1 Ғылыми басылым Научное издание ҚР және тмд елдеріндегі ғылым



Pdf көрінісі
бет35/71
Дата05.02.2017
өлшемі6,31 Mb.
#3477
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71

 - Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту; 

- Оқушы қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекеті көмегімен білімді 

жаңа дайын күйінде емес, өзі ашуға ұмтылу

-  Оқушының  таңдаған  бағыты  бойынша  өзінің  даму  деңгейіне  шығуына  мүмкіндік 

жасау; 

- Әдебиеттерді талдай білуге, энциклопедия, анықтамалармен жұмыс істеуге үйрету; 



-Білім, білік, дағдыларын жан-жақты қолдана білуге мүмкіндік туғызу. 

       Қазіргі заманғы ғылым – еңбек іс- әрекетін адамның ойлауы мен психикалық және 

дене күштерінің ынталануын талап ететін бір түрі болып табылады. Ғылым іс – 

әрекеттің ең бір қиын да, күрделі,  көп ақпараттық білімді, білік дағдыны талап ететін 

бір саласы болып есептеледі. 

      Ғылыми  жұмыс,    зерттеу  дегеніміз  –  адамның  еңбектену  іс  –  әрекетінің  ерекше 

түрі. Бұл іс – әрекет адамнан еңбекқорлық, мақсаттану, уақытша туындаған сәтсіздікті 

жеңе  білу  қабілетін,  оның  интеллектуалды  мүмкіндіктерін  барынша  пайдалануды 

қажет  етеді.  Оқушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  олардың  ізденімпаздығын 

қалыптастырудың маңызды жолдарының бірі, оқушы тұлғасын жан-жақты жетілдіріп, 

танымдық біліктерін қалыптастырудың міндетті шарты мен құралы болып табылады. 

        Зерттеулік  оқыу  барысында  оқушылар  теориялардың  пайда  болуы  жөнінде 

көптеген  мәліметтер  жинақтайды.  Оқушылар  байқау  жүргізу  немесе  тәжірибелеу 

нәтижесінде  алынған  деректері,  болжамдары,  сызбалары,тіпті  айқындаған  заңдары  – 

ғылым  материалдары  екендігін  жете  түсіну  керек.  Бұларды  ғылым  ретінде 

ұйымдастыратын-теория.  Ендеше  мектеп  қабырғасында  зерттеумен  айналысқан  бала 

жаңа  ақпараттар  жинақтау  арқылы  ғылымға  алғашқы  қадамын  жасайды.  Зерттеу 

жұмысы  –  шығармашылық  үрдіс.  Оның  барысында  өзгертулер,  толықтырулардың 

болып тұруы заңды құбылыс.     

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту – 

оқушы  шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен 

шығармау қажет. Бұл жұмыс заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, 

қажетті бағдарлы базаларға еніп, деректер қорымен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді. 

Қазіргі  оқытушының  басты  қызметі  –  білім  беру  мен  жеке  тұлға  тәрбиесін 

сабақтастыру  болса,  оқушылармен  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  арқылы 

олардың 

өзін-өзі 

дамыту, 

шығармашылық,ізденімпаздық 

қасиеттерін 

қалыптастырылады.Сондықтан  мұғалім  оқушының  қабілеттерін  дамыту,талантты 

балалардың 

талабын 


ұшқырлау 

мақсатында  

заман 

талабына 



сай,жаңа 

технология   қолдану  арқылы   жұмыс  жасау  керек  деп  есептеймін.  Соның  ішінде, 

бастауыш  сынып  оқушысына  ғаламтормен  жұмыс  жасауды  үйрету,  өз  бетімен 

сауалнама,  сұхбаттасуларды  жүргізіп,  оларды   видеоға  түсіріп,  оларға  талдау 

жасалуын ,нәтижесі бойынша қорытынды жасай білуін қадағалау  керек. 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

223 



 

Оқушыларды  зерттеу жұмысын жүргізуге  үйрету үшін : 

—          мұғалімнің өзі теориялық білімдерін жетілдіріп отыруы қажет; 

—          зерттеу үрдісіне баланы үзбей, сатылы түрде қатыстыру; 

—          зерттеу кезеңдері мен әдіс -тәсілдерін айқындап алу; 

—          зерттеу барысында өз бетімен қорытынды жасай алу

—          шығармашылық жаттығу, тапсырмалардың мазмұнын оқушылардың жас 

ерекшелігіне,қызығушылығына сай таңдау; 

—          оқушы жетістігін мадақтап,көтермелеу керек.  

