1. Ғылымға берілген анықтамаларды салыстырып, басты қағидаттарды кластерге түсіріңіз. Қымбат



бет10/54
Дата21.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#142123
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54
Қазақстан даму институты (ҚДИ) – Қазақстанның тұңғыш тәуелсіз ғылыми-талдау мекемесі. Институт ғылыми-талдау зерттеулері барысында: Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының маңызды мәселелері бойынша мониторинг, жедел талдау және сараптамалық бағалау жүргізу; Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне және Орталық Азияның аймақтық мәселелеріне баға беру; қоғамдық даму мәселелері бойынша іргелі, қолданбалы жобаларды іске асыру; аймақтық зерттеулер жасау; консалтингтік қызмет саласында: мақсатты саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға идеологиялық бағыт беру, имидж-жобалар әзірлеп, жүзеге асыру; халықаралық даму қорларының жобаларына қатысу; баспа қызметі саласында: энциклопедиялық сипатта басылымдар дайындап, жариялау; оқу-әдістемелік әдебиет шығару; білім беру бағытында: қоғамдық ғылымдар аясында, соның ішінде экономика саласы бойынша аспирантура мен докторантура негізінде ғылыми-талдау зерттеулерін жүргізетін мамандар даярлау жұмыстарын жүргізеді. (крч сөз байлықтарыңды іске қосып, бұндай мекемелер болу керек, пайдасы көп, берері көп деп аяқтаңдар)


12. Ғылыми зерттеулерді болжау. Акниет
Кез келген ғылымның мақсаты – бақыланып отырған және оның басқа ғылымның құбылыстармен байланыстылығын болжауға мүмкіндік беретін қорытындылау жасау. Ғылыми әдістің ең негізгі қағидаты – беделге көзсіз сенуге болмайды, яғни кез келген түсінікті немесе ұғымды қандайда бір беделді ғалым жақтайды деп жақтай беруге болмайды. Ғылыми зерттеудің мәні сұрақ қоюда және оған жауап іздеуде, бірақ бұл сұрақтар бақылаулар мен эксперименттер нәтижесінде туындаған сұрақтар болу керек. Ал олардың жауабы да жаңа бақылаулар немесе эксперименттер көмегімен тексеріле отырып алынған жауаптар болуы керек. Кез келген зерттеудің көзі нақты бақылау болып табылады.Осындай бақылаудың нәтижесінде ғалым гипотеза құрайды. Сонымен гипотеза ғылымының ең маңызды құрылымдық элементтерінің бірі. Гипотеза бақыланып отырған фактіге байланысты бір қатар құбылыстарға, олардың арасындағы байланыстарға және әртүрлі құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланысқа қатысты болжаулар болып табылады. Гипотезалар үнемі тексеріліп, нақтыланып отырады. Көптеген бақылаулардың нәтижесінде дәлелденген гипотеза теорияға айналады. Теория кез – келген құбылыстарды түсіндіруге арнайы ғылыми түрде қабылданған жалпы қағидат болып табылады. Жақсы теория дами келе қосымша фактілерге таралып, оларды да түсіндіруге мүмкіндік береді. Сонымен, гипотеза дегеніміз – зерттелуші құбылыстардың қасиеттері мен себептерін ашу үшін жасалған ғылыми жорамал немесе жорамалдар жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет