қанағаттандырады деген қорытынды жасады; мұндағы m-тұрақты, серияны анықтайтын тұрақты мәнге ие сан, ал n cанының өзгерiсi (n=m+1, m 2,...) берiлген серияның барлық сызықтарын бередi; Т(m), Т(n)-спектрлiк термдер. Сутегi атомының (3) сериялық формуласымен салыстырудан спектрлiк термдердiң тиiсiнше мына қатынастарға
Т(m)=R/m2 және Т(n)=R/n2 (5)
тең болатындығы келiп шығады.
1908 ж. Ритц тәжiрибелiк деректердi қорыту нәтижесiнде комбинациялық принцип деп аталатын ереже ұсынды. Осы ережеге сәйкес, кез-келген атомның шығару спектрiндегi барлық сызықтарды спектрлiк термдердiң (4) комбинациясы түрінде өрнектеуге болады.
19. Бор постулаттары. Атомның Резерфорд ұсынған планетаралық моделінің мүлдем орнықсыздығын және сонымен бірге атомдық спектрлердегі таңғаларлық сериялық заңдылыққа,бұлардың дискреттілігіне сүйеніп Н.Бор 1913ж.кванттық физиканың екі маңызды постулатын тұжырымдауды қажет деп тапты.
1)Атом ұзақ уақыт бойы тек кейбір белгілі,стационарлық деп аталатын күйлерде бола алады;осы күйлер E1,E2,E3,…дискретті энергия мәндерімен сипатталады.Осы күйлерде атом,классикалық электродинамикаға қарамастан,жарық шығармайды.
2)Атом E2 энергиясы үлкенірек стационарлық күйден E1 энергиясы кішірек стационарлық күйге ауысқанда энергиясы ħw жарық квантын (фотонды) шығарады:
ħw= E2ˉ E1
Дәл осындай қатынас түсетін фотон атомды E1 төменгі энергетикалық деңгейден E2 жоғарырақ деңгейге ауыстыратын,ал фотонның өзі жойылатын,жұтылу жағдайында да орындалады.
ħw= E2ˉ E1 қатынас Бордың жиіліктер шарты деп аталады.Атомның жоғарырақ энергетикалық деңгейлерге ауысулары басқа атомдармен соқтығысуынан да бола алады.
Сонымен,атом бір стационарлық күйден басқасына секірмелі түрде ауысады,бұларды кванттық ауысулар деп атайды.
21. Сутегі атомының Бор ұсынған модульі
Н.Бор сутегі атомының бүкіл спектрін өте жақсы түсіндіретін және де атом құрылысының физикалық моделі негізіне алынған теория ұсынды. Бор моделіне сәйкес атомдағы электрондар ядроны орнықты дөңгелек орбилалар бойынша айналып жүреді. Осы орбиталарға екінші басқа орбитаға секіріп, электрондар энергияны қабылдап немесе жоғалта алады.
Достарыңызбен бөлісу: |