       Бастауыш сынып оқущыларының зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін 

дамыту үшін осы күнге дейін жинақталған тәжірибесін оқу әрекеті арқылы дамыту 

қажет.Сол әрекеті білік,білім дағдыларын қалыптастырады.Кез келген тапсырманы 

оқушы орындау  жағдайында іздене бастайды.Өз бетімен әрекет жасап, шешім 

қабылдау арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді.Баланы зерттеу жұмысына дайындау, 

оны зерттеушілік ізденіс дағдылары мен іскерлігіне үйрету қазіргі білім берудің 

маңызды міндеті болып отыр. «Зерттеу» түсінігі «энциклопедияда» «жаңа білім 

шығару процесі және танымдық қызметтердің бір түрі болып табылады» деп беріледі. 

Танымдық қызмет үйренушілерге қолданғанда шығарушы «өнімсіз» және білімді 

қайта құру (шығармашыл, зерттеушілік) болуы мүмкін. Бала-табиғатынан зерттеуші, 

зерттеушілік ізденіс – табиғатпен берілетін қасиеттің ажырамас бөлшегі. Жаңа әсер 

алу, көп білуге құштарлық, үнемі қадағалауға және эксперимент жасауға ұмтылу, әлем 

туралы жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеу бала мінезінің маңызды белгілері ретінде 

қарастырылады. Зерттеушілік, ізденушілік белсенділік – баланың табиғи жағдайы; ол 

әлемді танығысы, білгісі келеді. Баланың бұл табиғи белсенділігі зерттеушілік мінез-

құлықтың мәні. Зерттеу жұмысы  жүргізу бастауыш 

сынып  оқушыларынын  төмендегідей іс-әрекеттерді жасауға мүмкіндік туғызады : 

—           өзін  қызықтырған сұрақтарға  жауап  іздеу; 

—          іздену барысында түрлі тәсілдер қолдану; 

—          өз пікірін, ойын ашық айту; 

—          өз  бетімен қорытынды жасау; 

—           өзі үшін жаңалық ашу. 

—          қызығушылығын  қанағаттандыру.Демек, оқушы  өз бетінше жұмыс жасауды 

үйреніп, зерттеушілік,шығармашылық қабілеттерін дамыта түседі. 

       Зерттеу  жұмысына,  ең    алдымен  жоспар  жасап  алу  керек.  Жұмыс  жоспары  «Не  

істеу керек, қандай жолдары бар, қандай әдістер дұрыс ? »  деген сұрақтарды қамтиды.  

Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімін жасау. Ғылыми  жұмыстарға үңілу. 



Ғалымдардан ақыл –кеңес сұрау.  

Интернетке жүгіну. 



Үнемі бағамдау, байқау, іздеу, жинақтау жұмыстарын жүргізу. 

Тәжірибе жүргізу, (Мұражайларға  немесе оқиға болған жерге бару.)  оның барысы



нәтижесін жүйелі түрде  талдап отыру. 

Қорытынды жасау. 



Бейне материалдар, слайдтар жасау. 

Жұмысты қорғауға дайындалу. 



     Біз  бастауыш  сынып  мұғалімдері 

 ретінде  оқушыларды  ғылыми  жұмысқа  тартуды 

мақсат  тұтамыз.  Оқу-тәрбие  бағытындағы  барлық  өзгерістерді  қамтып,  озат 

педагогикалық  тәжірибелерді  зертттеп,  жаңа  тұжырымдар  жасасақ,  бұл  бағытта 

оқушыларды  шығармашылық  іс-әрекетке  баулитын,  таным  белсенділігін  арттыратын 

түрлері  қажет-ақ. 

