1. Электромагниттік сәуленің табиғаты және оның негізгі сипаттамалары, эмс спектрі Электромагниттiк сәуле спектрi


Шарты мөлшерлері атомдардың мөлшерлерімен шамалас аймақтарда қозғалатын массалары кіші бөлшектер үшін орындалады.Осындай бөлшектер микробөлшектер деп аталады



бет23/47
Дата11.12.2023
өлшемі6,59 Mb.
#137730
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47
Шарты мөлшерлері атомдардың мөлшерлерімен шамалас аймақтарда қозғалатын массалары кіші бөлшектер үшін орындалады.Осындай бөлшектер микробөлшектер деп аталады.
Кваттық механикада толқындық қасиетке ие бөлшектердің қозғалысын бейнелейді,және ол классикалық механикаға қарағанда ең жалпы физикалық теория болып табылады.Бірақта, λб≥L шарты орындалатын,бөлшектің толқындық қасиеттерін ескермеуге болатын жағдайда,кваттық механиканың қорытындылары классикалық механиканың нәтижелерімен дәл келуі тиіс.
Кванттық механиканың бірінші постулаты:бөлшектің күйі кваттық механикада кеңістіктік координаттар және уақыттың функциясы болып табылатын ψ толқындық функциямен бейнеленеді.
Микробөлшектердің күйін кез-келген уақыт мезетінде оның координаттары мен жылдамдығы бойынша берудің мүмкін еместігі және қозғалыстағы траекториямен бейнелеудің жарамауы микробөлшектің қозғалысын ықтималдық тәсілмен бейнелеуге алып келді.Осы жағдайда кванттық механикада бөлшек күйін бейнелегенде берілген уақыт мезетінде кеңістіктің әр түрлі нүктелерінде бөлшектің табылу ықтималдығын анықтау әдісін көрсету керек.
Корпускулалық-толқындық дуализмге сәйкес кванттық теорияда бөлшек күйі ψ(γ,t)-пси функциямен беріледі.Бұл комплекс функция және формальды түрде(сыртқы түрі бойынша)толқындық қасиеттерге ие.
Пси-функцияның физикалық мағынасын ұғыну жеке бөлшектердің толқындық қасиеттері болатындығы анықталғаннан кейін ғана мүмкін болды.Осы деректі(жеке бөлшектің толқындық қасиетін) М.Борнның идеясы бойынша(1926)тек былайша түсіндіруге болады.Кез келген микробөлшектің қозғалысы жеке алғанда ықтималдықтың үлестірілуі бөлшектердің жеткілікті көп санын тіркеу нәтижесінде білінеді.Сонда үлестірілу толқын интенсивтілігінің үлестірілуі қандай болса,дәл сондай болады:толқын интенсивтілігі үлкен болатын жерде бөлшектердің көп саны тіркеледі.
1926 ж. М.Борн кванттық механикадағы толқындық функцияның ықтималдық мағынасын былайша тұжырымдады:ψ(x,y,z,t) толқындық функцияның модулінің квадраты берілген t≥0 уақыт мезетінде кеңістіктің координаты x,y,z M=M (x,y,z) нүктесінде бөлшектің табылу ықтималдығының w тығыздығын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет