1 Ғылыми басылым Научное издание ҚР және тмд елдеріндегі ғылым



Pdf көрінісі
бет19/71
Дата05.02.2017
өлшемі6,31 Mb.
#3477
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   71

 

 

128 



 

мәселені  шешу  дағыдысының  қалыптасуына  септігін  тигіссе,  сыныпта  дарынды  және 

талантты балалардың санының артуына дәнекер болар еді.  

Төртіншіден:  сыныптағы  компьютер  мен  интерактивті  құралдар  санының  жеткілікті 

болмауы.  Оқушы  басына  шаққанда  екі  оқушыға  бір  компьютерден  келуінің  өзі  қазіргі 

жаһандану заманында кедергі  келтірері анық. Яғни, оқушы  сыныпта берілген  уақыт ішінде 

жеке-жеке  компьютермен  отырудың  орнынан  жұптасқан  түрде  отыруына  себеп  болады. 

Оқушының жеке жұмыс жасауы, берілген тақырыпты игеруі мен өздіген практикалық жұмыс 

жасауына кедергі келтіреді. Осы орайда, сынып толық компьютерлік техникамен қамтылса, 

деңгейлік, практикалық тапсырмаларды орындау мен уақытты тиімді жұмсауға септігі тиеді 

деп ойлаймын.  

 

Ал,  информатика  мен  оқушы  қабілетін  негізгі  фактор  ретінде  қарастырсақ  ,онда 



келесі кестеден көруге болар еді: 

                                                                                                                                      

 

 

 



Пәнді  оқушы  оқу  барысында  осы  негізгі  бағыттағы  барлық  қасиеттерді  игерсе 

информатика пәнінің барлық кезеңдерін қиындықсыз алып кетеді.  

Соңғы  жылдарда  пәнді  оқытуда  біршама  өзгерістер  енгізілді.  Оқушыларға  дайын  үлгідегі 

программалық жоспарлардың шығуы нәтижесінде теориялық білім алудан көрі практикалық 

белсенділіктері  артуда.  Себебі,  көптеген  ойын  элементтерінің  шығып,  оқушы  жастарды  өз 

қармағына  баулап  алып  отырады,  иллюзия  тудырады.  Ал,  сабақ  кезінде  олар  тіптен  бәріп 

біліп  тұрған  киіпте  болады.  Бір  жағынан  алып  қарасақ,  бұдан  практикалық  ойын 

элементттері  арқылы  игерген  ақпараттық  техника  болашақта  көптеген  кесірі  тигізері  анық. 

Өйткені,  ақпараттық  құралды  игеруде  теориялық  білім  болмаса,  баланың  болашақтағы 

алатын мамандығына кедергісін келтіруі әбден мүмкін. Яғни, бала ойын элменттерімен ғана 

жұмыс жасай алады.  

 

Осы  жағдайяттардың  барлығын  ескере  келе,  ұстаз  қауымына  қандай  әрекет  жасау 



керек?...Осы  бағытта    біріншіден    қажеттілік                қызығушылық              дәлелдер      

туғызуымыз кажет. Мұғалімнің барлық күш жігері осы бағытта жұмыс жүргізілуі тиіс. Пәнге 

деген  қызығушылық  бала  бойындағы  бірден-  бір  керек  қасиет,  осы  қасиетті  мұғалім  оята 

білсе, күнделікті жұмыс барысында пайдалана алса, ғана білімін жан  -    жақты меңгерген, 

пәнге деген қызығушылығы мол, оқушы шығады. Қиын да, ұзақ бағыттағы теориялық білім 

мен практиканы ұштастыра отырып ,жүргізген мұғалім еңбегі жеміссіз қалмасы анық. [4,5]   

Мұғалім  ұстаз  мамандығының  этникалық  және  моральдық  құндылықтарын  ұстанып, 

балаға  мейірім  мен  құрмет  көрсете  білетін  әділ  жан  бола  білгенде  ғана  шәкірт  сеніміне  ие 

болып, өзі де жасанды емес құрметке ие бола алады. Оқушы мен ұстаз арасындағы шынайы 

қарым-қатынас  орын  алғандықтан  өз  сабағымда  жоғары  нәтижеге  жетіп,  балалардың 

көтеріңкі көңіл-күйінің куәсі болғанына мақтанамын. 