Біздің  қазақ  мектеп-гимназиясында  2009  жылдан  бастап  қосымша 

үйірме ретінде бастауыш буында 

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ 

филиалы  «Солтүстік  Қазақстан  облысы  бойынша  педагогикалық  қызметкерлердің 

біліктілігін  арттыру  институты»    директоры,  педагогика  ғылымдарының  докторы, 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

224 



 

профессор 



 

Мурзалинова  А.Ж  авторлығымен  құрылған  жоспар  бойынша  «Жас 

зерттеуші» үйірмесі өтеді. Бұл үйірме тек гимназия сыныптарында ғана өтеді.  Үйірме 

жоспары үш бөлімнен тұрады:   Зерттеу қызметінің жалпы түсінігі (6 с.), Зерттеу 

қызметінің техникасы (21 с.) Жобаны безендендіру және оны қорғау (6с.) 

«Жас зерттеуші», 1-сынып 

Аптасына 1 сағат, барлығы 33 сағат 

№  Тақырып 

Сағ

ат 

сан

ы 

Ме

рзі

мі 

Қолданылатын материал 

Кіріспе сабақ «Дүниені танудың  



кілті» 

 



электрондық презентация 

Зерттеу қызметінің жалпы түсінігі (6 с.) 

Зерттеу қызметі дегеніміз не? 



 

сурет-сызба 



Зерттеу қызметіндегі қоғамдастық 

(жекеше және топтық түрі) 

 



стендтік материал 

Жоба – зерттеу қызметінің 



формасы 

 



сурет-сызба 

Зерттеуші деген кім? 



 

оқу фильмі 



Жас зерттеушілер  – Қазақстанның 

болашағы 

 



электрондық презентация, 

фотоколлаж, сұхбат материалы 

Мен қоршаған ортаны зерттеймін 



(мотивация сабағы) 

 



сауалнама 

Зерттеу қызметінің техникасы (21 с.) 

Болашақ жобамның тақырыбын 



таңдаймын 

 



электрондық презентация, басқа 

оқушылардың жобалары 

9-

10 


Топтық 

жобаның 


тақырыбын 

негіздеу 

 

топтың материалдары (электрондық 



түрде) 

11 


Зерттеу қызметінің мақсаты 

 



сурет-сызбалар 

12 


Топтық жобаның мақсаты (сабақ-

практикум) 

 

топтың материалдары (электрондық  



түрде) 

13 


Зерттеу  жобасының  нысаны  және 

заты 


 

сурет-сызба 



14 

Топтық жобаның нысаны мен заты 

(сабақ-практикум) 

 



топтың материалдары (электрондық  

түрде) 


15 

Зерттеу жобасының әдістері 

 

электрондық презентация, 



белсендіруші таратпа 

материалдар,жадынама 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

225 



 

16 


Топтық жобаның әдістерін іріктеу 

және негіздеу (сабақ-практикум) 

 

топтың материалдары (электрондық  



түрде) 

17 


Зерттеу жобасының терминдері 

мен дәйек сөздері 

 

дайын жобаның материалдары 



18 

Топтық  жобаның  ұғымдарқатары 

(сабақ-практикум) 

 



топтың құрған шағын сөздіктері 

19 


Әдебиетпен жұмыс жасау ережесі 

(кітапханаға саяхат сабақ) 

 

кітапхана каталогы, ғаламтор 



сайттары,  

библиографикалық карта 

20 

Топтық жобаға арналған әдебиет 



көздерінің презентациясы 

(практикум-презентация) 

 

топта құрылған электрондық 



презентация 

21 


Жоба тақырыбы бойынша 

қызығушы-зерттеушінің сұрақтары 

 

сұрақтар картотекасы 



22 

Топтық жобаның сұрақтар 

картотекасы (сабақ-практикум) 

 



топта құрған материалдар 

23 


Зерттеу жобасының алғашқы 

қорытындылары немесе өз 

сұрақтарына жауап іздеу 

 



бейнематериал 

5-сынып оқушысының жобасын 

тыңдату 

24-


25 

Біз  топтық  жобаның  бірінші 

бөлімін 

ұсынамыз 

(шағын 

конференция) 



 

электрондық презентация, 



қолданылған әдебиеттер көрмесі 

26 


Зерттеу жобасының тәжірибелік-

практикалық бөлімі 

 

оқу фильмі, бақылау күнделігі 



27 

Топтық жобаға  тәжірибе іріктеу 

 

топтық жобаның материалдары 



28 

Топтық жобаның тәжірибелі 

бөлімін ұсыну 

 



материалдар «бағдарлама, фото 

материалдар,  

суреттер, т.б.), бақылау күнделігі 

Жобаны безендендіру және оны қорғау (6с.) 

