Аэрофототопографиялық түсірім топографиялық карталар мен пландарды алудың ең алдыңғы қатарлы тәсілі болып есептелінеді. Мұнда жер беті арнайы аэрофотоаппараттар (АФА) арқылы түсіріледі. Бұл әдіс кӛлемі үлкен аймақтардың 1:10001:5000 масштабта бейнелеу үшін қолданылады. Жалпы фотографиялық түсірімде жұмыстың кӛбі камеральдық жағдайда жүргізіледі, яғни түсірілген фотосуреттер жан-жақты ӛңделіп, жер бетінің фотосуретіндегі кескіннен, оның кеңістікте орналасқан бейнесі алынады. Стереоэффект деп аталатын объективтің кеңістіктегі бейнесін стереоскоп аспабы арқылы кӛруге болады.
Бұл түсірісімнің тахеометриялық түсірімге қарағанда артықшылығы мынада:
дала жұмыстарында еңбек ӛнімділігінің артуы;
рейка ұстайтын адамның қажеті болмағандықтан, жұмыс қауіпсіздігінің артуы;
фотосуреттер арқылы план жасағанда бедерді толық бейнелейтін нүктелердің кӛптігі.
Фототопографиялық түсіріс фотосуреттер бойынша топографиялық план мен картаны жасауға негізделген геодезиялық жұмыстардың бір түрі. Суретке түсіру әдістеріне байланысты фототопографиялық түсірістер аэрофототүсірім және жер бетіндегі стереофототүсірім болып бӛлінеді.
Стереофотографиялық түсірімдер карьерлерді түсіруде, инженерлік құрылыстарды жобалауда, жер қорларын, тау-кен жыныстарының және үлкен құрылыстардың деформацияларын зерттеуде, геологиялық барлауда, т.б. жұмыстарда қолданылады.
Жерсеріктік тҥсірім - жерсеріктік навигациялық жүйеге «GPS» (Global Positioning System) негізделген топографикалық түсірімдер ішіндегі ең алдыңғы қатарлысы. Ғылым мен техниканың соңғы он жыл ішінде қарқындап дамуы геодезияға координаттар мен координата ӛсімшелерін анықтаудың жерсеріктік атты жаңа әдісін дүниеге әкелді. Бұл әдісте геодезистер әдеттегідей геодезиялық тораптардың жылжымайтын пункттерін пайдаланбай, оның орнына жылжымалы жер серіктерінің координаталарын қолданады. Әлбетте, ол координаталарды геодезистер кезкелген уақытта пайдаланып, тұрған жерінің орнын анықтай алады.
Сӛйтіп, геодезиялық негіздеме ірі масштабты түсірістерді жүргізуді қажет етеді. Мемлекеттік геодезиялық тірек торларын құру және оларды жұмыстық түсірімдік негіздемесіне дейін дамыту геодезияның осы күнгі жетістіктерін, яғни GPS технологиясын қолдану арқылы жүргізіледі.
Қазіргі кезде жерсеріктік жүйенің екі түрлі қолданылады: ГЛОНАСС атты ресейлік және америкалық NAVSTAR жүйелері. Бұл ғаламдық навигациялық жерсеріктік жүйесі деген ұзақ атының қысқартылған түрі.
Ғаламдық позициялау жүйесі (GPS) ол арнайы навигациялық немесе геодезиялық қабылдағыштарды пайдалану арқылы жер бетінің кез келген нүктесінің орнын анықтаудың жер серіктік жүйесі.
Оның негізгі құндылығы мен ерекшеліктері мыналар:
GPS анықтамаларының дәлдігіне қар, жауын, жоғары немесе тӛменгі температуралар және де ылғалдылық әсер етпейді;
ӛлшеу жұмыстарын жүргізудің мерзімі GPS технологиясын пайдаланғанда, бұрынғы дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, әжептеуір қысқарады;
GPS нәтижелері цифр түрінде беріледі және де олар картографиялық немесе географиялық ақпараттық жүйеге (ГАЖ) жеңіл аударылады.
GPS технологиясының әртүрлі компаниялар шығаратын бірнеше аспаптары бар. Оларға Leica және Trimble компанияларының 12 және 24 каналды GPS қабылдағыштары жатады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында сегіз орбиталық позицияға жоспарланған он бір жерсеріктік желі үйлестірілуде.
17 Тахеометриялық түсірім
қазіргі кезде әлі де маңыздылығын жоймаған маркшейдерлік-геодезиялық түсірімдердің бірі. Бұл түсірім түзде атқаруға жеңіл, жылдам, және ауа райының қолайсыздығана қарамастан жүргізіле береді. Тахеомеіриялық түсірім топографиялық контурлық-биікгік түсірістерге жатады, оның нәтижесінде ситуация мен бедерді бейнелеп жер бетінің топографиялық планын алады.
Тахеометрия гректің «жылдам өлшеу» деген сӛзінен алынған . Жылдам ӛлшеу деп айтатын себебіміз, бүл түсіруде нүктенің пландық жӛне биікгік орны, аспапты нүктеде түрған рейкаға бір рет бағыттағанда анықталады. Демек тахеометриялық түсірімнің мәні жер бетіндегі нүкгелердің кеңістікгегі полярлық координаталарын (в, V, Д) анықгау және ары қарай осы нүктелерді планға салу болып табылады
Сонымен түсірілетін нүктелердің пландағы орны полярлық тәсілмен анықгалады, ал нүкгелер ӛсімшелері тригонометриялық нивелирлеу әдісімен, нысаналаудың кӛлбеу сӛулесінің кӛмегімен жүзеге асырылады.
Ірі масштабты түсірімдерде жердің бедері горизонтальдар арқылы бейнеленеді және бедер қималары түсірім масштабы мен жер учаскесінің сипатына байланысты алынады (2.6-кесте).
Сонымен қатар, аспаптан рейкалық нүктелерге дейінгі және рейкалық нүктелер арасындағы қашықтықтар да түсірім масштабы мен бедер қимасының биіктіктеріне тікелей байанысты.
Ӛмірге электронды тахеометрлердің енуіне байланысты, бұл түсірімнің мңызы одан әрі жоғарылай түсті. Қазіргі уақытта тахеометриялық түсірімдерде Trimdle 3303 (американдық), Nikon DTM-332, Topcon GTS-100
18 Аэрофототопографиялық түсірім
топографиялық карталар мен пландарды алудың ең алдыңғы қатарлы тәсілі болып есептелінеді. Мұнда жер беті арнайы аэрофотоаппараттар (АФА) арқылы түсіріледі. Бұл әдіс кӛлемі үлкен аймақтардың 1:10001:5000 масштабта бейнелеу үшін қолданылады. Жалпы фотографиялық түсірімде жұмыстың кӛбі камеральдық жағдайда жүргізіледі, яғни түсірілген фотосуреттер жан-жақты ӛңделіп, жер бетінің фотосуретіндегі кескіннен, оның кеңістікте орналасқан бейнесі алынады. Стереоэффект деп аталатын объективтің кеңістіктегі бейнесін стереоскоп аспабы арқылы кӛруге болады.
Бұл түсірісімнің тахеометриялық түсірімге қарағанда артықшылығы мынада:
дала жұмыстарында еңбек ӛнімділігінің артуы;
рейка ұстайтын адамның қажеті болмағандықтан, жұмыс қауіпсіздігінің артуы;
фотосуреттер арқылы план жасағанда бедерді толық бейнелейтін нүктелердің кӛптігі.
19 Жерсеріктік түсірім
жерсеріктік навигациялық жүйеге «GPS» (Global Positioning System) негізделген топографикалық түсірімдер ішіндегі ең алдыңғы қатарлысы. Ғылым мен техниканың соңғы он жыл ішінде қарқындап дамуы геодезияға координаттар мен координата ӛсімшелерін анықтаудың жерсеріктік атты жаңа әдісін дүниеге әкелді. Бұл әдісте геодезистер әдеттегідей геодезиялық тораптардың жылжымайтын пункттерін пайдаланбай, оның орнына жылжымалы жер серіктерінің координаталарын қолданады. Әлбетте, ол координаталарды геодезистер кезкелген уақытта пайдаланып, тұрған жерінің орнын анықтай алады.
Сӛйтіп, геодезиялық негіздеме ірі масштабты түсірістерді жүргізуді қажет етеді. Мемлекеттік геодезиялық тірек торларын құру және оларды жұмыстық түсірімдік негіздемесіне дейін дамыту геодезияның осы күнгі жетістіктерін, яғни GPS технологиясын қолдану арқылы жүргізіледі.
Қазіргі кезде жерсеріктік жүйенің екі түрлі қолданылады: ГЛОНАСС атты ресейлік және америкалық NAVSTAR жүйелері. Бұл ғаламдық навигациялық жерсеріктік жүйесі деген ұзақ атының қысқартылған түрі.
Ғаламдық позициялау жүйесі (GPS) ол арнайы навигациялық немесе геодезиялық қабылдағыштарды пайдалану арқылы жер бетінің кез келген нүктесінің орнын анықтаудың жер серіктік жүйесі.
Оның негізгі құндылығы мен ерекшеліктері мыналар:
пункттер арасында тура кӛрінушілікті қажет етпейді;
Жер шарының кез келген нүктелерінің координаталары тәулік бойы анықталады;
GPS анықтамаларының дәлдігіне қар, жауын, жоғары немесе тӛменгі температуралар және де ылғалдылық әсер етпейді;
ӛлшеу жұмыстарын жүргізудің мерзімі GPS технологиясын пайдаланғанда, бұрынғы дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, әжептеуір қысқарады;
GPS нәтижелері цифр түрінде беріледі және де олар картографиялық немесе географиялық ақпараттық жүйеге (ГАЖ) жеңіл аударылады.
GPS технологиясының әртүрлі компаниялар шығаратын бірнеше аспаптары бар. Оларға Leica және Trimble компанияларының 12 және 24 каналды GPS қабылдағыштары жатады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында сегіз орбиталық позицияға жоспарланған он бір жерсеріктік желі үйлестірілуде.
20 Инженерлік ізденістердің құрамы
Ізденістер дегеніміз – болашақ құрылыс ауданның ғимараттар мен имараттарды жобалау, салу және пайдалану мәселелерін шешу үшін экономикалық және техникалық зерттеудің кешені.
Ізденістер технико-экономикалық және инженерлік болып бӛлінеді.