1 Геодезиялық жұмыстардың түрлері мен құрамы

Түсіру және трассалау жұмыстары

бет4/13
Дата08.11.2022
өлшемі1,43 Mb.
#48567
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Түсіру және трассалау жұмыстары – құрылыстың бастапқы жобалау және инженерлік ізденістер кезінде орындалады.
Бөлу жұмыстары – құрылыс кезеңіне тікелей байлынысты жүргізіледі және ғимараттар мен имараттардың осьтері мен нүктелерін жергілікті жерге түсіруге арналған жұмыстар.
Орындаушылық түсірістер – құрылыстық процесс кезінде және құрылыс-монтаждау жұмыстардың орындау сапасын бақылау мақсатында, сонымен бірге салынған жергілікті алаңның жаңа жоспарын құрастыруға қажет.
Құрылыс нысандардың деформациясын қадағалау – оларды тұрғызудан бастап құрылыстың аяқталуына дейін жүргізіледі, және қажет болған жағдайда, пайдалану кезінде жалғастырылады.
Геодезиялық жұмыстардың құрамы құрылыс алаңында жүргізілетін процесстерге тікелей байланысты болады:

  • құрылысқа арналған геодезиялық бӛлу негізін құру, яғни құрылыс алаңның бӛлу торын салу, имараттар мен ғимараттар, магистралды және алаңнан тыс сызықтық имараттардың сонымен бірге технологиялық құрал-жабдықталуын монтаждау үшін негізгі немесе бөлу осьтерін алаңға шығару;

  • магистралдық, сызықтық имараттардан немесе олардың бӛліктерінен, басқа ішкі-алаңдық уақытша ғимараттардың бӛлінуі;

  • ғимараттар мен имараттардың ішкі бӛлінуі. Егер де геодезиялық жұмыстар ӛндірудің жобасында (ГЖӚЖ) немесе ӛндірістік жұмыстар жобасында (ӚЖЖ) технологиялық құрал-жабдықтарды монтаждау алдын ала қарастырылса - бастапқы және монтаждық кӛкжиектерде бӛлу торды салу;

  • аяқталған нысанның орындаушылық геодезиялық құжаттаманы орындау. Ғимараттың (имараттың), немесе оның бӛліктерін геометриялық параметрлеріне дәлдік сәйкестігін геодезиялық бақылауды жүргізу;

  • егер жобалық құжаттамада авторлық немесе мемлекеттік қадағалау қарастырылса - негіздердің, ғимарат (имарат) құрылымының және олардың бӛліктерінің деформацияларын геодезиялық ӛлшеу.

Жоғарыда кӛрсетілген геодезиялық жұмыстар құрылыстық-монтаждау жұмыстар технологиясының қажет бӛлігі болып табылады және құрылыс ӛндірісі мен арнайы жұмыстардың орындалу мерзіміне байланысты бір графикпен орындалады.
Құрылысқа арналған геодезиялық бӛлу негізін салу және ғимараттар (имараттар) мен олардың бӛліктерінің деформацияларын геодезиялық ӛлшеуді құрылыс процесінде «тапсырыс беруші» орындайды. «Салушылардың» міндеттеріне құрылыс процесінде геодезиялық жұмыстарды ӛндіру, ғимараттардың (имараттардың) геометриялық параметрлерінің дәлдігін геодезиялық бақылау және орындаушылық түсірулерді ӛндіру жатады.
Ірі, күрделі және 9 қабаттан жоғары ғимараттар үшін, дәл сондай тәртіппен, бӛлек геодезиялық жұмыстардың ӛндіріс жобасы (ГЖӚЖ) жасалынады.
ГЖӚЖ-ны салушылар да, ғылыми жобалау ұжымдары да (тапсырыс берушінің таңдауы бойынша) орындай алады.
Геодезиялық жұмыстарды бастамас бұрын, бӛлу жұмыстарында қолданылатын жұмыстық сызбалар, ӛлшемдер, координаталар және белгілердің ӛзара сәйкестігі тексеріліп, тапсырыс берушінің техникалық қадағалауымен ӛндіруге рұқсаты берілу керек.
Геодезиялық жұмыстарды қажетті дәлдікпен ӛлшейтін құралдармен орындағаны дұрыс болады. Геодезиялық құралдар белгіленген кезегімен тексеріліп, ―юстировка‖-дан ӛту керек, және де әр жұмыс басталар алдында уақытымен тексерілу қажет.
Жобалық құжаттамада қарастырылған территорияны тазалау, қиратуға арналған құрылыстардан босату, және тігінен жоспарлаудан кейін ғана геодезиялық жұмыстарға кірісуге болады.
6 Геодезиялық жұмыстардың құрамы құрылыс алаңында жүргізілетін процесстерге қандай байланысты болады

7 Геодезиялық жұмыстарды атқаратын ұжымдар
Қала территориясындағы геодезиялық қызмет (жобалау-ізденіс жұмыстардың кезегінде) қаланың бас архитекторының қол астында жүргізіледі.
Геодезиялық бӛлім келесі жұмыстарды атқарады:

  • нысандардың құрылуы мен жер асты коммуникациялардың орналасу жоспарын құрастырады;

  • топографиялық-геодезиялық жұмыстарға және құрылыс территориясында инженерлік-геологиялық ізденістерге рұқсат береді, сонымен бірге осы жұмыстарды жоспарлау, есептеу және қабылдауын басқарады;

  • топографиялық-геодезиялық және инженерлік-геологиялық материалдардың тіркелуі мен сақталуын іске асырады;

  • геодезиялық белгілердің сақталуын қадағалайды;

  • жерді аудандарға бӛледі, құрылыстың қызыл сызықтарын алаңға шығарады.

Топографиялық-геодезиялық материалдармен қамтамасыз ету жобалау институтының инженерлік ізденістер бӛліміне жататын бар геодезиялық қызметкерлер, сонымен бірге инженерлік-құрылыстық ізденістер ТРЕСТтерімен жүзеге асырылады, мұндағы бӛлімдер (топографиялық-геодезиялық, инженерлік геология және т.с.) атқарылатын жұмыс түрлеріне немесе құрылыс түріне байланысты барлық ізденіс жұмыстардың кешені бойынша ажыратылады.
Құрылыс кезегінде геодезиялық жұмыстармен қызмет кӛрсету ірі құрылыс бірлестіктер мен бастамаларда бас геодезисттің басқаруымен геодезиялық қызметімен жүргізіледі. Бұл геодезиялық қызмет құрылыс ұжымдардың геодезиялық қызметтерінің жұмысын басқару және бақылауды жүргізеді, геодезиялық жұмыстар бойынша нормативтік құжаттарды ӛндіреді, геодезист кадрларының квалификацияларын кӛтеруді ұйымдастырады.
Құрылыс ұжымдардағы геодезиялық қызметтердің негізгі мақсаты тұрғызылып жатқан құрылымдардың, ғимараттар (имараттар) мен технологиялық құрылғыларының орналасуының дәлдігін жобаға сәйкестігін қамтамасыз ететін жұмыс кешені болып табылады.
Геодезиялық қызметпен келесі жұмыстар жүзеге асырылады:

  • тапсырыс берушіден құрылыс алаңында бекітілген құрылыс нысандардың топографиялық-геодезиялық құжаттамаларды, тірек торларды, ғимараттардың бас осьтерін, инженерлік коммуникациялар мен құрылыстық торды қабылдау;

  • басжоспарды, құрылыстық басжоспарды, геометриялық ӛлшемдері тексерілген нысандардың жұмыстық және бӛлу сызбаларын қабылдау;

  • жобалық ұжымдармен орындалған сызбалар бойынша объектілер үшін ОЖЖ мен ГЖӚЖ келістіру;

  • қажет жағдайда, тапсырыс берушімен орындалған құрылыс алаңы үшін құрылыстық торлары мен тіректі геодезиялық торларын дамыту;

  • құрылыс кезінде геодезиялық пункттер мен белгілердің сақталуы мен қалпына қайта келтіруді қамтамасыз ету, сонымен бірге құрылыс алаңында белгілерді жоғалтқан жағдайда оларды жаңадан жоспарлықбиіктіктің орналасуын қалпына келтіру;

  • геодезиялық бӛлу жұмыстар ӛндірісі және құрылыстың барлық кезеңдерінде орындалатын геодезиялық ӛлшеулерді қажетті дәлдікпен есептеу;

  • құрылыс процесстерді құрылыс нормалары мен ережелер (ҚНжЕ) бойынша геодезиялық бақылау;

  • ғимараттар мен имараттардың деформацияларын (қажет болған жағдайда) тұрғызу басынан бастап геодезиялық бақылау;

  • құрылыс уақытындағы орындалған геодезиялық жұмыстар жайындағы «техникалық есеп» құру;

  • аяқталған құрылыс нысандардың немесе олардың бӛліктерінің орындаушылық түсірулерді жасау, сонымен бірге жабық жұмыстарды қабылдау актілерге қатысу, жер жұмыстарының кӛлемін анықтау және бақылау ӛлшеулерді жүргізу.

Геодезиялық қызмет штаты - жұмыс кӛлеміне салынып жатқан нысандардың күрделілігіне байланысты және геодезиялық жұмыстардың түріне байланысты анықталады. Құрылыс ұжымының геодезиялық қызметі бас геодезист пен 2-3 геодезиялық жұмыс атқарушылардан тұрады. Геодезиялық қызмет жұмысшылары құрылыс ұжымының бас инженеріне тәуелді келеді. Ірі ТРЕСТ-тер мен ұжымдарда бірнеше жұмыскерлер және оларды басқаратын бас геодезисттен құрылатын геодезиялық бюро немесе топты құрайды.
Геодезиялық жұмыс кӛлемі шағын мамандандырылған ұжымдар мен басқармаларда құрылыс жұмыстарды уақытымен геодезиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыратын инженерлік-техникалық жұмыскерлер (ИТЖ) санынан жауапты адамдарды тағайындайды.
Бас геодезисттің міндетіне: геодезиялық қызмет жағдайы жайында материалдарды жинақтау және оны жетілдіруге шараларды ұйымдастыру; мекеме қарамағындағы ұжымдардың геодезиялық қызметтер жұмысын бақылау; құрылыс ұжымдардың басқармасын сапасыз жағдайда құрылысмонтаждау жұмыстарды тоқтату қажеттілігі жайында ақпараттандыру; құрылыс объектілеріндегі болатын апаттардың не себепті болу жағдайларын тергеуге оларға қатысты мәселелер бойынша комиссиялық тексерістерге қатысу кіреді.
Құрылыс басқармаларының және ӛндірістік кәсіпорындарының аға геодезисттері мен геодезисттері (геодезиялық жұмыстарды
атқарушылар) геодезиялық жұмыстар ӛндірісі үшін қажетті техникалық құжаттаманы білу керек, геодезиялық бақылау бойынша журнал жүргізу керек және құрылыстың сызықтық жұмыскерлеріне бақылау нәтижелерін хабарлап отыру керек.
Аға геодезисттер мен геодезисттер:

  • нысанды пайдалануға тапсыру үшін қажет атқарушы құжаттамаларды жүргізуге;

  • сыртқы іліндіру құрылымдардың орнатылуын бақылау, оларға осьтік белгілерді шығару;

  • орнатылатын қалыптаманы тексеру, оған осьтік белгілерді белгілеу;

  • құрылыс-монтаждау жұмыстарды ӛндіру журналда оларды жалғастыруға рұқсат беретін жазбаларды жазу;

  • сызықтық инженерлік-техникалық жұмыскерлермен орындалатын бӛлу және ӛлшеу жұмыстарды мезгілімен бақылау;

  • геодезиялық құрал-жабдықтардың, аспаптардың жағдайын бақылау, ӛлшеу дәлдігін тексеру және юстировка (ауытқу шамаларын анықтау және түзету) жасау;

  • геодезиялық қызмет кӛрсету сұрақтары бойынша геодезиялық қызметтің жұмысшылары мен сызықтық басқарма жұмыскерлеріне қажет нұсқауларды беру.

Құрылыс ұжымының геодезиялық қызметі орнатылған тәртіп пен құрылыс алаңдарда орындалатын геодезиялық жұмыстардың бӛлу дәлдігіне жауапты болады. Сондықтан, құрылысты геодезиялық қамтамасыздандыру бойынша жоғары жауапты жұмыстарды геодезиялық қызмет жұмыскерлердің ӛздері орындайды. Бұл жұмыстарға: ғимараттар мен имараттардың осьтерін бӛлу, ішкі бӛлу торын жасау; монтаждық кӛкжиектерге осьтер мен биіктіктерді кӛшіру; орындаушылық түсіру мен геодезиялық құжаттарды жүргізу жатады. Алайда осы функцияларды геодезиялық қызмет жұмысшылары орындаған жағдайда да, құрылысмонтаждық ұжымдардың сызықтық жұмыскерлерімен жасалған жұмыс сапасы үшін, қарапайым бӛлшектеп бӛлу, нивелирлік тексерулер, орындалған жұмыс кӛлемін ӛлшеген үшін жауапкершіліктен босатпайды.
Құрылыс ұжымның басқарушылары геодезиялық қызметті құралдармен, аспаптармен, құрылғылармен, инвентарімен, кӛлікпен, сонымен бірге камералық жұмыстарды жүргізу және құралдармен құжаттарды сақтау үшін бӛлмемен қамтамасыз ету керек.
Тәжірибеде салынып жатқан нысандардың кӛлемі мен күрделілігіне байланысты ұжымдар мен геодезиялық қызмет кӛрсетулердің әр түрлі құрылымдары пайда болды.
Күрделі нысандарды салған кезде геодезиялық жұмыстарды субподрядты геодезиялық ұжымдар немесе арнайы тағайындалған геодезиялық топ орындайды. Сонымен қоса мердігер құрылыс ұжым геодезиялық жұмыстарға жоспар мен сметаларды бекітеді, осы жұмыстардың жүргізілуін бақылайды (ӛндірістік құрылыста), сонымен бірге қиын және күрделі геодезиялық жұмыстарды орындайды (азаматтық құрылыста).
Каркасты-панельді құрылыста неғұрлым қиын геодезиялық жұмыстары геодезиялық ұжым немесе геодезиялық топтың күшімен орындалады, ал жеңілдеу жұмыстар – техник-геодезист кӛмегімен орындалады.
Кішірек нысандардың құрылысында геодезиялық жұмыстарды құрылыс ТРЕСТінің басқаруымен геодезиялық топ орындайды.
Құрылыс жұмыстарды қабылдау кезіндегі бақылау геодезиялық түсіруді құрылысқа жалпы техникалық қадағалау жүргізетін тапсырыс беруші орындайды немесе техникалық тексеріске бӛлінген қаражатымен (тапсырыс берушінің сұранысымен) жобалық ұжым орындайды.
Ғимарат пен имараттарды жобалау және салу кезіндегі геодезиялық жұмыстардың орындалуын мемлекеттік техникалық қадағалау бақылайды. Ол аудандық инспекция күшімен жүзеге асырылады. Құрылыс бойынша инспекциялардың міндетіне геодезиялық жұмыстардың орындалуын, сапасын, бағасына бақылау жүргізу; геодезиялық кӛрсеткіштер мен мәліметтерді беру; аяқталған геодезиялық және картографиялық жұмыстарды қабылдау; геодезиялық құралдар мен жабдықтарды, аспаптарды аттестациялау және геодезиялық жұмыс ӛндірісінде олардың қолданылуын бақылау.
8 Геодезиялық қызметпен келесі жұмыстар жүзеге асырылады

  • тапсырыс берушіден құрылыс алаңында бекітілген құрылыс нысандардың топографиялық-геодезиялық құжаттамаларды, тірек торларды, ғимараттардың бас осьтерін, инженерлік коммуникациялар мен құрылыстық торды қабылдау;

  • басжоспарды, құрылыстық басжоспарды, геометриялық ӛлшемдері тексерілген нысандардың жұмыстық және бӛлу сызбаларын қабылдау;

  • жобалық ұжымдармен орындалған сызбалар бойынша объектілер үшін ОЖЖ мен ГЖӚЖ келістіру;

  • қажет жағдайда, тапсырыс берушімен орындалған құрылыс алаңы үшін құрылыстық торлары мен тіректі геодезиялық торларын дамыту;

  • құрылыс кезінде геодезиялық пункттер мен белгілердің сақталуы мен қалпына қайта келтіруді қамтамасыз ету, сонымен бірге құрылыс алаңында белгілерді жоғалтқан жағдайда оларды жаңадан жоспарлықбиіктіктің орналасуын қалпына келтіру;

  • геодезиялық бӛлу жұмыстар ӛндірісі және құрылыстың барлық кезеңдерінде орындалатын геодезиялық ӛлшеулерді қажетті дәлдікпен есептеу;

  • құрылыс процесстерді құрылыс нормалары мен ережелер (ҚНжЕ) бойынша геодезиялық бақылау;

  • ғимараттар мен имараттардың деформацияларын (қажет болған жағдайда) тұрғызу басынан бастап геодезиялық бақылау;

  • құрылыс уақытындағы орындалған геодезиялық жұмыстар жайындағы «техникалық есеп» құру;

  • аяқталған құрылыс нысандардың немесе олардың бӛліктерінің орындаушылық түсірулерді жасау, сонымен бірге жабық жұмыстарды қабылдау актілерге қатысу, жер жұмыстарының кӛлемін анықтау және бақылау ӛлшеулерді жүргізу.

9 Құрылыс басқармаларының кәсіпорындарының аға геодезисттері мен геодезисттері геодезиялық жұмыстар өндірісі үшін қандай қажетті техникалық құжаттаманы білу
Керек

геодезиялық бақылау бойынша журнал жүргізу керек және құрылыстың сызықтық жұмыскерлеріне бақылау нәтижелерін хабарлап отыру керек.

Аға геодезисттер мен геодезисттер:

  • нысанды пайдалануға тапсыру үшін қажет атқарушы құжаттамаларды жүргізуге;

  • сыртқы іліндіру құрылымдардың орнатылуын бақылау, оларға осьтік белгілерді шығару;

  • орнатылатын қалыптаманы тексеру, оған осьтік белгілерді белгілеу;

  • құрылыс-монтаждау жұмыстарды ӛндіру журналда оларды жалғастыруға рұқсат беретін жазбаларды жазу;

  • сызықтық инженерлік-техникалық жұмыскерлермен орындалатын бӛлу және ӛлшеу жұмыстарды мезгілімен бақылау;

  • геодезиялық құрал-жабдықтардың, аспаптардың жағдайын бақылау, ӛлшеу дәлдігін тексеру және юстировка (ауытқу шамаларын анықтау және түзету) жасау;

  • геодезиялық қызмет кӛрсету сұрақтары бойынша геодезиялық қызметтің жұмысшылары мен сызықтық басқарма жұмыскерлеріне қажет нұсқауларды беру.

Құрылыс ұжымының геодезиялық қызметі орнатылған тәртіп пен құрылыс алаңдарда орындалатын геодезиялық жұмыстардың бӛлу дәлдігіне жауапты болады. Сондықтан, құрылысты геодезиялық қамтамасыздандыру бойынша жоғары жауапты жұмыстарды геодезиялық қызмет жұмыскерлердің ӛздері орындайды. Бұл жұмыстарға: ғимараттар мен имараттардың осьтерін бӛлу, ішкі бӛлу торын жасау; монтаждық кӛкжиектерге осьтер мен биіктіктерді кӛшіру; орындаушылық түсіру мен геодезиялық құжаттарды жүргізу жатады. Алайда осы функцияларды геодезиялық қызмет жұмысшылары орындаған жағдайда да, құрылысмонтаждық ұжымдардың сызықтық жұмыскерлерімен жасалған жұмыс сапасы үшін, қарапайым бӛлшектеп бӛлу, нивелирлік тексерулер, орындалған жұмыс кӛлемін ӛлшеген үшін жауапкершіліктен босатпайды.
Құрылыс ұжымның басқарушылары геодезиялық қызметті құралдармен, аспаптармен, құрылғылармен, инвентарімен, кӛлікпен, сонымен бірге камералық жұмыстарды жүргізу және құралдармен құжаттарды сақтау үшін бӛлмемен қамтамасыз ету керек.
Тәжірибеде салынып жатқан нысандардың кӛлемі мен күрделілігіне байланысты ұжымдар мен геодезиялық қызмет кӛрсетулердің әр түрлі құрылымдары пайда болды.
Күрделі нысандарды салған кезде геодезиялық жұмыстарды субподрядты геодезиялық ұжымдар немесе арнайы тағайындалған геодезиялық топ орындайды. Сонымен қоса мердігер құрылыс ұжым геодезиялық жұмыстарға жоспар мен сметаларды бекітеді, осы жұмыстардың жүргізілуін бақылайды (ӛндірістік құрылыста), сонымен бірге қиын және күрделі геодезиялық жұмыстарды орындайды (азаматтық құрылыста).
Каркасты-панельді құрылыста неғұрлым қиын геодезиялық жұмыстары геодезиялық ұжым немесе геодезиялық топтың күшімен орындалады, ал жеңілдеу жұмыстар – техник-геодезист кӛмегімен орындалады.
Кішірек нысандардың құрылысында геодезиялық жұмыстарды құрылыс ТРЕСТінің басқаруымен геодезиялық топ орындайды.
Құрылыс жұмыстарды қабылдау кезіндегі бақылау геодезиялық түсіруді құрылысқа жалпы техникалық қадағалау жүргізетін тапсырыс беруші орындайды немесе техникалық тексеріске бӛлінген қаражатымен (тапсырыс берушінің сұранысымен) жобалық ұжым орындайды.
Ғимарат пен имараттарды жобалау және салу кезіндегі геодезиялық жұмыстардың орындалуын мемлекеттік техникалық қадағалау бақылайды. Ол аудандық инспекция күшімен жүзеге асырылады. Құрылыс бойынша инспекциялардың міндетіне геодезиялық жұмыстардың орындалуын, сапасын, бағасына бақылау жүргізу; геодезиялық кӛрсеткіштер мен мәліметтерді беру; аяқталған геодезиялық және картографиялық жұмыстарды қабылдау; геодезиялық құралдар мен жабдықтарды, аспаптарды аттестациялау және геодезиялық жұмыс ӛндірісінде олардың қолданылуын бақылау
10 Инженерлік-техникалық жұмыскерлерімен орындалатын геодезиялық жұмыстар
Құрылыс аудандарында типтік, қарапайым бӛлшектеп бӛлуді және жеке құрылыс-монтаждау жұмыстарын орнатылған дәлдікті ескерумен геодезиялық қамтамасыз ету жұмыстарын прорабтар мен мастерлер орындайды, бӛлек жағдайларда (күрделілігіне байланысты) инженер немесе техник-геодезисттің қадағалауымен.
Сызықтық жұмыскерлерге, прорабтар мен мастерлерге келесі міндеттер жүктеледі:

  • геодезиялық құрал-жабдықтармен, инвентарімен, кӛлікпен, сонымен бірге камералдық жұмыстарды жасау және құралдарды (жабдықтарды және құжаттарды) сақтау үшін бӛлмемен қамтамасыз ету;

  • құрылыс алаңда қабылданған геодезиялық жоспарлық-биіктік негізінің белгілермен қамтамасыз ету, соның ішінде инженерлік имараттар мен ғимараттардың бас және негізгі осьтерді, құрылыстық торды, сонымен бірге жұмыстық жоспарлық-биіктік негіздің пункттерін тұрақты белгілерімен қамтамасыз ету;

  • атқарушы құжаттамалардың кешенін тапсырыс берушіге акт бойынша беру.

Құрылыс ӛндірісіндегі сызықтық инженерлік-техникалық жұмысшылар міндеті жоғарыдағы мысалдар жинағына сәйкес, аға прораб геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру және ӛндіру тәртібін білу керек, прораб құрылыс бӛлімшедегі геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру және ӛндіру тәртібін, мастер – геодезиялық аспаптармен пайдалану ережелерін, сонымен бірге қажетті бӛлу және ӛлшеулік жұмыстарды орындай білуі керек. Бригадир метрмен, рулеткамен, деңгейлеткішпен және тіктеуішпен қолдана білу керек. Сызықтық инженерлік-техникалық жұмыскерлер қызметкерлері келесі жұмыс түрлерін орындау қажет:

  • басқарма геодезистерінен акт бойынша ғимараттар, имараттар, трассалар және т.с.с. осьтерінің нақты бекітілген мәндерін қабылдау;

  • сыртқы іліндіруді орнату, оларды жӛндеу немесе қайта қалпына келтіру;

  • құрылыс құрылымдарының геометриялық ӛлшемдері мен формаларын әр жерінен таңдап таңдап тексеру;

  • геодезистпен алаңға шығарылған белгілер мен осьтер бойынша бағыттайтын шаблондарды, бұрыштық қалыптарды орнатуын

бақылау;

  • шығарылған осьтер мен белгілер бойынша қалыптаманы бақылау, орнату және алдын ала тексеру;

  • қалыптамаға белгіленген осьтер бойынша анкерлерді бӛлу;

  • аяқтау геодезиялық бақылау алдында бетондауға дайындалатын блоктар мен металл құрылымдарды алдын ала тексеру;

  • тӛлемге жататын жер, бетон және басқа жұмыстардың кӛлемін анықтау;

  • кірпіш қалануының, іргетас блоктарының, ригельдердің, блоктардың кӛлбеулігін тексеру үшін нивелирлеу;

  • геодезист шығарған белгілеулер бойынша стаканды типті іргетастар түбін тегістеу және маяктарды орнату;

  • осьтер мен белгілер салу үшін іргетастарда (геодезиялық қызметтің ИТЖ нұсқауы бойынша) салмалы металл бӛлшегін орнату;

  • жоспарда биіктік пен тіктігі бойынша ұстындарды уақытша бекітіп орнату;

  • монтаждау кезінде құрылыс құрылымдардың орналасуын тексеру;

  • ұстындар, арқалықтар, фермалар және басқа да құрылымдарға осьтік рискалар мен белгілерді геодезист кӛрсеткен жерлерде салу;

  • алаңда бекітілген осьтік рискалар мен биіктік белгілердің сақталуын қадағалау.