Демек, Елбасымыз  «Болашақ еңбек етіп өмір сүретіндер  – бүгінгі мектеп оқушылары, 

мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе,  Қазақстан  сол  деңгейде  болады.  Сондықтан  ұстаздарға 

жүктелетін  міндет  ауыр»  деп  атап  көрсеткендей  ұстаз  алдына  жауапты  да,  қызықты  іс  пен 

міндет  тұр.  Ал  Елбасымыздың  көрсетіп  отырған  сара  жолын  ұстана  отырып,  өскелең 

ұрпағымыздың білім шыңына бағыттау – мен үшін әрі мақтаныш, әрі өмірлік ұстанымым. 

Бағдарлама  мақсаты  мен  міндеттерін  жүзеге  асыру  жолында  талай  шәкірттің  қанатын 

қатайтып қана қоймай, білім  әлемінде еркін самғауына жол аша аламын деп ойлаймын. 

     

Әдебиеттер: 

1.

 



«Информатика негіздері» ғылыми –әдістемелік журналы. 2011ж. №3 

2.

 



Е.А.Вьюшкова,  Н.В.Параскун,  Б.Қ.Әбенов.  Информатика 5 сынып оқулығы.  «Арман-ПВ»  

баспасы. 2013 жыл 

Негізгі 

бағыт 


Оқуға деген 

қызығушылық 

Пәнді игерудегі 

белсенділік 

Пәнді игерудегі 

шығармашылық 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

129 



 

3.

 



Мұғалімдерге арналған  нұсқаулық.  Үшінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым.  «Назарбаев 

Зияткерлік мектебі»  ДББҰ,  2012  жыл  

4.

 

Vygotsky, L.S.,(1978). Mind in Society. [Қоғамдағы сана]. (Cambridge, MA, Harvard University 



Press). 

5.

 



«Информатика негіздері» ғылыми –әдістемелік журналы. 2012ж. №5,6 

Аннотация 

 

В докладе учитель показывает многолетний опыт работы по решению рождающихся 



проблем в обучении основам информатики. Опыт может быть применен в практике учителей 

– предметников. 

 

                       



Сауел Мухамбетказиевна ЖАКСЫЛЫКОВА, 

«Балалар шығармашылық үйі» МКҚК, қосымша білім беру педагогы,  

Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасы 

 

Гулмира Едигеевна ЛУКПАНОВА, 

 «Балалар шығармашылық үйі» МКҚК, қосымша білім беру педагогы,  

Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасы 

 

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Түйін 

          Балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдарының  басқа  білім  беру  орындарынан 

айырмашылығы онда бала басқаша білім жолын басып өтеді. Мұнда балаға қосымша ақпарат 

беріп  қана  қойылмайды,  ең  бастысы  бала  шығармашылық  жұмыс  істеуге  тартылады.  Бала 

адамзат  еңбегінің,  білімінің  бірін  терең  игереді,  оған  дағдыланады,  өз  шеберлігіне 

масаттанады, педагогына сенеді. Ендігі басты міндет қосымша білім берудің ерекшеліктерін 

ескере  отырып  қосымша  білім  берудің  өз  нәтижесі  мен  оны  анықтаудың  өз  әдістемелерін 

жетілдіре, дамыта түсу қажет.  

