ИТЕҒҰЛОВА САЯ
даған мінезі, қолы ашық жомарттығы, көзі ашық
оқығандығы өзіне сор болып жабысып, «халық
жауы» болып атылып кете барды. Жатыпатар жама-
ғайындар Жадырасынның әйелін де аямайды. «От
басы, ошақ қасындағы сауатсыз әйел емес, хат та-
нитын сауатты әйел, Сталинге дейін хат жазып, із-
деу салар, бұның да көзін құртайық» деп шешкен
арызқой залымдар Жадырасынды да, оның әйелін
де «жаптым жала, жақтым күйемен» қыршыннан
қияды.
«Сыбырлап айтқанды Тәңірі естімей ме?!» де-
ген мәтел тегін айтылмаса керек. «Ел құлағы елу»
деген. Жадырасынға кімдердің ор қазғанын аға-
йын-туыстың бәрі біледі. Бірақ заман солай болды
ма, «обал болды-ау» дегеннен әріге ешбірінің қау-
қары жетпеді. Кейін Ақілгек Сейтімге күйеуге
шығып, етек-жеңін жапқан уақытта осы жамаға-
йындарымен талай жолығысқан. Сонда Сейтім:
«Менің әке-шешемнің байлығы қайын атам
Жадырасынның байлығынан аз емес. Байды көр-
сеткіш болсаңдар менің әке-шешемді неге ұстат-
падыңдар? Сендердің надан балаларыңа молда
ұстап сауат ашқызып, шешекпен ауырған өңкей
маңқаларыңды дәрігер ұстап жазып алған Жады-
расынды неге ұстаттыңдар?» – деп беттеріне та-
лай басқан болатын. Сонда әлгілер:
«Сенің әке-шешеңді немесе сені көрсетсек, сен
кекшіл адамсың, ит жеккеннен қашып келсең де,
аман жетіп, бізді бала-шағамызбен бірге бауыздап
өлтірер деп қорықтық» деген екен жүздері жан-
бай.
Ақілгек анасына ұқсаған. Бойы ортадан жоға-
ры, талдырмаш келген, екі бұрымы баланың бі-
легіндей жұп-жұмыр. Тектілігі жүріс-тұрысынан
АНА ТАҒДЫРЫ
9
ап-айқын байқалып тұрады. Тағдырдың дүлей да-
уылы қанша жұлмаласа да, еңсесін тіп-тік ұстап,
жып-жинақы болып жүретін. Еті аппақ, көздері
көк аспандай тұп-тұнық, нәзік бойына ескі киім-
дердің өзі жараса кететін Ақілгекті жақтырмайтын
жеңгелер де аз болмайтын. Ата-анасының тірісін-
де есігінде жүріп, отын жағып, күлін шығарған
кейбір жаман кедейлер арыстандай әкесі, аяулы
анасы кеткеннен кейін жетім қалған үш балаға
күн көрсетпеуге көшкен. Жаны ашитын ет бауыр
жақындары жоқ үш жетім аты аталас алыстау бір
жамағайындарын барып паналайды. Кезінде ара-
ласып-құраласып жүрген жолдас-жоралар мен
ағайын-жұрт «Халық жауының балалары» деп
бұларға жақындауға жасқанады.
Бір күні әкесінің жақын жолдасы келіп, Ақіл-
гек пен Төленбайды оңашалау жерге алып шығып
шаруасын айтады.
«Мен әкелерің Жадырасынның аруағының ал-
дында сендерге жақсылық жасағым келеді. Ертең
Қазақстанға жүрем. Кеме таңғы 8-де жүріп кетеді.
Ешкімге білдірмей, сол кемеге келіңдер. Сол жер-
ге жетсеңдер болды, ары қарай өзім алып өтемін.
Бұл жақта сендер арам өлесіңдер. Ол жақта әке-
лерің туралы ешкім білмейді. «Жетім балалар»
деп қағаз дайындап, жақсы бір балалар үйіне
өткіземін. Жолдастарымызбен келісіп, бәрін рет-
теп қойдық. Білім алып, әлі-ақ әке-шешелеріңнің
жоқтаушысы боласыңдар. Тек ертең кешікпең-
дер» – деп қайта-қайта табыстап, қараңғылық құ-
шағына кіріп кетті.
Ақілгек сіңлісі Ақмоншақ екеуі аяқ-табақ
сақтайтын қараша үйде қонушы еді. Ал Төленбай
малды күзетіп, қорада ұйықтайтын. Қора қараша
10
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
үйден шалғай жерде. Жеңгелерінің көрген бетте
қарғай жөнелетін ащы тілі мен адуынды мінезі-
нен қаймығып қалған бала Төленбай:
«Ақілгек, ертемен үшеуміз бірге кетсек, мына-
лар сезіктеніп қалар. Мен бөлек кетейін. Сен Ақ-
моншақты алып кел. Бір түн шыдаңдар. Ертеңгі
атар таңмен біздің жаңа өміріміз басталады. Қара
түнек қайғы осы қараңғы түнмен бірге қалады»,
– деп даусы дірілдеп, қарындасының басынан
иіскеді.
Сол таң Ақілгектің өміріндегі ең ұзақ таң бол-
ды. Бала көңілін үрей мен үміт билеп, дегбірі
қашып кетті. Жанындағы үш жасар Ақмоншақ
пысылдап ұйықтап жатыр. Бұрын анасының ба-
рында алдына қойған тамақты жыламай ішпейтін
ерке Ақмоншақ бұл күндері қатты өзгерген. Басы-
на түскен зұлматты бүлдіршін жүрегі толық сез-
бесе де, еркелететін адамның жоғын біліп қалған
сәби дымын шығармауды үйреніп алыпты. Қатты
қарны ашса ғана аздап қыңқылдайтыны бар, әйт-
песе бала болып ойнауды да қойып, күнұзақ шидің
көлеңкесінде жатады да қояды. Бұл күнде Ақмон-
шақтың танадай мөлдіреген көздері шүңірейіп,
ұзын кірпіктері аздаған үрейді ұялатады. Дөң-
гелек жүзі суалып, екі ұрты ішке кіріп кетіпті.
Балпанақтай денесі шөгіп, саусақтары сынып ке-
тетіндей нәзік болып көрінеді. Ақілгек өзінің де
бала екеніне қарамастан сіңлісіне қолынан кел-
генше қамқорлық жасап бағуда. Алдарына ұры-
сып берген азын-аулақ асты да сіңлісінің аузына
тосады. Үстіндегі ескі шапанының етегімен бүк
түсіп жатқан сіңлісін қымтап, ойланып отырып
ұйықтап кетіпті.
Түсінде ата-анасын көрді. Әкесінің үнемі жа-
дырап жүретін нұрлы жүзі бұл жолы солғын тар-
|