29 


Зерттеу жобасының нәтижесін 

безендендіру 

 

оқушылар жобасы 



30-

31 


Сыныпта топтық жобаны қорғау 

 



электрондық презентация, 

оқушылар жобасы, жобаның көрнекті 

материалдары 

32-


33 

Параллель сыныптар арасында 

жобаны қорғау 

 



электрондық презентация, 

оқушылар жобасы, жобаның көрнекті 

материалдары 

                

Біз  оқушылардың  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  тақырыптар 

таңдауға  ұсынамыз.  Оқушыларымыз  «Адамның  құмырсқадан  үйренері  бар  ма?», 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

226 



 

«Жеті  санының  қасиеттері»,«Чипсының  адам  денсаулығына  зияны»  тақырыптары 

бойынша   зерттеу   жұмыстарын  жүргізіп  мектепшілік,  қалалық,  облыстық, 

республикалық ғылыми – зерттеу байқауларына қатысты. Бұл жұмыстар бірі қалалық 

кезеңде дипломдар мен   алғыс хатқа ие болса, ең жоғарғы нәтиже — республикалық 

кезеңінің  І,ІІІ  дәрежелі  дипломдарына  ие  болды.  Мектеп-гимназиямызда  бастауыш 

буында  өткен  ғылыми  жоба  сайысына  1-4  сынып    аралығында  20  шақты  жұмыс 

ұсынылды.  Өз  жұмысым  туралы  айта  кетсем:  биылғы  жылы  осы  үйірмеде 

оқушыларым  ғылыми-зерттеушілік  жұмыстарын  дайындаған  болатын.  Мысалы: 

Мукушева  Айнұр  «Үй  жағдайында  мысты  купоростан  кристаллдар  өсіру» 

тақырыбында  өзінің  өсірген  кристаллын  ұсынды.  «Құдіретті  гүл-  қалампыр» 

тақырыбы  бойынша  Ахмет  Нұрсипат.,  «Алтын  асық  қамасын  айдалада..» 

тақырыбымен Тұяқ Мирас, «Тасбақаның тіршілігі» жобасымен Аргынов Арсен сынды 

оқушылар  өз  жұмыстарын  қорғады.                      Жұмыстарды  жүргізу  барысында 

оқушыларды өз бетімен көп ізденуге,  зерттеуді  үйретуге   тырысамын.  

            Кез келген тақырып бойынша ең алдымен сол тақырыптың тарихына  көп көңіл 

бөлуді   қадағалаймын.  Себебі,шығу  тарихын  зерттеп  алмай   кез  келген  дүниенің 

сырын  түсіну  мүмкін  емес.Осыдан  кейін   тақырып  бойынша   жан-жақта  зерттеулер 

жүргіземіз,барлық  қыр-сырын  ұғынуға  тырысамыз,ғалымдардың  осы  тақырып 

төңірінде  жүргізген  зерттеулерін  талдаймыз.Сонымен  қоса  тақырыпқа  сай  қызықты 

деректер  жинақтаймыз.Осы  жұмыстарды  жүргізіп  болған  соң   өз  тарапымыздан 

қандай  жұмыс  жасау  керектігін  (сауалнама,сұхбат,тәжірибе,  т.с.с.)  айқындап  алып 

соған  кірісеміз  де  нәтижесі  бойынша  талдау,  анализ   жасап,қорытынды  шығарамыз. 

Осы 


жұмыстардың  

барлығын 

орындау 

кезінде  

дарынды, 

«зерттеуші» 

оқушылардың  ата-аналарымен  тығыз байланыс  жасаймын. Бұл да өте қажет, себебі 

ата-ананың қолдауы  баланы  «қанаттандырады». Ізденуші оқушылар өз тақырыбының 

ерекшіліктерін,  өзектілігін,маңыздылығын  сезіне  отырып  түрлі  әдіс-тәсілдер  арқылы 

өзін  қанағаттандыратын  нәтижеге  жетіп  отырады.  Ізденіс  барысында  оқушыларға 

шығармашылық  мүмкіндіктер  беріледі.  Оқушылар  дүниетанымынң  мүмкіндігіне 

қарай,  ғылыми  түрде  тапсырмалар  беріледі.  Мұғалім  мен  оқушы  бірлесе  отырып, 

ғылыми жұмыстың көкейкестілігін, шығармашылық аясын айқындады, осы міндеттер 

бойынша оқышылармен қосымша ізденуге жағдай жасай алады. 

Оқушыларды ғылыми жоба жарыстарына дайындауда мынадай мәселелерге ерекше 

көңіл бөлу қажет: 

- Тақырыптың ғылыми құндылылығы; 

- Таңдаған тақырыпты ашудағы оқушы еңбегінің сипаты, қосқан үлесі; 

- Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы; 

- Ойын ұтымды, жағымды жеткізе алуы, сөйлеу мәнері, өзін ұстауы,  

аудиторияны тартуы; 

- Жұмыстың көркем безендірілуі. 

  Оқушылардың бойында дарындылық қасиеттерін, ізденімпаздығын қалыптастыруда 

сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік 

апталықтар мен үйірмелер, факультативтік сабақтардың маңызы зор.Барлық 

жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. 

Мектептегі пәндік сайыстар, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс 

қабілетін ұштап, оң нәтижеге жетуге ықпал етеді. 

        Қорыта  келе,  әр  мұғалімнің  аса  маңызды  міндеттерінің  бірі  әр  оқушының 

бойындағы 

қабілетті, 

икемділікті 

көре 

білу 


болып 

табылады.   

Ұсыным:  

-

 



Жалпы  білім  беретін  мектептердің  оқу  жоспарындағы  оқушы  комопонентіне 

ретінде  «Жас зерттеуші» үйірмесін  енгізу. 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

227 



 

            «Бұлақ  көрсең,  көзін  аш»  деген  ұлағатты  сөзге  сүйеніп,  бар  мүмкіндікті 

пайдаланып,  баланың  қабілетін,  дарынын  ашу  және  әрбір  оқушының  өз 

мүмкіндіктерін,  қабілет  және  икемділігін  таныта  білуіне  жағдай  жасау  –  мұғалімнің 

басты  міндеттерінің  бірі.  Ендеше  мектепте  оқушыны  ізденушілікке  баули  отырып 

ғылым  мен  техниканың  жетістігіне  сәйкес  армандарына  жетуге,  өз  жолдарын  дәл 

табуға,  ғылымға  жетелеу  арқылы  өздерінің  қабілеттерін  ашуларына  көмектесуіміз 

қажет. Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу 

керек.   

 

Әдебиеттер: 

       1.  «12  жылдық  білім»  Республикалық-ғылыми  әдістемелік  және  ақпараттық-

сараптамалық журнал 2006, №4 

      2.Өтеғұлова  Г.Ұ.Инновациялық  технолгиялар  тиімділігі  Бастауыш  сынып 

әдістемесі 2011, №5 

  3.Ү.Б. Жексенбаева «Оқушылардың ғылми –зерттеу жұмыстарын  ұйымдастыру» 

 4. Қ.С. Құдайбергенова «Педагогтың шығармашылық өнері» 

5.  hpp://kazustaz/Оқушыларды ғылыми-зерттеушілікке баулу. 

  6. Қазақстан мектебі, 2010, №2 



 

 

Айнур Кадыргалиевна КУСАЙНОВА, 

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті 

2 курс, шет тілдерінің магистрі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, 

Батыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы                                   

 

АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БАЯНДАУЫШ ҰҒЫМЫНЫҢ 

САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТЫ  

 

Түйін 

Мақалада  әдебиеттерді  талдау,  авторлардың  түрлі  көзқарастарын  қарастыру, 

материалды салыстырмалы зерделеу жүргізілді. 

 

Мақаланың  тақырыбы  отандық  тіл  білімінде  өзекті  мәселелердің  бірі  болып 



табылады.  Себебі  қазіргі  таңда  төл  тілімізде  ағылшын  тілінің  синтаксистік 

ерекшеліктерін анықтап, қазақ тілінің бай синтаксистік қорымен аудару мәселесіндегі 

ғылыми ізденістер жүргізіліп жатыр. Бұл ағылшын және қазақ тіліне қатысты көптеген 

мәселелердің  ортақ  заңдылықтары  мен  құбылыстарының,  тілдік  ерекшеліктердің  әлі 

де  болса  айқындалмаған  тұстарының  молдығын  көрсетеді.  Демек,  тіл  мамандарына 

сан алуан ғылыми зерттеулерді жүргізу, өзекті және даулы мәселелерді шешу тәрізді 

күрделі,  ауқымды  міндеттер  жүктеледі  деген  сөз.  Халықаралық  және  тіларалық 

қатынастар дамыған осы кезеңде шетел тілін ана тілімізбен салыстыра зерттеудің тіл 

білімінің  әрбір  саласы,  оның  ішінде  этнолингвистика,  лингвомәдениеттану,  елтану 

ғылымдары  үшін  маңызы  зор.  Сонымен  қатар,  ағылшын–қазақ  тілдеріне  қойылатын 

талаптарға  сай,  жүйелі  түрде  жасалған  предикаттар  сөздігінің  осы  кезеңге  дейін 

жасалмауы мақала тақырыбының өзектілігін көрсетер бірден-бір фактор. 

Мақаладағы  негізгі  мәселеміз  баяндауыштардың  салыстырмалы  түрдегі 

көрінісі, яғни ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы мәселе болып табылады. 

Бұл  жұмыстың  мазмұнын  грамматика  теориясы,  ағылшын  тілі  практикумы, 

көркем аударма пәндерінде қолдануға болады.  



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

228 



 

Тұрлаулы  мүшелер-сөйлем  құрауға  негіз  болатын  предикативтік  бірлік. 

Тұрлаулы  мүшелердің  сөйлем  құрауда  атқаратын  рөлі  туралы  ғалымдар  арасындағы 

пікірталас  бас  мүшелерінің  тығыз  граматикалық  байланысынан  туындаса  керек. 

Бастауыш-сөйлемдегі  ұйымдастырушы  бас  мүшенің  бірі,  оған  баяндауыш 

грамматикалық  тұлғасы  жағынан  тәуелді.  Алайда  баяндауыштың  қолданылуындағы 

дербестік,  сөйлемдегі  ойды  тиянақтау  мүмкіндігі-баяндауыш  мүшенің  сөйлемдегі 

доминанттық рөлін айқындайды. 

 

Жүргізілген  зерттеу  етістіктердің  дара,  күрделі  болып  бөлінуі  екі  тілге  де  тән 



екендігі  және  есімнен  және  етістіктен  жасалған  баяндауыштар  ағылшын  тілінде  де, 

қазақ тілінде де дара, күрделі болып кездесетіндігі, сонымен қатар, екі тілде де құрама 

баяндауыштардың кездесуін көрсетті. 

Ағылшын және қазақ тілі баяндауыштарының салыстырмалы сипаты. 

Ағылшын  және  қазақ  тілі  баяндауыштарының  салыстырмалы  табиғатын  төмендегі 

кестеден анық көруге болады

 

Ағылшын тілінде 

Етістікті дара баяндауыш 

1) 


 

Синтактикалық 

немесе 

аналитикалық формадағы етістіктер: 



John 

runs 

quickly.       

was sent in to get my tea. 

Perhaps you will even remember   that woman.  

When 

did 


life 

begin 

on 


earth? 

 

             I didn’tcareabouttheconsequence. 



Don’tcometoolate 

2) Етістікті фраза  

     a) 

бір 


қимылды 

білдіретін 

етістіктер:  to  have  a  look,  to  have  a 

smoke, to have a talk, to give a look, to 

give  a  laugh,  to  give  a  cry,  to  take  a 

look,  to  make  a  move,  to  make  a 

remark, to pay a visit. 

Nurse  Sharp  gave  him  a  look  and 

walked out. 

    ә) Әр-түрлі қимылды білдіретін 

етістіктер: to change one's mind, to get 

rid (of), to get hold (of), to lose sight 

(of), to make fun (of), to make up  

one's  mind,  to  make  use  (of),  to  take 

care (of), to take leave (of), to take part 

(in), 

I  have  never  taken  much  interest  in 

German songs . 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет