Түсіру және трассалаужұмыстары – құрылыстың бастапқы жобалау және инженерлік ізденістер кезінде орындалады.
Бөлу жұмыстары – құрылыс кезеңіне тікелей байлынысты жүргізіледі және ғимараттар мен имараттардың осьтері мен нүктелерін жергілікті жерге түсіруге арналған жұмыстар.
Орындаушылық түсірістер – құрылыстық процесс кезінде және құрылыс-монтаждау жұмыстардың орындау сапасын бақылау мақсатында, сонымен бірге салынған жергілікті алаңның жаңа жоспарын құрастыруға қажет.
Құрылыс нысандардың деформациясын қадағалау – оларды тұрғызудан бастап құрылыстың аяқталуына дейін жүргізіледі, және қажет болған жағдайда, пайдалану кезінде жалғастырылады.
Геодезиялық жұмыстардың құрамы құрылыс алаңында жүргізілетін процесстерге тікелей байланысты болады:
құрылысқа арналған геодезиялық бӛлу негізін құру, яғни құрылыс алаңның бӛлу торын салу, имараттар мен ғимараттар, магистралды және алаңнан тыс сызықтық имараттардың сонымен бірге технологиялық құрал-жабдықталуын монтаждау үшін негізгі немесе бөлу осьтерін алаңға шығару;
магистралдық, сызықтық имараттардан немесе олардың бӛліктерінен, басқа ішкі-алаңдық уақытша ғимараттардың бӛлінуі;
ғимараттар мен имараттардың ішкі бӛлінуі. Егер де геодезиялық жұмыстар ӛндірудің жобасында (ГЖӚЖ) немесе ӛндірістік жұмыстар жобасында (ӚЖЖ) технологиялық құрал-жабдықтарды монтаждау алдын ала қарастырылса - бастапқы және монтаждық кӛкжиектерде бӛлу торды салу;
аяқталған нысанның орындаушылық геодезиялық құжаттаманы орындау. Ғимараттың (имараттың), немесе оның бӛліктерін геометриялық параметрлеріне дәлдік сәйкестігін геодезиялық бақылауды жүргізу;
егер жобалық құжаттамада авторлық немесе мемлекеттік қадағалау қарастырылса - негіздердің, ғимарат (имарат) құрылымының және олардың бӛліктерінің деформацияларын геодезиялық ӛлшеу.
Жоғарыда кӛрсетілген геодезиялық жұмыстар құрылыстық-монтаждау жұмыстар технологиясының қажет бӛлігі болып табылады және құрылыс ӛндірісі мен арнайы жұмыстардың орындалу мерзіміне байланысты бір графикпен орындалады.
Құрылысқа арналған геодезиялық бӛлу негізін салу және ғимараттар (имараттар) мен олардың бӛліктерінің деформацияларын геодезиялық ӛлшеуді құрылыс процесінде «тапсырыс беруші» орындайды. «Салушылардың» міндеттеріне құрылыс процесінде геодезиялық жұмыстарды ӛндіру, ғимараттардың (имараттардың) геометриялық параметрлерінің дәлдігін геодезиялық бақылау және орындаушылық түсірулерді ӛндіру жатады.
Ірі, күрделі және 9 қабаттан жоғары ғимараттар үшін, дәл сондай тәртіппен, бӛлек геодезиялық жұмыстардың ӛндіріс жобасы (ГЖӚЖ) жасалынады.
ГЖӚЖ-ны салушылар да, ғылыми жобалау ұжымдары да (тапсырыс берушінің таңдауы бойынша) орындай алады.
Геодезиялық жұмыстарды бастамас бұрын, бӛлу жұмыстарында қолданылатын жұмыстық сызбалар, ӛлшемдер, координаталар және белгілердің ӛзара сәйкестігі тексеріліп, тапсырыс берушінің техникалық қадағалауымен ӛндіруге рұқсаты берілу керек.
Геодезиялық жұмыстарды қажетті дәлдікпен ӛлшейтін құралдармен орындағаны дұрыс болады. Геодезиялық құралдар белгіленген кезегімен тексеріліп, ―юстировка‖-дан ӛту керек, және де әр жұмыс басталар алдында уақытымен тексерілу қажет.
Жобалық құжаттамада қарастырылған территорияны тазалау, қиратуға арналған құрылыстардан босату, және тігінен жоспарлаудан кейін ғана геодезиялық жұмыстарға кірісуге болады.
5 Қадалау жұмыстарының жобалық құжаттары
Құрылыстың барлық түрінің жобалық құжаттары болады, олардың ішінде құрылысқа керекті жер бетінің бедері, құрылыстың пішіні және ӛлшемдері, басқа нысандардан қанша жерде, қалай орналасқан, басқа құрылыстар арасындағы байланыс және олардың элементтерінің орналасуы, сонымен бірге құрылыстың технико-экономикалық кӛрсеткіштері, негізгі құрылымдардың, жабдықтардың сипаттамалары, құрылыс ӛнімдерінің жобасы, үрдісті-механикалық құрылыс салу технологиясының құрамы және ұйымдастыру тәсімдері т.б.
Жобалық берілімдерді жер бетіне нақтылы түсіру үшін келесі негізгі жобалық құжаттар болулары керек:
бас план (генплан) және топографиялық пландар, масштабтары 1:5000-1:500, бұл пландарға салынбақшы құрылымның пландық-биіктік шамалары, ӛлшемдері, пішіндері, бір-бірімен байланыс тәсімдері егжейтегжейлі кӛрсетіледі;
құрылымның негізгі тұстарының ұзынабойлық және көлденең профилдері, мұнда құрылым элементтерінің биіктік бойымен бір-бірімен байланысы, кейбір нүктелердің, заттардың орналасуы кӛрсетіледі;
құрылыс салынбақшы территорияны тік жазықтықта тегістеу планы;
жұмыс істеу сызбалары және сызбалары, мұнда құрылыс бӛліктерінің ӛлшемдері, пішіндері және орналасулары сипатталады.
Жобалық берілімдерді жер бетіне нақтылы түсірулер, геодезиялық жұмыстардың бастамастан бұрын жобалық берілімдерді алдын ала дайындау жұмыстары атқарылады. Бұл дайындықтар әр түрлі жобалық шамаларды, есептеулермен немесе план бетінен ӛлшеп анықталатын шамаларды және де жетіспейтін шамалар мен ӛлшемдерді қолдануға ыңғайлы етіп дайындап алады.
Керек шамаларды, ӛлшемдерді дайындау, атқарылатын геодезиялық жұмыстардың әдістерін жобалық берілімдерге және қабылданған координаталар жүйесіне, сонымен бірге қадалау жұмыстарына сай таңдаудан басталады.
Қадалау сызбалары жұмыс орынына шығар алдында әр жұмысқа бӛлек-бӛлек жасалады. Бұл сызбалар белгілі бір құрылыс элементінің барлық мәліметтерін қамтуы керек.
Қадалау сызбасын оның бетіне құрылыстың тірек торларының нүктелерін салудан бастайды да, оған қадалау жұмыстарына керекті жобалық берілімдерді жазып, сызып алады.
Қадалау жұмыстарының берілімдерін құрып (салып, сызып) алғаннан кейін, оны жобадағы берілімдермен, сызбалармен салыстырып тексереді.
Геодезиялық жұмыстар келесі негізгі түрлерге бӛлінеді: түсіру, трассалау, бӛлу жұмыстары, сонымен бірге орындаушылық түсірістер, құрылыс нысандарының деформациясын қадағалау.