрондар орбитасының радиусы үздіксіз кішірейе беруге тиіс, ең соңында электрон ядроға құлауға тиіс, яғни классикалық физика тұрғысынан планетарлық модель түріндегі атом жалпы өмір сүре алмайды (2.7-сурет). Классикалық физика тұрғысынан атом шығаратын сәуле жиілігі электрондардың айналу жиілігімен дәл келуге тиіс және осы негізгі жиілікке еселі жиіліктерде құрамында болуға тиіс. Сәуле спектрінің осындай сипаты атомдық спектрлерде байқалатын заңдылықтарға толық қарама-қайшы келеді. Сонымен, бір жағынан Резерфорд тәжірибелері атомның плане-тарлық моделін растайды. Екінші жағынан бірқатар тағайындалған эксперименттік деректер мен заңдылықтарды атомның планетарлық моделіне сүйеніп және классикалық физика көріністерін пайдаланып түсіндіру мүмкін болмайды.