Бӛлім бастықтары, жұмыс ӛндірушілер мен мастерлер акт бойынша қабылданған геодезиялық бӛлуді аяқтамай құрылыс-монтаждау жұмыстарға кірісуге құқықтары жоқ. Бас инженермен бекітілген бӛлу актісі құрылысмонтаждау жұмыстарды ӛндіруге рұқсаты болып табылады. Алдында істелген жұмыстарды геодезиялық бақылауға кедергі жасау (коммуникацияларды, орларды, іргетас қазаншұңқырларды, кабель орларды және т.с.с. топырақпен кӛму) рұқсат етілмейді.
Жұмыстардың жалпы журналында (ҚНжЕ 3.01.01.-85, қосымша 1) геодезисттің ғимараттар мен имараттарды, құрылымдарды монтаждау кезінде геометриялық ӛлшемдерді түзеуге арналған нұсқаулар келтіріледі. Құрылыс ұжымдары оларды орындауға міндетті. Олар құрылыс-монтаждау ұжымының бас инженерінің жазбаша нұсқауымен ғана істелмеу мүмкін.
11 Геодезиялық жұмыстарды орындауға арналған жобалық құжаттар
Ғимараттар мен имараттар құрылысы жоба бойынша жүзеге асырылады. Болашақ құрылыс ұжымдарының ұстанымдарын кӛрсететін негізгі жобалық құжаты жергілікті құрылыс ауданның басжоспары болып табылады. Онда ғимараттар, имараттар мен инженерлік торлар, нысандарды жағдайластыру мен кӛгалдандырудың орналастыру тәртібі кӛрсетілу керек. Ғимарат пен имараттардың орналасу тәртібін белгілейтін, сонымен бірге құрылыс аяқталғаннан кейін жергілікті жер бедерін сипаттайтын ауданның топографиялық жоспары – атқарушы басжоспар деп аталады. Құрылыс территориясының тігінен жоспарлау мен жағдайластыру жұмыстарын жүргізу кезіндегі жобаланатын нысандарды жергілікті алаңға кӛшіруіне байланысты бӛлу жұмыстарды жүргізу үшін бӛлу сызбалар қолданылады. Олар басжоспар негізінде құрылыс алаңындағы геодезиялық негіздің пунктерінен құрастырылады және құрамында жергіліктегі әртүрлі нүкте, түзу, жазықтықтарды кӛшіруге қажетті кӛлденең бұрыштар мен ара қашықтықтар кӛрсетіледі.
Ғимараттар мен имараттарды бӛлшектік бӛлуге арналған, сонымен бірге құрылыс алаңында геодезиялық жұмыстарды орындауға байланысты сұрақтарды шешу үшін жұмыстық сызбалар қолданылады. Олар ғимараттар мен имараттардың ірі масштабты және тігінен қималар түрінде болып келеді.
Геодезиялық жұмыстар кезінде қолданылатын негізгі жұмыстық сызбаларға: жобаның беттік парағы; бас немесе негізгі осьтер бӛліктерінің жоспары; ғимараттар, имараттардың іргетастарының жоспары; құрылғыларға арналған алаңдар; тігінен қималар; монтаждау жұмыстары мен технологиялық құрылғыларға арналған сызбалары жатады.
Жобаның бас парағында: сәулеттік-жоспарлық шешімнің негізгі кӛрсеткіштері, шартты белгілердің абсолюттік белгілерге байланысы, яғни нысанның геодезиялық жоспарлық-биіктік байланысы, шартты нӛлдік белгісі (1-ші қабаттың еден деңгейі), жоспарлық-биіктік мәліметтер кӛрсетіледі.
Ғимараттар немесе имараттардың бас немесе негізгі осьтерінің бӛлу жоспарында салынып жатқан нысандардың габариттерін сипаттайтын бас осьтер, ұзына бойлық және кӛлденең негізгі осьтері кӛрсетіледі, осьтердің қиылысу координаттары, сонымен бірге жолдың бұрылу бұрыштары, электроберіліс желінің тіреулері, жерасты инженерлік желілер құдықтарының координаттары беріледі.
Ғимараттар, имараттардың іргетастар жоспарында барлық бӛлу осьтері, онымен байланысқан іргетастің бӛліктері, габариттері мен жоғарғы бетінің белгілері, топыраққа салу тереңдігі, осьтер ара қашықтығы берілген.
Іргетастардың жоспарында құрылғыларды кӛрсету үшін: құрылғылар астындағы іргетастар осьтерінің орналасуын, салу тереңдігі мен ӛлшемдерін ғимараттың негізгі осьтеріне байланысы, салынатын детальдар мен анкерлік болттардың бӛлу шамалары кӛрсетіледі.
Ғимараттар мен имараттардың тігінен қимасында кӛрсетіледі: іргетастардың енгізу тереңдігі, терезе мен есік ойықтарының шектік кӛлемдері (габариті) мен белгілері, сонымен қатар ғимараттар мен имараттардың құрылымдары мен бӛлшек элементтері.
Технологиялық құрылғылардың монтаждау сызбаларын негізгі және қосалқы осьтердің дәл геодезиялық бӛлуді орындау үшін, сонымен бірге жобалық белгілерді шығару үшін қолданылады.
Жобалық құжаттар құрамына жоғарыда аталған материалдардан басқа қосымша құжаттар тізімі кіреді. Мысалы: тігінен жоспарлау жобасын алаңға кӛшіру сызбалары (жер массаларының картограммасы және т.с.с.), ірі және күрделі нысандарды, сонымен қатар кӛпқабатты ірі-панельді ғимараттарды салғанда ГЖӚЖ-дың болуы міндетті.
12 Құрылыс алаңында геодезиялық жұмыстарды орындаудағы техникалық қауіпсіздігі
Құрылыс алаңында геодезиялық жұмыс ӛндірісі кезінде ҚНжЕ ІІІ-4-80 «Құрылыстағы қауіпсіздік техникасы» мен мекемелік нұсқауларда кӛрсетілген нормалар мен қауіпсіздік ережелерін қадағалау қажет. Геодезиялық жұмыстарды орындауға құрылыс басқарманың бұйрығымен бекітілген нұсқаулардан ӛткен қызметкерлер ғана жіберіледі.
Жарақаттану немесе кем болып қалу қауіптілігі геодезиялық жұмысты орындаушының істеген жұмыс орнының жағдайына байланысты.
Кӛліктік қозғалысы жоғары жолдың бӛлігінде жұмыс істегенде және жұмыстық механизмдер саны кӛп болғанда құрылыс алаңында қадағалаушыжұмысшыны тағайындайды.
Жер жұмыстарында терең қазаншұңқырды қазғанда құламалардың еңістігін және дұрыс бекітілуін қадағалап, жер асты қазбалардан әрі жұмыс істеу қажет.
Аспапты орнатып геодезиялық жұмыстарды келесі жағдайларда атқаруға болмайды: экскаватор жұмыс істеп тұрған кезінде оның жанында немесе кран астында; тік құламалары қазаншұңқыр шетінде; топырақ опырылуын алдын алу үшін экскаватормен жұмыс істеген жерлерінде; ілініп тұрған топырақтың астында немесе оның үстінде жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.
Қыс мезгілінде топырақ пен бетонды электр тоғымен жылыту кезінде ӛлшеуіш құрылғыларды кернелген арматураларға тигізгенде тоққа түсу мүмкіндігінің алдын алу үшін геодезиялық ӛлшеулерді осындай орындарынан тыс жерлерде ӛткізу қажет. Арматураларды электрпісіру орындарында немесе тоқ тасымалдаушы желілер бар жерлерде геодезиялық ӛлшеулерді жүргізуге рұқсат етілмейді.
Монолитті іргетастарды бӛлу кезінде және қалыптамалар мен іргетастың қосымша бӛліктеріне орындаушылық түсіруді жүргізу кезінде арматура үстінде жүруге, бір қалыптамадан екіншісіне кертпелер бойынша ӛтуге – апатты жағдайларын алдын алу үшін рұқсат етілмейді. Қажет жағдайларда кӛпірлер мен тӛсемелерді орнатуға жӛн болады. Жаңбырлы уақытта қалыптамада бӛлу жұмыстарды жасауға рұқсат етілмейді.
Теодолиттің визирлік белгілерін, нивелир рейкасының шкалаларын және тікелей құрылғыны жарықтандыру үшін шахтерлік немесе қалта электрлік фонарларын, сонымен қатар жылжымалы шамдарды қолданғаны жӛн. Жұмысшыларда резиналық қолғаптары мен аяқ киімдері болған жағдайда электрошамдарды қолдануға болады.
Салынып жатқан нысандарында құрылғыларды жылжыту үшін тек қана бекітілген және баспалдақтары дұрыс сатыларды қолданғаны жӛн. Баспалдақтары балшықтан, қар мен мұздан тазартылмаған сатылармен жүрмеген дұрыс.
Кӛпқабатты ғимарат ішінде монтаждау жұмыстардың геодезиялық бақылануы тӛсеме үстінде немесе сақ жерлерде ӛткізілу керек.
Геодезисттерді биікке кӛтеру үшін шахталық кӛтермелерді, лифттерді, ал олар жоқ жерлерде ілінбелі, ілмелі және жылжымалы, алаңы мен қоршауы бар сатыларды қолдану керек.
Аспаптарды кӛтеріп бір ұстыннан екіншісіне ӛту, бір арқалықтан екіншісіне ӛту тек қана ыңғайлы кӛпірлермен немесе жылжымалы кӛпірлермен ӛтуге рұқсат. Қауіпті жерлерде жұмыс істегенде атқарушы жұмыскер ӛзін мықты бекітілген құрылымдарға сақтандыру белдікпен байлау керек.
Биіктікте жұмыс істеген кезде аспаптарды панельге немесе арқалықтарға орнатқанда жұмыскерге арнаулы алаң немесе люлька қарастырылу керек. Пісіру жұмыстары кезінде металл арқалықтар мен ригельдерде ӛлшеулерді жүргізуге рұқсат етілмейді.
Монтаждық кӛкжиектерде жұмыс істегенде барлық ойықтар мен тесіктер жабық болу керек.
Жоспарлық негіздің нүктелерін тігінен жобалау әдісімен келесі қабаттарға кӛшіргенде жабындардағы тесіктер бекітілумен қамтамасыздандыру керек.
Қаңқаны тексеру кезінде аспаптың орналасуы орнатылатын құрылымның 1,5 биіктігінен ара қашықтықта болу керек.
Ғимараттың бірінші қабаттарында қабырғаға жақын жұмыс істеген жағдайларда жұмыскерлерді жоғарыдан құлайтын заттар мен материалдардан сақтайтын қорғаушы құрылғылар ұйымдастырылуы қажет.
Геодезиялық жұмыстарды тӛмендегідей қауіпті аумақтарда ӛндіруге рұқсат етілмейді: тиеу-түсіру жерлерінің жанында, материалдар мен құрылымдарды крандармен кӛтеру жерлерінде, рельс жолдарды ӛлшеу мен рихтовка кезінде кран асты арқалықтарда жүруге болмайды. Құрылғы орнатылған жерлерде берік саты мен қоршауы бар алаңдар орнатылу керек.
Су құбырлары мен канализациялық құдықтарды нивелирлегенде, рулетка мен ӛлшегенде немесе құдықтар ішінде рейкаларды орнатқанда, атқарушы түсірулер кезінде құбырларда қауіпті газдың болмағанын алдын ала тексеру керек.
Құрылыс алаңында геодезиялық жұмыстарды орындауға: алты балл күшпен соққан жел кезінде, қалың қар жауғанда, жаңбыр жауғанда немесе шектеулі кӛріну кезінде, ауа температурасы -30ºС және одан тӛмен болған жағдайларда, сонымен қатар монтаждық алаңдарда баскиім («каска») мен сақтандырушы белдіксіз және монтаждық алаңда ашық мұз болғанда, мұнаралы кран жұмыс істеген кезінде рұқсат етілмейді.
Құрылыс алаңында лазерлік құрылғылармен жұмыс істегенде құрылғыны қолдану нұсқауларында кӛрсетілген қауіпсіздік ережелерін сақтағаны жӛн.
Қауіпсіздік ережелері сақталмағаны үшін жауапкершілігін құрылыс ұжымының басқармасы алады.
13 Геодезиялық тірек тораптары
Жер бетіндегі геодезиялық жұмыстар аймақтық геологиялық түсірістер, ізденістік және барлаулық қажеттіліктер, сонымен қатар тау-кен кәсіпорындарын жобалау және салу үшін жүргізіледі.
Тау-кен ӛнеркәсібінде қажетті геодезиялық жұмыстар мен топографиялық түсірістер жатады.
Пайдалы кен орындарын геологиялық барлаудағы топографиялық және геодезиялық жұмыстар күні бұрын бекітілген жобаға сәйкес жүргізілуі, сонымен қатар геодезиялық жұмыстарды жүргізу мен геологиялық барлау жұмыстарын топографиялық-геодезиялық қамтамасыздандыру инструкцияларын міндетті түрде орындалуы қажет.
Бұл жұмыстарға мыналар енгізңледі:

  1. геодезиялық тіре және түсіріс тораптарын құру;

  2. топографиялық түсірістер мен геологиялық есептік карталардың топографиялық негіздемесін жасау;

3)геологиялық барлау қазбаларының геометриялық элементтерін жобадан жергілікті жерге кӛшіру және оларды тірек пункттеріне байланыстыру.
Барланатын кен орны территориядағы және тау-кен кәсіпорнына экономикалық қажетті, геодезиялық 1ірек тораптары мемлекеттік геодезиялық тораптары мен жиілету тораптарынан тұрады.
Мемлекеттік геодезиялық торап 1,2,3,4-кластық триангуляциялық, трилатерациялық, полигонометриялық тораптардан және I,II,III, IV-кластық тораптардан тұрады.
Триангуляция (трилатерация) және полигонометрия әдістері пландық негіз құрады, яғни олар арқылы әрбір тірек пункттерінің Х,У координаталарын алады. Ал, нивелирлеу арқылы пункттің үшінші координатасы - Z, яғни теңіз деңгейінен есептелетін биіктік белгісін алықталады.
Мемлекеттік пландық тірек тораптарын құрған кезде негізгі әдіс, жер бетінде үшбұрыштарды құрудан тұратын триангуляция әдісі болып есептелді. Ол үшбұрыштардың барлық бұрыштарын ӛлшеу арқылы далалық бұрыштық ӛлшеулердің сенімді тексерісі қамтамасыз етіледі.
Үшбұрыштар қабырғаларының ұзындықтарын анықтау үшін үшбұрыш торабының бір қабырғасын ӛлшесе жеткілікті. Қалған қабырғалардың ұзындықтары есептелініп анықталады. Үшбұрыштар белгілі бір тәртіппен, яғни теңқабырғалыға жақын орналасады (2.1-сурет).
Триангуляцияның трилатерациядан айырмашылығы үшбұрыштардың жақтарының ұзындығын анықтау әдісінде. Триангуляцияда базистер ұзындығы мен үшбұрыштардың ӛлшенген горизонталь бұрыштары арқылы ұзындықтар есептелсе,, трилатерацияда радио және лазерлік қашықтық ӛлшеуіштерді қолданылады.
1-кластық звено

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет