140
болса,екінші мақсат-өз білімі деңгейінде ойын айтқызып, мәтіндегі оқиға жайлы білуге
ұмтылдыру.Бұл жұмысты бүкіл сынып болып немесе жұптасып талқылауға болады. Мәтінді
оқығаннан соң оқушы ұғымын тексеруге арналған “шын ба”, “жалған ба” жаттығуы беріледі.
“Не ойлайсың”, “Досыңмен сөйлес” жаттығуларының мақсаты сөздерді сөздерді
қайталау,еркін, дұрыс қолдануға үйрету.Ал жоғарғы буында оқушылар мәтінді оқығаннан
не тыңдағаннан кейін оның мазмұны туралы өз пікірлерін білдіре алады. Сонымен бірге
ауызша әңгімелесу қажетті ақпараттарды жазбаша түрде белгілеумен ұштасып жатады.Біздің
оқулықта берілген мәтіндер әр түрлі қызмет атқаратын жанрлар:олар өлеңдер
үйреніп,отырған елдердегі құрбы құрдас хаттары,газет-мақалалары,көркем әдебиет
үзінділері,сұхбаттар,елтану сипатындағы басылымдар,ертегі,мысалдар.
ә) Жазуға үйретуде сөздік және грамматикалық материалдарды оқу барысында
қалыптасқан орфографиялық дағдыларды бекітіп,одан әрі дамыту бағытында іске
асырылады.Бұған орфографиялық ойындар (сөзжұмбақтар, сөз құрастыру,қалып кеткен
сөзді немесе әріпті табу,сөздік диктант жазу)оқушыларға көп көмек береді.
б)Оқу процессінде ойын ойнау да аса маңызды.Оқушыларды рөлге бөліп ойнату олар үшін
пайдалы, себебі өз білімін күнделікті өмірдегі нақты ситуацияларға қолдана білуге
төселдіреді.Оқушы еркін де тез және ұтымды сөйлеуге үйренеді. Бірте-бірте ағылшын
тілінде ойлау қабілеті арта түседі.Ойын кезінде бұрыңғы өтілген сөздер мен сөз тіркестер
және грамматикалық материалдар қайталанады. Ойынды ағылшын тілі сабағында барлық
кезеңдерде жүргізуге болады, бірақ жоғары сыныптарда берілетін тілдік материалының
мазмұны мен тапсырмаларының түрі білім дамытуға,ойландыруға сәйкестендіруге,
жағдайларды салыстыруға көңіл аударылады,сондықтан ойын әдіс аса қолданылмайды .
Ойынның негізгі мақсаты-сөздерді,сөлемдерді ағылшын тілінде дұрыс айтқызып,
балалардың тілдерін жаттықтыру. Оқушыларға фонетикалық, лексикалық, грамматикалық
білім беруге көмектеседі.Тілдік ойындарды ағылшын тілінде бірнеше топқа бөлуге болады.
Фонетикалық ойындар:олар фонетикалық есту дағдыларын қалыптастырады. Алфавитпен
жұмыс істеуге арналған ойындар дыбыс және әріп қатынасын қалыптастырады. “Кім бірінші
” ойыны айтылып жатқан әріптерді оқушылар жылдам тізіп жазып отырады.Немесе “біріңғай
үлкен әріптерді жаз”, “біріңғай кішкетай әріптерді жаз” тапсырмаларымен“сөз құрастыру”
ұзын сөз әріптерінен басқа да сөздер құрастыру болады.
Логикалық ойындар:оқушының логикалық дағдыларын қалыптастырады. Мысалы: “сандар”
ойынын
алайық.Бұл
ойын
балалардың
сан
есім
туралы
білімін
тексеруге
арналған.Оқушылар 2топқа бөлінеді.Тақтаның оң және сол жағына бірдей сандар
жазылады.Оқушылар сол сандарды тез тауып сызып отырады.Тапсырманы бірінші
орындаған топ жеңіске жетеді. “Бинго”ойынын өткізу оқушылардың сөздік қорын
тексереді.Өткен тақырып бойынша оқушылар сөздерді тізіп жазып отырады. Мұғалім
барлық сөздерді атамай қажетті сөздерді айта бастайды. Мұғалім атаған сөздер
оқушылардың дәптерінде неғұрлым көп болса солар жақсы баға алады.
Грамматикалық ойындар:көбінесе етістіктердің ауызша сөйлеуге автоматтандырады.
“Қимылдарды-көрсету”,”ақырыпқа сай өлең ішінен етістіктерді табу” т.б.
