Қадалау жұмыстарының жобалық құжаттары Құрылыстың барлық түрінің жобалық құжаттары болады, олардың ішінде құрылысқа керекті жер бетінің бедері, құрылыстың пішіні және ӛлшемдері, басқа нысандардан қанша жерде, қалай орналасқан, басқа құрылыстар арасындағы байланыс және олардың элементтерінің орналасуы, сонымен бірге құрылыстың технико-экономикалық кӛрсеткіштері, негізгі құрылымдардың, жабдықтардың сипаттамалары, құрылыс ӛнімдерінің жобасы, үрдісті-механикалық құрылыс салу технологиясының құрамы және ұйымдастыру тәсімдері т.б.
Жобалық берілімдерді жер бетіне нақтылы түсіру үшін келесі негізгі жобалық құжаттар болулары керек:
бас план (генплан) және топографиялық пландар, масштабтары 1:5000-1:500, бұл пландарға салынбақшы құрылымның пландық-биіктік шамалары, ӛлшемдері, пішіндері, бір-бірімен байланыс тәсімдері егжейтегжейлі кӛрсетіледі;
құрылымның негізгі тұстарының ұзынабойлық және көлденең профилдері, мұнда құрылым элементтерінің биіктік бойымен бір-бірімен байланысы, кейбір нүктелердің, заттардың орналасуы кӛрсетіледі;
құрылыс салынбақшы территорияны тік жазықтықта тегістеу планы;
жұмыс істеу сызбалары және сызбалары, мұнда құрылыс бӛліктерінің ӛлшемдері, пішіндері және орналасулары сипатталады.
Жобалық берілімдерді жер бетіне нақтылы түсірулер, геодезиялық жұмыстардың бастамастан бұрын жобалық берілімдерді алдын ала дайындау жұмыстары атқарылады. Бұл дайындықтар әр түрлі жобалық шамаларды, есептеулермен немесе план бетінен ӛлшеп анықталатын шамаларды және де жетіспейтін шамалар мен ӛлшемдерді қолдануға ыңғайлы етіп дайындап алады.
Керек шамаларды, ӛлшемдерді дайындау, атқарылатын геодезиялық жұмыстардың әдістерін жобалық берілімдерге және қабылданған координаталар жүйесіне, сонымен бірге қадалау жұмыстарына сай таңдаудан басталады.
Қадалау сызбалары жұмыс орынына шығар алдында әр жұмысқа бӛлек-бӛлек жасалады. Бұл сызбалар белгілі бір құрылыс элементінің барлық мәліметтерін қамтуы керек.
2 Инженерлік ізденіс жұмыстарының түрлері мен атқаратын істері және бағдарламасы
Инженерлік жұмыстарды жобалау және оны ары қарай салу, арнаулы инженерлік ізденіс деп аталатын үрдісті жұмыстар негізінде жүргізіледі. Инженерлік ізденістің негізгі атқаратын істері-болашақ құрылыс салынатын ауданның табиғи және экономикалық жағдайларын, құрылыс нысандарының оны қоршаған ортамен ӛзіндік байланысы, оларды қорғаудың инженерлік жолдары және құрылысты мекендеушілердің қауіпсіз ӛмір сүру жағдайларын зерттеу.
Инженерлік ізденістің әр түрі жобалаудың ӛзіне тән сатысын материалдық қамтамасыз етуі керек. Сондықтан ізденісті бірнеше түрге бӛледі:
алдын алалық, техника-экономикалық негізін анықтау (ТЭН) немесе техника-экономикалық есептеу (ТЭЕ);
Ізденіс экономикалық және техникалық болып екіге бӛлінеді. Экономикалық ізденістер салынбақшы құрылысты, сол жерде құрылыс материалдарымен, заттармен, кӛлікпен, сумен, энергиямен, жұмыс күшімен т.с.с. қамтамасыз ете алама және салынып болған соң осы құрылыс экономикалық тұрғыдан тиімдіме, осы аталған шарттарды есепке ала отырып жасайды. Экономикалық ізденіс техникалық ізденістің алдын алып отырады. Техникалық ізденіс құрылыс салынатын жер аумағының табиғи жағдайын егжей-тегжейлі зерттеу және жобалау, құрылыс салу кездерінде сол жердің табиғи байлықтарын мүмкіндігінше толық пайдалану және есепке алу үшін жүргізіледі.
Құрылыс салынатын алаңды бағалау үшін, келесі үрдісті ізденістер жүргізеді: негізгі-инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық; гидрометеорологиялық, климатологиялық және метерологиялық, құнарлы жер қыртысын геоботаникалық тексеру және басқалар. Қандайда құрылыс салынсада негізгі ізденістерді бірінші кезекте жүргізеді.
3 Инженерлік-геодезиялық ізденіс
сол ауданның жер бедері және ондағы құрылымдар туралы деректер бере отырып, жобалау жұмыстарының негізі болып қана қоймай басқа ізденіс түрлерін жүргізуге, тексеруге пайдаланылады. Инженерлік-геодезиялық ізденіс кездерінде геодезиялық негіз түрлерін құру және құрылыс салынатын алаңда әр түрлі масштабтардағы топографиялық түсіріс, сызықтық құрылыстардың трассаларын қадалау, геологиялық, гидрогеологиялық қазбаларды, геофизикалық барлау нүктелерін геодезиялық істермен байланыстыру және де басқа жұмыстар атқарылады.
4 Гидрометеорологиялық ізденістер
ӛзендер мен су қоймаларындағы су жиналу мұмкіндіктері, сол районның климаттық сипаттамалары туралы мәлімет береді. Сонымен бірге гидрометеорологиялық ізденіс кездерінде су деңгейінің ӛзгеруі, кӛлбеулігі, бағыты және ағу жылдамдығы, ақпа су кӛлемі, тереңдігі және су қабаттарының қалыңдығы туралы мәліметтер жинайды.
Құрылыс салу үшін атқарылатын инженерлік ізденіске геотехнологиялық тексеру, табиғи және техногендік қауіптілікті бағалау; территорияны инженерлік қорғаудағы шараларды негіздеу; қоршаған ортаға әсер етуші жергілікті күштерге мониторинг жүргізу, инженерлік ізденісті ғылыми тұрғыдан қарау, ізденіс жұмыстарын атқарушының авторлық құқын қорғау; кадастрлық және де басқа осыған жататын істер және құрылыс салу кезіндегі ғылыми ізденіс, нысандарды пайдалану және оларды істен тыс қалдыру (жабу) жатады.
Инженерлік ізденіс жұмыстарының мазмұны және кӛлемі жобаланбақшы құрылыстың түрі, саласы және ӛлшемдеріне, жергілікті жер жағдайына және құрылыс таным дәрежесіне, сонымен бірге құрылыстың жобалық деңгейіне байланысты болады. Салу технологиялары жалпы бірбірімен ұқсас және ізденіс жұмыстары бір тәсімді әр түрлі құрылыстар (құрылымдар) бір топқа бірігуі мүмкін: алаңдық және сызықтық құрылыстар. Алаңдық құрылысқа жататындар: елді мекендер, ӛндіріс мекемелері, аэропорттар және де осыған ұқсастар. Сызықтық құрылыстарға жататындар: жолдар, электрожелілер, құбырлар және де осыған ұқсастар.
Инженерлік ізденіс жұмыстарын жүргізу әдістері, тәртіптері және дәлдіктері құрылыс нормаларымен анықталады, мысалы СНиП 11-02-96 және 11-04-97 деп аталатын құрылыс нормаларында.
Қадалау жұмыстарының жобалық құжаттары Құрылыстың барлық түрінің жобалық құжаттары болады, олардың ішінде құрылысқа керекті жер бетінің бедері, құрылыстың пішіні және ӛлшемдері, басқа нысандардан қанша жерде, қалай орналасқан, басқа құрылыстар арасындағы байланыс және олардың элементтерінің орналасуы, сонымен бірге құрылыстың технико-экономикалық кӛрсеткіштері, негізгі құрылымдардың, жабдықтардың сипаттамалары, құрылыс ӛнімдерінің жобасы, үрдісті-механикалық құрылыс салу технологиясының құрамы және ұйымдастыру тәсімдері т.б.
Жобалық берілімдерді жер бетіне нақтылы түсіру үшін келесі негізгі жобалық құжаттар болулары керек:
бас план (генплан) және топографиялық пландар, масштабтары 1:5000-1:500, бұл пландарға салынбақшы құрылымның пландық-биіктік шамалары, ӛлшемдері, пішіндері, бір-бірімен байланыс тәсімдері егжейтегжейлі кӛрсетіледі;
құрылымның негізгі тұстарының ұзынабойлық және көлденең профилдері, мұнда құрылым элементтерінің биіктік бойымен бір-бірімен байланысы, кейбір нүктелердің, заттардың орналасуы кӛрсетіледі;
құрылыс салынбақшы территорияны тік жазықтықта тегістеу планы;
жұмыс істеу сызбалары және сызбалары, мұнда құрылыс бӛліктерінің ӛлшемдері, пішіндері және орналасулары сипатталады.
Жобалық берілімдерді жер бетіне нақтылы түсірулер, геодезиялық жұмыстардың бастамастан бұрын жобалық берілімдерді алдын ала дайындау жұмыстары атқарылады. Бұл дайындықтар әр түрлі жобалық шамаларды, есептеулермен немесе план бетінен ӛлшеп анықталатын шамаларды және де жетіспейтін шамалар мен ӛлшемдерді қолдануға ыңғайлы етіп дайындап алады.
Керек шамаларды, ӛлшемдерді дайындау, атқарылатын геодезиялық жұмыстардың әдістерін жобалық берілімдерге және қабылданған координаталар жүйесіне, сонымен бірге қадалау жұмыстарына сай таңдаудан басталады.
Қадалау сызбалары жұмыс орынына шығар алдында әр жұмысқа бӛлек-бӛлек жасалады. Бұл сызбалар белгілі бір құрылыс элементінің барлық мәліметтерін қамтуы керек.
Қадалау сызбасын оның бетіне құрылыстың тірек торларының нүктелерін салудан бастайды да, оған қадалау жұмыстарына керекті жобалық берілімдерді жазып, сызып алады.
Қадалау жұмыстарының берілімдерін құрып (салып, сызып) алғаннан кейін, оны жобадағы берілімдермен, сызбалармен салыстырып тексереді.
Геодезиялық жұмыстар келесі негізгі түрлерге бӛлінеді: түсіру, трассалау, бӛлу жұмыстары, сонымен бірге орындаушылық түсірістер, құрылыс нысандарының деформациясын қадағалау.