Тахеометриялық түсірім - қазіргі кезде әлі де маңыздылығын жоймаған маркшейдерлік-геодезиялық түсірімдердің бірі. Бұл түсірім түзде атқаруға жеңіл, жылдам, және ауа райының қолайсыздығана қарамастан жүргізіле береді. Тахеомеіриялық түсірім топографиялық контурлық-биікгік түсірістерге жатады, оның нәтижесінде ситуация мен бедерді бейнелеп жер бетінің топографиялық планын алады.
Тахеометрия гректің «жылдам өлшеу» деген сӛзінен алынған . Жылдам ӛлшеу деп айтатын себебіміз, бүл түсіруде нүктенің пландық жӛне биікгік орны, аспапты нүктеде түрған рейкаға бір рет бағыттағанда анықталады. Демек тахеометриялық түсірімнің мәні жер бетіндегі нүкгелердің кеңістікгегі полярлық координаталарын (в, V, Д) анықгау және ары қарай осы нүктелерді планға салу болып табылады
Сонымен түсірілетін нүктелердің пландағы орны полярлық тәсілмен анықгалады, ал нүкгелер ӛсімшелері тригонометриялық нивелирлеу әдісімен, нысаналаудың кӛлбеу сӛулесінің кӛмегімен жүзеге асырылады.
Ірі масштабты түсірімдерде жердің бедері горизонтальдар арқылы бейнеленеді және бедер қималары түсірім масштабы мен жер учаскесінің сипатына байланысты алынады (2.6-кесте).
2.6-кесте. Ірі масштабты түсірімдегі бедер қималары
Түсірім учаскесі бедерінің сипаттамасы
Түсірімнің масштабы
1:5000
1:2000
1:1000
1:500
Бедер қималары, м
Еңістік бұрышы 2°дейінгі тегіс
0,5-1,0
0,5-1,0
0,5
0,5
Еңістік бұрышы 4°дейінгі тӛбешікті
1,0-2,0
0,5-1,0
0,5
0,5
Еңістік бұрышы 6°дейінгі ойлы-қырлы
2,0-3,0
1,0-2,0
1,0
0,5
Таулы және тау бӛктерлі
2,0-5,0
2,0
1,0
1,0
Сонымен қатар, аспаптан рейкалық нүктелерге дейінгі және рейкалық нүктелер арасындағы қашықтықтар да түсірім масштабы мен бедер қимасының биіктіктеріне тікелей байанысты.
Ӛмірге электронды тахеометрлердің енуіне байланысты, бұл түсірімнің мңызы одан әрі жоғарылай түсті. Қазіргі уақытта тахеометриялық түсірімдерде Trimdle 3303 (американдық), Nikon DTM-332, Topcon GTS-100 (жапондық),
Leikа TRS-1200 (швецариялық), 3Т5РМ (ресейлік) электрондық тахеометрлер кеңінен қолданыс табуда.