Диалог,монолог жүйесіндегі ойындар:бұл ойындар сұрақ-жауап түріндегі жұмыстарды
белсендіреді. в) Мәдениеттілік тәрбие арттыру және шетел тілін жеңілдете үйрету
мақсатында музыкамен ән айту немесе жай ғана өлең айту зор ықпалын тигізеді.Тілдік
материалдарды тез қабылдауға,есте сақтауына және белсенділікті арттыруға өлең септігін
тигізеді.Әдістемелік мақсатқа қарай ән айту мынадай шарттарда қолданыларды:
1)
сабақтың бастапқы кезеңінде фонетикалық жаттығуларда.
2)
жаңа тақырып енгізгенде немесе грамматикалық,лексикалық тақырыпты түсіндіргенде
жаттықтыру үшін
3)
тілдік материалды дамыту үшін,сабақтың кез келген кезеңінде және қызығушылығын
арттыру үшін.
4)
сабақтың ортасында немесе соңында оқушыларды демалдыру үшін пайдаланады.
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
141
Сондай-ақ мәнерлеп өлең оқу, жаңылтпаш айту, мақал-мәтел, сөзжұмбақ шешу ағылшын
тілін үйретуде қызығушылығын арттырады.
Белгілі бір тәсіл болмаса,оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде қажетті нәтижеге
жету,оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту мүмкін емес. Сондықтан да,шетел тілінде
инновациялық технологияларды оқытудың мақсаттары да әр алуан.Мұғалім мен оқушы
белгілі нәтижеге жету үшін жүйелі жұмыс атқарса ғана оқыту мен тәрбиелеу әдісінде
инновациялық технологиялар өз нәтижесін береді.Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы
балалардың тілін дамытып, тілді меңгертуге мүмкіншілік жасау.Деңгейлік тапсырмалардың
ауқымы кең,олар:тілдік ,грамматикалық,лексикалық жұмыстар,пысықтау жұмыстары,тестік
сұрақтар,іскерлік ойындар, кроссворд шешу.
Шетел тілінде инновациялық технологияларды оқытудың бірнеше мақсаттары:
1) балалар бі-біріне талап қояды.
2) пәнге деген қызығушылық артады.
3) тіл үйренушінің тілге деген бейімділігінің артқанын көрсетеді.
Қазіргі кезде ағылшын тілін оқытудың бірнеше инновациялық технологиялары
бар.Оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған бұл технологияларды ағылшын
тілі тәні сабақтарында қолдану өте ыңғайлы.Aғылшын тілі сабағында келесі
технологияларды қолдану көп септігін тигізеді:
1.дамыта оқыту технологиясы.
2.ойын технологиясы.
3.сын тұрғысынан оқыту технологиясы
4.түрлендіру технологиясы.
Айтылған әрбір жаңа технология өзінің жаңа әдістерімен ерекшеленеді. Айтылған әрбір
жаңа технология өзінің жаңа әдістерімен ерекшеленеді.
«Елдің
келешегі-ұстаздың
қолында»демекші
жас
ұрпақтың
болашағы-біздердің
қолымызда.Жан-жақты,саналы ұрпақты тәрбиелеу болашақ педагогтерге де қатысты..Абай
атамыз айтқандай «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» деп 12жылдық білім жүйесі
ұстаздың
бойында
табылатын
зор
талап,
жалықпастан
үйрету,
іскерлік,
жауапкершілік,білімділік деген қасиеттер тек ұстаздың бойында ғана емес,шәкірттеріміздің
бойында да табылатын болады.
Әдебиеттер:
1.
«Шет тілін оқыту әдістемесі» Амандыкова Г.Н.
2.
«Шет тілін оқыту әдістемесі» Г.Рогова
3.
«Мектептегі шет тілі» № 8.2010ж
4.
«Ағылшын тілі мектепте» №4. 2012ж
5.
Ағылшын тілі мектепте» №9. 2013ж
Аннотация
Эта статья рассматривает цели, которые рассматриваются при преподавании на уроках
английского языка. В том числе эти цели достигаются через фонетические,грамматические
упражнения, также через игры, монологическую и диалоговую речь. В обучении
английскому языку цели достигаются с помощью инновационных методов и приёмов.
Айнур Бактияровна ЖУНУСОВА,
«Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ
география пәнінің бірінші санатты мұғалімі, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
Қазақстан Республикасы
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
142
ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕ СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП ЖОҒАРЫ
ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ЖЕЛІЛЕРІН
ДАМЫТУ
«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының
білімімен өлшенеді»
Н.Ә.Назарбаев
Түйін
Қазақстан үшін білім мазмұнын жаңарту мен ақпараттық өркениеттің талаптарына сай
етіп лайықтап, жаңа педагогикалық технология мен инновациалық қызметтің әлемдік
деңгейін қамтамассыз ете отырып, оны қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарымен
үйлестіре отырып, заманауи қоғаммен бірге заманға сай білім бере отырып, тәрбиелейтін
ұлттық білім жүйесін құру-бүгінгі күннен өзекті мәселесі.
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстан
2030»
стратегиясында көрініс тапқан әлеуметтік секторда құрамдас үш мәселеге-халықтың
денсаулығына, жоғары білім деңгейіне және ұлттық рухани-адамгершілік мәселелеріне
Қазақстан халқының назарын аударады.
Алға қойылған зияткерлік реформа-келешектің біртұтас ұлты-Қазақстанды одан әрі
дамытудың ұлы негізі, қоғамды «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы төңірегінде топтастыру әдісі.
Елдің өркендеуі мен тәуелсіздігі, азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, қоғамдық келcімі мен
ұлттық бірлік, әділдік, заңның басымдығы, отбасы және дәстүрлер-бұл құндылықтардың бәрі
мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің тұғырлы іргетасы екені сөзсіз.
Әр елдің білім беру және тәрбие саласында өзіндік ерекшелігі мен артықшылығы, тіпті
кемшілігі де болады, қателіктер болып барып, кемшіліктер түзеледі. Осы себепте де біз
Қазақстан республикасындағы оқушыға білім беру мен тәрбиені жан-жақты дамыту
мақсатында шетелдік 12 жылдық білім берудің тек оң және тиімді жақтарын алуымыз қажет.
Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы саясеткерлер мен мұғалімдер үшін ең
маңызды болып отырғаны-«XXI ғасырдың оқушыларын қалай дайындаймыз, қалай
оқытамыз?» деген қазіргі таңдағы мәселе. Алған білімдерін орынды жерде, келешекте
қолдана білу басты назар аудару мәселесі болып отыр. Қазіргі жаңа технологияларды
меңгеру үшін ең басты қажет құрал-тәрбие мен білім. Алған білімдерді шешімдер мен іс-
әрекет таңдауда тұлғаның дамыту қажеттіліктеріне сәйкес келмейді. ОЖСБ (Оқу
жетістіктерін сырттай бақылау) әсіресе ҰБТ-де өз білімдерін дәлелдей алмай жатады.
Халықаралық PISA, TIMSS зерттеулері де нәтижесіз көрсеткіштер көрсетіп отыр.
Мысалы: АҚШ пен Францияда балаларды мектепке дейінгі дайындау тәжірибесінде,
Германиядағы бейіндік оқытуда пәндерді блоктарға біріктіру мақсатында, Қытайдың мектеп
оқушыларын адамгершілікке, әлеуметтендірілуге көп көңіл және ғылыми жұмыс әдістеріне
баулуына назар аударған.
XX ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақын
Мағжан Жұмабаев «Тәрбиедегі мақсат-баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес,
келешек өз заманына лайық қылып шығару» деп айтқан.
XXI ғасыр заман басқа, болса да ақын оқушыны әр заман талабына сай етіп тәрбиелеу
керектігін жеткізген. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, үнемі өзгеріп
отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Бұған жету
үшін басқаруды дамытуға бағытталған жаңа модельдерді, технологияларды көп қолданған
жөн. Үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды
міндеттейді.
Дамудың жаңа сатысына бет алған мектептің ең негізгі өзегі-мұғалімнің жеке басының
ізденпаздылығы мен білімділігіне көп жағдай тәуелді.
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
143
Қазіргі әлем әдебиетінің XXIғ. ұсынған құндылықтары: Адам құқықтары, демократия,
азаматтық қоғам, толеранттылық, орнықты даму және т.б. мәдени сабақтастыққа негізделген
Жапония, Оңтүстік Корея, Кувейт, Бразилия елдерінің әлеуметтік тарихы тәжірибесі
дәстүрлі құндылықтармен заман талабына сай мәдени жаңашылдықтарды үйлесімді
біріктірудің өркениеттілікке жету жолының мүмкіндігін көрсетеді. Қазақ халқының да
мыңжылдық көшіне қосатын мәдени құндылықтар жетістіктері жеткілікті.