 

           Бүгінгі  таңдағы  Қазақстанда  іске  асырылып  жатқан  реформалар  барлық  оқу  орындары 

мен әлеуметтік тәлім-тәрбие мекемелерінің тәрбие және білім беру мазмұнын жаңа сапалық 

тұрғыдан  дамуы  мен  жетілуін  өткір  проблемаға  айналдырып  отыр.  Өйткені  дамудағы 

нарықтық  қатынастарға  еркін  араласуға   дайын  бүгінгінің  және  болашақтың  адамдарын 

тұлғалық  интеллектуалдық  және  кәсіби  сапалық  жағынан  әлемдік  бәсекеге  қабілетті  етіп 

даярлап  шығару  әсіресе  осы  білім  мен  тәрбие  мазмұнының  сапасына  тікелей  байланысты. 

Тәлім-  тәрбие  қашанда  қоғам  дамуы  мен  жетілуінің  аса  маңызды  алғышарттары.  Осыған 

орай  қазіргі  Қазақстан  жағдайында  қысқа  тарихи  уақыт  аралығында  барлық  білім  беру 

жүйесінде  оң  өзгерістер  іске   асырылуда.  Оның  бірі  атап  айтқанда  қосымша  білім  беруге 

арналған, оның негізгі субъектісі болып саналатын мектептен тыс мекемелер қызметін жаңа 

сапада қайтада ұйымдастыру қолға алынуда.  

          Қосымша білім берудің мән  –мағанасының артуы оның балалар мен жасөспірімдердің 

қол бос жағдайында еріктілік негізде шығармашылық және танымдық мотивациясын дамыту 

дербес  талаптарын  қанағаттандыру,  өз  еркіне  сай  мақсатты  айналысуына  әсіресе  кәсіп 

таңдауына  жәрдемдесу,  сөйтіп  өмірге  бейімдеу,  салауатты  өмір  салтына  тарту,  сайып 

келгенде  бос  уақытты  мазмұнды  өткізуді  ұйымдастыруға  қажетті  жағдай  жасауында. 

Дәстүрлі  педагогика  ілімі  балаларға  қарым-қатынас  ортасы  мен  істің  кең  өрісі  арқылы 

жасалған  дамудың  әлеуметтік  жағдайын  қандай  да  бір  болмасын  аса  қызықты  деген 

сабақтың  өзімен   де  ауыстыру  мүмкін  еместігін  терістемейді.  Шындығында  да,  қосымша 

білім беру ұйымдары білімнің адам өмірі мен қоғамдағы рөлін балаларға түсіндіру арқылы 

олардың  білімге,  өнерге,  мәдениетке  деген  қызығушылығын,  ынтасын  оятып,  жеке 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

130 



 

қажеттіліктерін  қанағаттандырады.  Бұл  жағдайда  жұмыссубьект,  объектілер,  яғни  бала  мен 

қосымша білім беру мекемесінің өзара ынтымастығы мен шығармашылық  қарым-қатынасы 

арқылы іске асырылады. Мектептен тыс ұйымдағы жұмыс педагог пен оқушының ортақ іске 

деген  әуестігіне  негізделгендіктен,  бала  ортақ  іс-шараның  тұтынушысы  ғана  емес, 

жасаушысы  да  болып  табылады.  Осындай  ерекшелікке  сәйкес  мектептен  тыс  ұйымдарда 

(қосымша 

білім 


беру 

ұйымдары) 

жалпы 

білім 


беретін 

мектептерде 

кездесетін   детерминдендірушілікке  жол  берілмейді.  Сондықтанда  қосымша  білім  беру 

ұйымдарына  оқытушы-  педагогтарды  іріктеу  табиғи  сипатта  жүргізіледі,  яғни  оның  балаға 

деген сүйіспеншілігіне, тәрбие ісіне деген ынта- ықыласына баса назар аударылады. Ендеше, 

мұнан  қосымша  білім  беру  ұйымдарының  педагогикалық  әлеуметінің  айтарлықтай  жоғары 

болуы керек екендігі де  аңғарылады. 

