АНА ТАҒДЫРЫ
15
Осы оқиғадан кейінгі бір-екі айдың шамасы бо-
латын. Сиыр сауып болып, қорадан шыққан беті
еді. Бір әйел келіп: «Қыз-ау, сені Сейітмұхамбет
деген сері жігіт айттырғысы келеді екен. «Қыздың
көңілін біліңдер» –
деп жеңгелеріне сөз салып-
ты. Не ойың бар?» – деп қуақылана түйіп қалды.
Артынша: «Мұндай азаматтың етегінен ұстасаң,
қор болмайсың. Бағың бар екен» – демесі бар ма?
Ақілгек аузына сөз түспеді. Анасының сүтімен
сіңген тәкаппар мінезін дүлей тағдыр жоя алмаған
болатын. Әрі жасынан жетімдік көріп, бұйығы
өскендігі тағы бар, адамға ашыла бермейтін үркек
қыз қапелімде не деп жауап берерін білмей қалды.
Есесіне жауапты қатігез жеңгесі берді.
– Ол не дегенің сенің. Сейітмұхамбеттің тентек
мінезіне әке-шешелері үлде мен бүлдеге
бөлеп
ұзатқан әйелдері шыдамай, бірі өліп, бірі қашып
құтылды. Ақілгекті жетім қыз деп басынғаны ма?
Мұны әйелдікке алса, бір күнде-ақ ұрып өлтірер.
Далаға тастайын деп отырған қызымыз жоқ. Ау-
лақ жүрсін! – деп бір-ақ қайырды.
Сонымен әңгіме аяқталғандай еді.
16
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Әне-міне дегенше жаз да өте шықты. Күздің
қара суық кеші болатын. Күнұзақ күйбеңдеп
үй тірлігімен жүрген Ақілгек үйде судың аза-
йып қалғанын көріп, бұлақ басына қарай жүгіре
жөнелді. Мойнында иінағашқа ілінген қос ше-
лек, үстінде көнетоздау шыт көйлек. Күзгі қара
суыққа қарсы тұрарлықтай шыт көйлектің не қау-
қары болсын? Денесін суық сорып, дір-дір етеді.
Иінағашты ұстаған қос қолы қарысып қалғандай.
Бар ойы суатқа тез жетіп, қос шелекке суды тол-
тыру. Өйткені, ауыр шелекті көтерген соң денесі
дәл осындай дірілдеп тоңбайды. Қайта ауыр сал-
мақпен өрге қарай көтерілген кезде жотасы тер-
леп, өне бойы ысып кетеді. Тек үйге
жеткеннен
кейін жауырынының шаншып, белінің ауыраты-
ны болмаса...
Бұлақтың басында
біреу тұрғандай болып
көрінді. Ия... сол.... әлгі сері жігіт – Сейітмұхам-
бет. Алғашында аты шошып кетсе керек, ашулы
көзімен жалт қарады. Кейін көктен іздегені жер-
ден табылғанына қуанғандай:
– Өзіңмен сөйлессем деп жүр едім. Маған тұр-
мысқа шық. Өмірің қазіргі күйіңнен жақсы бола-
ды, – деді. Артынша:
– Бұдан кейін кездесудің жолын іздемеймін.
Адам жіберіп, сөз салмаймын. Еремін десең, қазір
атыма мінгес, – деп атына беттеді.
Ақілгектің әбден суық сорған денесі икемге
келмей, қалшылдап барады. Көз алдынан ата-
анасы,
қос бауыры, бүкіл өмірі тізбектеліп өте
шықты.
– Қазіргі күйімнен жақсы болса, жарайды. Ете-
гіңізден ұстадым, – деді де, иығындағы иінағашты
жерге тастай сала, соңынан ерді.