Жапон елінің бала тәрбиесі қазақ елінің ұлттық бала тәрбиесімен жақсы салыстыруға
болады. Тіпті, ұқсастық бар деп те айтуға болады.
Жапон елінің білім жүйесінің ерекшелігіне тоқталып көрсек. Жапон елінде балалар
қиындықтарды өздері шешеді. Олардың бар қиындықтары оқуда ғана, сондықтан олар
емтихан тапсыру арқылы өзінің орнын аныктайды. Барлық білім бөлімдерінің мақсаты-
өскелең ұрпағына дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын үйрету. Ол елде мектепке дейінгі
білімге көп көңіл бөледі, кіші жастағы балаларда қарым-қатынас дағдысын қалыптастырады,
ұжымдыққа баулитын құндылықтарын үйрету. Балаларға отбасының тәрбиесі өте маңызды,
әр ата-ананың өмірдегі мәні балалардың тәрбиелі болуына байланысты. Осы жерде біздің
білім беретін мекемелеріміз отбасындағы ата-ана тәрбиесі оның ішінде әке тәрбиесіне көп
көңіл бөлуі қажет. Ата-аналар қазіргі таңда балаларын мектепке жүктеп қойған сияқты.
Жақында осы мақсатта Жезқазған қаласының Қаныш Имантайұлы Сәтпаев атындағы №7
мектеп-лицейнде «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында негізделген
«Тәрбиенің құндылықты моделі» ұсынылды. Әр сыныптардың ата-аналары тәрбие
сағаттарына, семинар тренингтерге міндетті түрде қатысты. Іс шараға жаппай барлық ата-
аналар жоғары деңгейде дайындықпен қелген. Келесі күні «Әкелер слёты» өтті. Барлық
мектептің әкелері әр түрлі ұлттық іс-шараға қатысты. Атап айтсақ, «Адамгершілік рухани-
тәрбие», «Отбасы тәрбиесі», «Ұлттық тәрбие» 12 бағыттың негізгі өзекті мәселесі қатар
алынып, қарастырылды. Себебі қазіргі таңда әрбір тұлғаға осы бағыттар міндетті түрде
қажет. Ал, әрбір ата-ана функционалды-сауатты болуға міндетті. Біздің халқымыз өз
ұрпақтарына ғасырдан-ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрлермен, өнегелі әдет-ғұрыппен,
үлгілі жөн жосықпен, әдепті ырым, тиммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсіріп
отыр. Жалпы әр ұлттың өсіп, жетіліп келе жатқан жеткіншек ұл-қыздарының өз елінің тілін,
ділін, әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын, мәдениетін жете меңгерулеріне де бірден-бір
атсалысатындар да осы күнгі ұстаздар мен тәлімгерлер. Елбасы «Өмір бойы білім алу, әрбір
адамзаттың жеке кредосына айналуы тиіс» деп айтқандай ол әрбір ата-ана білімді, тәрбиелі,
мәдениетті болған жағдай ғана біздің мемлекетіміздің бас қатырып отырған білім мәселесіне
қосқан үлесі болар еді.
Заманауи әлемдегі ең дамыған елдердің бірі-АҚШ-ы –өз Отанына деген махабатты
тәрбиелеу мәселесі мемлекеттің белгілерін және нышандарын оқытудан басталады. Кейбір
дәстүрлі тәрбие жүйелері алуан түрлі: Египет, Иран, Кувейт, еуропалық-Англия, Аустрия,
Финляндия, азия елдерінің Жапония, Корея, Индия американдық-олардың барлығы дамудың
күшті жақтарымен қатар, әлсіз жақтары да тән. Өзіміздің басты құндылығымыз-ұлттық
тәрбие мектепте, балабақшада, отбасында, университет, колледждерде біліммен бірге етене
жүруі қажет.
Сөйтіп Жапон елінің тағы бір ерекшілігі қыз балаға болашақ ана ретінде қарап, ерекше
көзқараспен тәрбиесіне көңіл бөледі екен, қазақ халқы да қыз балаға қонақ деп қарап ерекше
құрмет көрсетеді.
Әлемдегі білім беру жүйесі ең үздіктердің қатарына Финляндия енеді. Олар оқу-тәрбие
үрдісіне қандай технологияларды қолданады? PISA, TIMSS зерттеулерінің қорытындысы
бойынша білім жүйесін бірінші орынға қойған. Елдің білім беру жүйесі реформа дұрыс
құрылған-білімнің табысты болуына, баланың қоғамға сай бейімделуіне ықпал жасайды.
Бүкіл қоғам болып бала тәрбиесіне балабақшадан бастап дайындайды. Оқушылардың
оқудағы қиындықтарды барлық деңгейде жеңе білуі оқудағы проблемаларға ерекше көңіл
аудартады. Мақсатқа жету қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы қадағаланады.
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
144
Бұл елдің білім жүйесінің біздің елмен ұқсастығы, баланың балабақшадан, оқушыға,
мұғалімге және мектепке сенім деген принциппен жұмыс істейтіндігі. Елбасы халыққа
жолдауында дамыған елдердің қатарына ену үшін біріншіден, білім қажет екенін атап
көрсетті. Қазақстан бәсекеге қабылетті елдердің қатарына ену үшін, білімді ұрпақ қажет.
Осы өзекті мәселені шешу-мемлекетіміздің басты мәндеті-12 жылдық білім беру жүйесіне
көшу және әлемдік білім беру кеңәстәгәне ену болып табылады.Басты мәселе-үш тілді білім
беру. Ағылшын тілінде бүгінде бүкіл әлемде 1 жарым миллиардттаған адамзат баласы еркін
сөйлейді. Қазақ елінің алдына Латвия, Литва, Украина тіпті.Ресей де шығып кетіпті. Әрине,
бұл елдер еуропа елдерімен шектесіп жатқына да ағылшын тілінің тез таралуына ықпал етсе
керек. Эстония елі де үш тілде-эстон, орыс, ағылшын тілінде еркін сөйлейді. Бірін-бірі
түсінетін ортақ ақпараттық кеңістік құру. Яғни, үш тұғырлы тілдің басты мақсаты да сол –
қоғамның барлық қауымын біріктіру. Бүгінде «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясы қоғамымыздағы
ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім негіздерінде құрылған.
Ең үздік білім беру жүйесіне мынандай елдерді атап айтсақ:
Финляндия, Оңтүстік Корея, Гонконг, Жапония, Сингапур, Ұлыбритания, Нидерланды,
Жаңа Зландия, Швейцария, Канада, Ирландия, Дания, Австралия, Польша, Германия, Белгия,
АҚШ, Венгрия, Словакия, Ресей. Бұл елдердің оқытушылары да жоғары дәрежелі екен.
Ал, Сингапур елін алайық. Бүгінгі уақытта Сингапурда он жылдық білім жүйесі, алты
жастан бастап, ағылшын тілінде. Бұл ел білім жүйесін аз уақыт ішінде табысқа қалай жетті?
Соңғы 45 жыл ішінде құрылып, білім жүйесі жоғары нәтижеге жеткен. Әлемге танылды. Ел
Малайзиямен тығыз байланыста. Негізі өндіріс саласы кеме жасау және жөндеумен
айналысқан. Бұл ел 45 жыл бұрын не білім жүйесі, не әскери армиясы, не флоты, тіпті елін
дамытуға ресурстары да болмаған. Әлемдік белсенді сауда жолдарының қиылысында сәтті
орналасуын және капиталды ресурстарын ғана арқау еткен. Тәуелсіздік алған соң, мемлекет
даму жолдарын іздестіріп, жан-жаққа зер салып анықтай бастады. Шетелдік инвесторлармен
жұмыс істеп, экспорттауға бағытталып, үкімет интеллектуалды модернизация жолын алға
қойды. Екі елдің де өзіндік ерекшелігі байқалады. Сонымен қатар, білім саласына өзгерістер
енгізу барысында елдің тарихи дәстүріне, мақсатына, өндірісі мен мәдениет сұранысына
бейімдеу қажет. Оқушыларға әлеуметтік-экономикалық тәлім-тәрбие беру, соған лайықты
жаңа тұрпатты ұстаздар даярлау қажет.
Демек, ағылшын тілін дамыту арқылы қазақ тілінің мәртебесі көтерілмек. Елбасым
мына бір сөзінде «Қараңыздар, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия елдер
өздерінің идеялары мен технологияларын шебер орындауының, өздерінің тиянақтылығы мен
еңбегінің арқасында табыстарға жетіп отыр».
«Білімдіңнің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр»
Махмуд Қашкари.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақстар Республикасында білім беруді дамыту 2011-2020 жылдар аралығы
бағдарламасы 2010ж
2. Сманова А.М. Еуропа мен Америка елдерінің жаңа заман тарихы Алматы 2006
3. Қ.Р. Заңы 2007ж 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы»
4. Бұзайбақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері Оқу құралы. Алматы «Білім»,
2009ж
5. Шотанова Э.М. «Шың» Кітап 2013ж
6. Журнал «География және табиғат» 2015ж №2,4
Аннотация
Создание национальной системы образования и обновление содержания системы
образования соответствущее требованиям, обеспечивающее внедрение новых
педагогических технологий и инновационных идей на мировом уровне, в соответствии с
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
145
духовными ценностями народа, обучение в ногу с прогрессом современного общества
является ключевой проблемой сегодняшнего дня для Казахстана.
Сандугаш Инкарбековна ЖУСУПБЕКОВА,
№6 ЖББОМ физика пәні мұғалімі,
Қарағанды қаласы, Қазақстан Республикасы
Нұрлан Тайтөлеуович ТУСУПБЕКОВ,
№6 ЖББОМ физика пәні мұғалімі,
Қарағанды қаласы, Қазақстан Республикасы
ЖАҢАША ОҚЫТУҒА - ЖАҢАША КӨЗҚАРАС
Түйін
Қазіргі таңда біздің елдің басым бағыты әлем елдерінің арасында көшбасшы бола
алатын білімге көшу болып табылатындықтан, әлем елдерінің, атап айтқанда, Сингапур,
Финляндия, Улыбритания елдерінің білім беру жүйесіндегі жетістіктері сараланды.
Мұғалімдердің педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу,
сындарлы оқуға бағыттау іс-шаралары туралы ой қозғалды.
Қазіргі кезде егемен елімізде әлемдік білім беру кеңістігіне енуге талпыныс басым.
Білім беру парадигмасы өзгеріп, білім берудің жаңа мазмұны пайда болды.
Мұғалімнің кәсіби дамуы үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға, сонымен
қатар оқушылардың бойында қалыптастыратын дағдыларға қойылатын талаптарды түбегейлі
өзгертуге ерекше көңіл бөлініп отыр. XXI ғасыр дағдылары жүйесі мұғалімдер арасында
ынтымақтастық аясын кеңейтуді көздейді. Оқытудағы жаңа тәсілдер мұғалімнің де өзгеруін
талап етеді.
Тәуелсіз еліміз дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдеріне қосылуы үшін заман талабына
сай жаңа мазмұнды білім алуға жігерлі күш қайратымызды салып, білімді, ғылымды
дамытуымыз керек.
Бұл тұрғыдан зерделер болсам, көреген А.Байтурсынов «Білімсіз халық қанша бай
болса да байлығы басқа халықтың қолына көшеді» деп біліктілікпен айтып кеткен өсиетін
тиек ете келе, халықаралық зерттеулерге қатысқан әлем елдерінің нәтижелі көрсеткіштеріне
зер салдым.(4)
Әр елдің білім беру жүйесі қандай да бір мақсатты міндеттерді көздейді және
қайталанбас сипат беретін, қалыптасуы мен дамуының өзіндік тарихы бар екен.
«Әлем елдерін тану-білім азығы» деп ойлай отыра өзім зерделеген Сингапур елінің
білім беру жағдайына үңіле келе түсінгенім, Сингапур елінің білім жүйесіндегі табысты
жақтары бізге үлгі болатындай екен. Сингапур елінің соңғы 45 жыл ішінде құрылып, әлемдік
білім деңгейіндегі жетістіктерімен әлемді таң қалдырғаны баршамызға мәлім (5).
Сингапурдағы білім жүйесіндегі жетістіктеріне тоқтала кетсем: біріншіден, оқу, санау,
екіншіден, екі тіл білу міндеттілігін көздейді, үшіншіден, дене және адамгершілік тәрбиесіне,
төртіншіден, шығармашыл және тәуелсіз ойлауды дамыту. Білім жүйесіндегі
көрсеткіштерінің нәтижесіне тоқталатын болсақ, халықаралық тестілеуде үнемі жоғары
көрсеткіштерге иеленген.
«Болмасаң да, ұқсап бақ»-деп ұлы Абай атамыз айтқандай, біздің мектепте оқыту мен
оқуда білім сапасын арттыру жағдайында, өзіндік сыни көзқарастарын арттыру жағдайында
қолдануға болатын іс-әрекеттерге тоқталатын болсам: «сыныпты зерттеу» (Lesson study)
үрдісін, қалыптастырушы бағалауды, бағалаудың өзіндік критерийлерін, математиканы
оқытудың заманауи тәсілдерін, сыныпта бірлескен оқу әдісі мен ұжымдық оқу әдістерін,
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
Достарыңызбен бөлісу: |