     Қосымша білім беру ұйымдары қызметінің басты ерекшелігі мынада: 

 

Балалар  мен  жасөспірімдерді  өз  еркіне  қояды  және  мұнда  адамның  өзін-өзі  жан-жақты 



көрсетуіне толық мүмкіндік беріледі, сонымен қатар 

 



балалар білім алу бағытын, жүйесін, деңгейін және соңғы нәтижені өздері таңдайды. Бұл 

ерекшелік  қосымша  білім  беру  ұйымдарының  білім  беру  жүйесіндегі  шығармашылық 

қарым-қатынасты,  педагог  пен  баланың  немесе  педагогпен  қосымша  білім  беру 

ұйымдарының  бірлескен  іс-әрекетін  белсенді  және  қарқынды  жаңа  педагогикалық 

технологиялық  оқыту  әдістемесін  үнемі  үйлестіріп  отрудың  қажеттілік  екенін  айқын 

көрсетеді; 

 

Педагогпен  бірлесе  отырып  жасаған  шығарцмашылық  тапсырмаларды  шешу  білім  алу 



процесіндегі  психологиялық  құрылымды  өзгертеді  немесе  екі  жақтың  әрекеттесуі, 

қарым-  қатынас  жасуы,  барлық  қатысушылардың  бір-бірімен  тығыз байланысты  болуы 

әр баланың ішкі стимуляциясының  оянуына әкеледі; 

 



Балаларға қосымша білім беру мекемелерінің бағдарламасы білім беретін сонымен қатар 

қызметпен (іс-әрекетпен) қамтамасыз ететін және мекеменің дамуы болып екіге бөлінеді. 

      Қосымша  білім  беру  ұйымдарының  қазіргі  даму  жүйесі  барлық  білім  беретін 

мекемелердегі  педагогикалық  үрдістің  ұйымдастырылуы  мен  бағдарламаларының 

талаптарына  сай  келуі  үшін  олар  белгілі  бір  үлгіге  (стандартқа)  түсуді  қажет  етеді. 

Шындығында  да  білім беру  орындарының  басты  міндеті  оқушыларды  оқыту,  үйрету  болса 

және  олар  алдын-ала  белгіленген  нармативті  (типтік  оқу  бағдарламасы,  оқу  жоспары, 

күнтізбелік  және  сабақ  жоспары  т.с.с.)  тәртіп  бойынша  қанағаттандырылса,  қосымша  білім 

беру ұйымдары білімнің адам өмірі мен қоғамдағы орнын рөлін балаларға түсіндіру арқылы 

олардың  сол  білімге,  өнерге  т.б.  деген  қызығушылығын,  ынтасын  оятып  оларды  жеке 

тапсырыс  іске  асыру  амалдарымен  қанағаттандырды.  Бұл  жағдайдағы  педагогикалық 

процесс  объект-  субъектердің  өзара  ынтымақтастық  пен  шығармашылық  қарым-қатынас 

принципіне, яғни тұлғалық даму педагогикасы идеясына құрылады. 

        Қосымша  білім  беру  ұйымдары  өзі  қызмет  көрсететін  жердегі  тұрғындардың  мәдени-

ағарту  жұмыстарындағы  өзара  әркеттік  сипатын  ашуға  да  септігін  тизізеді.  Қосымша  білім 

беру  ұйымдарға  тән  өзіндік  ерекшеліктер  мұндағы  жұмыстарға  балалар  мен 

жасөспірімдердің өз еркі және талғамы бойынша қатысуын қамтамасыз ете алады. Мұндағы 

педагогикалық  әсерге  әртүрлі  кәсіп  және  жас  деңгейіндегі  адамдар  тобы  мүдделерінің 

бірлігінің  қалануы  мен  жұмыс  мазмұндарының  алуан  түрлілігін,  оның  формаларымен 

түрлерінің көптігін де жатқызуға болады. 

            Сонымен  елімізде  білім  беру  жүйесінде  болып  жатқан  оң  өзгерістер  қосымша  білім 

берудің,  оның  негізгі  субъектісі  мектептен  тыс  ұйымдар  қызметінің  өзектілігін  арттыра 

бермек. Өйткені қосымша білім беру ұйымдары жалпы білім беретін мектептермен, басқада 

білім беру орындарымен бірлесе біріңғай үздіксіз білім беру жүйесін құра отырып: 

 

балалар  мен  жасөспірімдерді  шығармашылық  белсенділікке,  өз  бетінше  білімін 



жетілдіруге ынталандыратын; 

 



білім мазмұнын белсенді және іскерлікпен меңгеруге үйрететін; 

ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

131 



 

 



балаға  өзіндік  өмірлік  тәжірибесін  талдап  қорытып,  оның  қалыптасқан  құндылық 

жүйелерімен ара қатынасын ажырата білуге үйрететін; 

 

өз ісіне баға беруге, сөйтіп өз мінез-құлқын қалыптастыруға үйрететін; 



 

жаңа ғылыми білімдерді және олардың айқын тенденцияларын ажырата білуге үйрететін; 



 

баланың  дамуы  мен  дербес  сана-  сезімінің  даму  эволюциясын  ескере  отырып,  білім 



берудің барлық түрлеріндегі мазмұн сабақтастығын сақтайтын мекеме ретінде бейімделу 

іс-бағыттары  бойынша  атқарылатын  жұмыстардың  жүйелі,  үздіксіз  жүргізілуін 

басшылыққа алады. 

        Қосымша  білім  беру  бағдарламасының  қазіргі  таңдағы  басым  түрі  (кейбір  деректерге 

қарағанда  70-80%)  практикалық  бағыттылық  сипат  алуымен  даралануда.  Мұндай  жағдай 

қосымша  білім  беру  ұйымдары  объектілері  әлеуметтік  –  мәдени  қызмет  пен 

құндылықтардың мехенизмін (тетігін) игерген тұлға, яғни жеке тұлға болуға қабілетті адам 

болып  қалыптаса  алатынын  көрсетеді.  Сонымен  бірге,  біз  балаларды  қосымша  білім  беру 

бағдарламасы  мен  тәрбиеленген  түлектің  жеткілікті  нәтижесі  ретінде  емес,  қазіргі  мектеп 

білімінің сапасын арттыруға қызмет жасайтын үлес деп қарауды да дұрыс деп есептейміз. 

        

Әдебиеттер: 

1.

 



Е.О.  Омар.  Қазақстандағы  мектептен  тыс  мекемелер:  Қалыптасуы  және  дамуы.- 

Алматы: Рауан, 2003, 297б. 

2.

 

Е.О.  Омар.  Қосымша  білім  беру  ұйымдары  тәрбие  жұмыстарының  негізі.  – 



Түркістан; 2004, 248б. 

3.

 



Үздіксіз тәрбиенің тұжырымдамасы. – Алматы РБК. 1998.-32б. 

4.

 



Дополнительное образование детей.-М.:Изд. Центр ВЛАДОС, 2006. 320с. 

5.

 



От внешкольной работы к дополнительному образованию детей,-М.: Просвешение, 

2003. 112с. 

 

Аннотация 

 

В  статье  рисматриваются  роль  и  место  организации  дополнительного  образования  в 



систете  непрерывного  образования.  Раскрываются  социально  –педагогическая  значимость 

учреждении  допольнителного  образования  в  организации  досуга  детей  и  подростков  в 

условиях  сбоводного времени.  

                       

 

Зейнегүл Қадірбекқызы ЖАНСҮГІР, 

№ 6 орта мектебі ММ, бастауыш сынып мұғалімі  

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы, Қазақстан Республикасы 

 

ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ  ҚАРҚЫНДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 

ЕНГІЗУ 

 

                                                         Түйін 



 «Оқыту үрдісінде қазіргі заманғы қарқынды технологияларды енгізу» педагогикалық 

идеясы, қазіргі заман талабына сай инновациялық мәселелердің бірі. Оқытудың жаңа үлгісі – 



кіріктіріліп оқыту идеясы жан- жақты ғылыми зерттеулермен дәлелденіп, айғақталған.  

Кіріктіру – ХХІ ғасыр талабы. Кіріктіру – бұл бір оқу мазмұнының  әр түрлі саладағы 

жан-жақты    білімдермен  тоғысуы,  бір-бірімен  араласып  кетуі.  Кіріктірілген  сабақтар 

оқушыға  әлем  туралы,  заттар  мен  құбылыстардың  өзара  байланыстары  туралы  біртұтас 

мағлұмат  береді,  олар  құрылысы  бойынша  белгілі  қалыпқа  сыймайды,  сондай-ақ,  оқу 

сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. 

Болашақта  кіріктіріп оқыту идеясының көкейтестілігін   « Заманауи сабақты дамыту 

ресурстары:  интерактивті    технологиялар  мен  пәндерді  кіріктіру»  тақырыбында 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

132 



 

эксперименттік  алаңын    ашып,  Зияткерлік  мектептердің    Кіріктірілген  білім  беру 

бағдарламасын басшылыққа ала отырып, заманауи әдістерді пайдаланып,  дәлелдесем деген   

педагогикалық идеясы  жаңашылдық жобаға сұранып тұрғаны сөзсіз.  

 «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, 

 

   ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың 



қолында»                                                                                                                                 Н.Ә. 

Назарбаев 

 

Елбасымыз  Н.  Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  жолдауында  «Ұлттық 



бәсекелестік  қабілеті  бірінші  кезекте  оның  білімдік  деңгейімен  айқындалады»  деп 

айтылған.Егемендік  алған  тәуелсіз  Қазақстанның  әлемдік  өркениетке  жетудегі  бірден-бір 

дара жолы- білім жүйесі.  Орта мектеп-  білім  жүйесінің ең  басты  буыны.  Орта мектепте 

қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады. Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің 

бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында 

ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен  еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі 

өз  орны,    ең  алдымен  білім  мен  тәрбиенің  бастауы  –  ұстаз  қолында. 

           Сонымен  бірге  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Болашақта  еңбек  етіп,  өмір 



сүретіндер-бүгінгі  мектеп  оқушылары,  мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе  Қазақстан  сол 

деңгейде  болады.  Сондықтан  ұстазға  жүктелетін  міндет  ауыр»    деген  болатын.    Қазіргі 

заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес,  тарихи танымдық, педагогикалық - 

психологиялық  сауаттылық,    саяси  экономикалық  білімділік  және  ақпараттық  сауаттылық 

талап  етілуде.    Ол  заман  талабына  сай  білім  беруде  жаңалыққа  жаны  құмар 

шығармашылықпен жұмыс істеп,  оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын 

шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты 

саналады.  

             Қазіргі  мектеп  оқушыларының  логикалық  ойлау  қабілеті,  өздігінен  іздену  деңгейі 

төмен.  Оқушылар  тек  қана  тыңдаушының  рөлін  ғана  емес,    ізденушінің  рөлін  де  атқару 

қажет. 


 

Оқушылардың 

 

білуге 


деген 

 

қызығуын 



 

арттыру 


 

үшін: 


оқушылардың 

өздерінің 

ізденістерін 

ұйымдастыру 

қажет; 


өткен 


сабақ 

пен 


жаңа 

сабақты 


байланыстырыпотыру 

қажет; 


- оқушылардың білімі мен білігін тексергенде әр түрлі жұмыс формаларын пайдалану керек; 

сабақта 



жаңа 

әдістермен 

белсенді 

сабақ 


түрлерін 

пайдаланған 

жөн. 

             Жалпыға  жаппай  орта  білім  беру  кезеңінде  мұғалім  оқушылардың  бәрін  бірдей 



жақсы оқытуға міндетті.  Сондықтан қазіргі кезде мектептерде жаңаша оқытуға көшу жүйесі 

жасалынды,    пән  мұғалімдерінің  алдында  тұрған  жауапты  міндет-  оқушылардың  білім 

деңгейлерін 

барынша 


жетілдіру. 

             Оқушылардың  білім  деңгейлерін  төмендігі  -  олардың  қабілетінің  жоқтығынан  емес,  

өз  беттерімен  жүйелі  түрде  білім  алуға  дағдыланбаудан,  жүйелі  еңбектің  жоқтығынан. 

Сондықтан  әр  мұғалімнің  мақсаты  -  оқушылардың  алған  білімін  қолдана  білуге  үйрету.  

Олардың  жеке  тұлға  ретінде  дамуына  жағдай  жасау,  өз  бетінше  білімді  меңгерту, 

оқушылардың  біртұтас  өмірге  деген  көзқарасын  қалыптастыру  және  интеллектуалдық  іс-

әрекеттерге  әзірлеуде,  білім  берудің  инновациялық  әдістерін  қолданудың  маңызы  зор. 

 

            В.А. Сухомлинский "Сабақ -  бұл мұғалімнің жалпы және педагогикалық  мәдениеті,  



оның  интеллектуалдық байлығының өлшемі,  оның ой-өрісінің көрсеткіші» яғни, сабақ сан 

қырлы  болған    жағдайда    ғана  оқушылар  үшін,    мұғалімдер  үшін  де  қызықты  болады. 

Заманауи сабақты дайындау және өткізу үшін  бізге кіріктіру көмек береді.  

           Р.  Декарттың  «Барлық   ғылымдардың  байланыстылығы  сондай,олардың  бәрін  бірден 



оқыту  –  олардың  біреуін  басқасынан  бөліп  оқытудан  оңай» деген  пікірін  еске  алсақ, 

пәнаралық  байланыс  білім  берудің  кіріктірілген  технологиясының  құрамына  енеді.  Оның 

ұғымының ауқымы кең. 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

133 



 

              Философиялық  –  педагогикалық  ұстаным  жағынан  бұл  технология  –  жеке  тұлғаның 

ойлау  дәрежесі  мен  бүкіл  адамзат  қауымы  санасының  сан  ғасырлық  даму  дәрежесін  ретке 

келтіруші, үйлестіруші қозғаушы күш. 

    

Кіріктіру  ұстанымының  басты  қағидасы  –  ғылыми-жаратылыстану  және  қоғамдық 



гуманитарлық  білімдерді  жеке  білім  аймағында  шартты  түрде  қарастыра  отырып, 

оқушыларға әлемнің біртұтастығы жайлы ғылыми-синтездік білім беру болып табылады. 

Бүгінгі жапппай қолданылып жүрген жаңа технологияның өзі кіріктірілген болып саналады. 

Қазіргі педагогикалық технологияда пәнаралық байланыс кіріктірілген білім берудің моделі 

болып  саналады.  Пәнаралық  байланыс  оқытудың  кешенді  жүйесін  құрай  отырып,  әртүрлі 

білім  салаларының  ортақ  тақырыптарын,  кейде  ортақ  элемент,  бөлім,  дәйек,  теория,  ұғым 

заңдарды біріктіріп, құрылымдық және ғылыми-мазмұнды блоктар жасайды.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Оқытудың жаңа технологиясы 



—  оқытудың  тиімді  әдіс  —  тәсілдерін  қолдануды,  оқытудың  әр  түрлі  әдістері  мен 

формаларын  біріктіруді,  оқу  материалын  тиімді  пайдалануды,  оқудың  сапасына  білім  мен 

біліктілікті 

жүйелеуді 

жүзеге 

асырады. 



Оқытудың  жаңа  педагогикалық  технологиясы  —  оқытуды  ізгілендіру,  өзін-өзі  дамытып, 

тәрбиелей  білетін,  заман  ағымына  ілесе  алатын  кәсіби,  білікті,  жан-жақты  жеке  тұлға 

қалыптастыруды  мақсат  етеді.  Оқушылардың  кәсіби  білім  сапасын  арттырумен  бірге  өз 

қабілетіне  қарап,  өзін-өзі  дамыта  отырып,  өзіне  сын  көзбен  қарауға  мүмкіндік  береді. 

Танымдық  белсенділігін  арттырып,  шығармашылық  қабілетін  дамытады.  Қазіргі  таңда 

Зияткерлік мектептердің білім беру бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің 

ең үздік үлгілерін кіріктіруді көздейді 

  Оқу пәндерінің бірігуі төмендегі шарттарға байланысты: 

-         зерттеу нысандарына сәйкес келуі немесе өзара жақын болуы; 

-         кіріктірілген оқу пәндерінде зерттеу әдістерінің бірегейлігі немесе ұқсастығы; 

-         кіріктірілген оқу пәндерінің жалпы заңдылық, жалпы теориялық тұжырым негізінде 

құрылуы. 

Осы  арқылы  бір  дидактикалық  мақсатқа  негізделген  оқу  бағдарламаларын  жасауға 

болады.  Пәнаралық  байланыс  құрамдық  функционалдық  талдау  әдісіне  сүйенеді,  ол  әдіс 

белгілі  бір  құбылысты  тұтастай  құрылымдық-бөлшектеу  арқылы  зерттейді,  осы  арқылы 

әрбір элементтің функционалды арнаулы қызметі қарастырылады және кіріктіріліп отырған 

екі  (одан  көп)  пәннің  құрылымдық  элементтері  анықталады  (мөлшері,  тақырыбы,  бөлімі, 

дәйегі, ұғымы, заңы, теориясы) т.б. Нәтижесінде жалпы білім беретін пәндердің матрицасы 

қүрылады. Әрбір пән оқушыға қажет білім, білік, дағды қалыптастырса да, оқушы жеке тұлға 

ретінде  өзін-өзі  танытуда.  өз  мақсатына  жету  жолында  жалпы  өмір  тәжірибесінде 

жинақталған  әмбебап  білім,  білік  пен  дағдыға  сүйенеді.  Бұл  жалпы  құзіреттілікке  алып 

келеді.  Жүргізілген  сараптамалар  нәтижесі  гимназиялардың  оқу  жоспарының  48  пайызы 

танымдық – ақпараттық құзырлылықты қалыптастыратынын көрсеткен. 

    

Пәнаралық  байланыс  пен  оқушы  бойында  жалпы  құзіреттілікті  қалыптастыруда 



тікелей  байланыс  бар.  Оқу  бағдарламаларында  әр  пәннің  қалыптастыратын  білім,  білік, 

дағды  мөлшері  жеке  анықталса  да,  тұлғаның  өмір  сүру  аймағында  олар  өзара  байланысты 

құзіреттілікке  ие  болады.  Өйткені  оқушы  өмірлік  мәселелермен  кездескенде,  әрбір  пәннен 

алған  білімін  саралап  жатпай,  бойындағы  интегративті  білімнің  кең,  жалпы  әлуеті  мен 

дағдысын пайдаланады. 

   


Ұлы  Абайдың «Естіген  нәрсені  ұмытпастыққа  төрт  түрлі  себеп  бар:  әуелі  – 

көкірегі  байлаулы  берік  болуы  керек;  екінші  сол  нәрсені  естігенде  я  көргенде  ғибрәтләну 

(үлгі)  керек,  көңілденіп,  тұшынып,  ынтамен  ұғу  керек;  төртінші  ой-кеселді  нәрселерден 

қашық  болу  керек» деген  пікірінде оқушының  жалпы  құзіреттілігін  қалыптастыру  мәселесі 

жатыр.   Яғни  оқушы  ақыл  (таным)  арқылы  ғылымды  игереді.  Ғылымды  игеру  үшін  ол  тек 

қабылдаушы  ғана  емес,  өзінің  танымдық  қызметін  ретке  келтіруші,  танымдық  үрдістің  өн 

бойында және оның нәтижесінде рефлексия жасаушы дәрежесіне көтеріледі. 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет