Есеп ҥлгісі: Масштаб жоспары 1:500, онда алаңдағы ара қашықтың ауытқу шамасы md=0,2 мм х 500 = 0,10 м.
Бірақ жобалау топографиялық жоспарларының копия данасынан жүргізілетінің ескерсек, онда графикалық дәлдік одан да тӛмен болатынын кӛреміз. Сол себептен осы әдісті аса жауапты емес, немесе кӛмекші ғимараттардың құрылысында, немесе жоспарлық дәлдігі аса маңызды емес ішкі кварталдық құрылыста қолданылады.
Xa XX Ya YY(3.2)
мұндағы Х және У – координаттық тордың тӛменгі бұрыштың координаталары, ал ΔХ, ΔУ - графикалық әдіспен жоспардан алынған ара қашықтық, мм. Қағаздың деформациясын ескергенде А нүктесінің координаталары:
Xa X L (3.3)
Ya Y
YY1 мұндағы L – координаттық тордың бүйір ұзындығы.
Сурет 3.2 - А нүктенің координаталарын анықтау әдістері: аграфикалық әдіс; б – аналитикалық әдіс
Сол сияқты В нүктесінің координаталарын анықтауға болады
25 Аналитикалық әдіс
Жобалық нүктелердің координаталарын дирекциялық бұрыштар мен тіреулік пунктерге байланысу сызықтарының ұзындығынан анықтаймыз. Мысалы А нүктенің координаттардың орналасуы: белгілі М тіреулік пунктен, МА сызықтың β бӛлу бұрышын түзейтін α дирекциялық бұрыштан және сызықтық байланыс d ұзындықтан анықтайды.
MA MN
a2 b2 tg ; d a
b А нүктенің координаттары келесі формула бойынша анықталады:
Xa XM d Cos
(3.4)
YA YM d Sin В нүктенің координаттары:
XB XA ABCosMN YB YA ABSinMN (3.5)
Аналитикалық әдіс есептеуді қарапайым тригонометриялық формулалардың кӛмегімен масштабқа тәуелсіз жоғарғы дәлдікпен жасауға мүмкіндік береді.
26 Графоаналитикалық әдіс (араласқан) аналитикалық және графикалық әдістерінен қосылған. Бұл жағдайда бӛлек нүктелердің координаталарын графикалық әдіспен анықтап, қалған нүктелерді В,С, D, сызықтық және бұрыштық байланыстарын аналитикалық әдіспен табады.
Дәлдік жағынан бұл әдіс аналикалықтан тӛмен, бірақ бӛлу жұмыстарды қанағаттандырады. Және тәжірибеде кең таралған.
27 Еңістік және горизонтал алаңдарды жобалау
Тігінен жоспарлау, яғни табиғи жер бедерін салу талаптарына сәйкес алаңға жобалау, құрылыстағы маңызды орын алады. Тігінен жоспарлау горизонтал немесе еңістік алаңды жобалаудан құрылады. Жобалық жазықтықтың таңдалуы технико-экономикалық кӛрсеткіштеріне және құрылыс ерекшеліктеріне байланысты.
Қажет экономикалық тиімділігіне жету үшін қазынды (ойық) мен үйінді кӛлемдері бір-біріне теңестіріп, және жер жұмыстарын мүмкіндігінше азайту қажет. Бұл жағдайда артық топырақты шығаруға, ал жетіспеген топырақты сырттан әкелуге қажеті жоқ. Жобалық алаңның ішінде топырақтарды кӛшіріп тегістейді.
Жобалау барысында үйілетін және қазылатын топырақ кӛлемдерін анықтау және оны кӛшірудің күрделі салымдарын анықтау қажет.
Жобалау 1:500, 1:5000 масштабтағы топографиялық жоспар негізінде, немесе бүйірі 10-50 м квадрат бойынша нивелирлеу нәтижесінде орындалады. Бүйірінің ұзындығы жер бедерінің күрделігіне байланысты. Нивелирлеу немесе горизотальдар арқылы квадрат тӛбелерінің нақты белгілері анықталады.
Горизонтал алаңды жобалаған кезде алаңның орта салмақтық жобалық белгісін Н0 анықтау үшін квадрат тӛбелерінің орта мәнің осы формула арқылы табады:
Ho H1 24Hn 2 4H4 (3.6)
мұндағы Н1, Н2,Н3, Н4 –1, 2, 3, 4 квадрат арасында жатқан тӛбелердің
мәні; п – квадарттардың саны.
Содан кейін әр тӛбенің жұмыстық белгілерін есептейді:
hжұм = Нжоба- Нжер, (3.7)
мұндағы Нжер әр квадрат тӛбедегі жердің нақты белгілері.
Еңістікті алаңды жобалау үшін Н0бастапқы нүктенің жобалық белгісімен, іх ұзына бойлықжәне іу кӛлденең еңістігімен және олардың бағыттарымен негізделеді (сурет 2.3).
Бастапқы нүктенің жобалық белгісі алдын ала берілген немесе формула бойынша анықталу мүмкін. Квадрат тӛбелерінің Нжобажобалық белгілері Но бастапқы нүктеден dx және dу қашықтықпен абсцисса және ордината осьтерінің бойымен келесі формула бойынша анықталады.
Нiжоба H0 dx ix dy iy (2.8)
Сурет 3.3 – Алаңды жобалау кезіндегі квадраттарды орналастыру сұлбасы
Нжоба белгілерді анықтаған кезде іx және іу еңістіктердің, hxжәне hy биіктік ауытқулардың таңбасы Но бастапқы нүктеден жоғарғы бағытта және оңға қарай оң «+» болады, тӛмен және солға қарай теріс «-» болады.
Барлық квадрат тӛбелердің жұмыстық белгілері жобалық пен жер бедерінің белгілерінің айырмасы арқылы келесі формуламен анықталады:
hi Нiжоба Нiжер (3.9)
28 Жер жұмыстарының картограммасын салу
Еңістікті және горизонталь жобалық алаңдарды жобалаған кезде келесі орындау тәртібін сақтау қажет. Есептелген жобалық және жұмыстық белгілердің мәндерін әр квадрат тӛбесіне сәйкес жер бедерінің белгісі үстінде жазылады. Картограмма тігінен жоспарлаудың графикалық материалы болып есептеледі және нивелирлеу жоспардың негізінде М1:500, М1:1000 масштабында құрастырылады.
Сурет 3.4 - Жер жұмыстарының картограммасы
Жұмыстық белгілері «+» таңбасы (үйінді биіктігі), және «-» таңбасы (қазынды тереңдігі) квадрат бүірлерінің арасында нольдік жұмыстарының сызығын жүргізеді. Нольдік сызық топырақ үйінді мен қазындының шекарасы болып келеді. Оны салу үшін квадрат тӛбеден нольдік нүктеге дейін х ара қашықтығын анықтайды.
х h1h1dh2 (3.10 )
мұндағы d – квадрат бүйірінің ұзындығы ; hx, hу - жұмыстық белгілері.