1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет8/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
Байланысты:
(pdf) Ана тағдыры (Сая Ағанасқызы)

АНА ТАҒДЫРЫ
23
Шаш ал десе, бас алатын шолақ белсенділер 
қай жерде де кездесетін заман. Кей нұсқаушы-
лар майданға шақырылғалы отырған бозбалалар-
ды қан сорпасын шығара жүгіртіп, зорықтырады 
екен. Осыны көрген Сейітмұхамбет:
– Бұл жігіттерге мылтықты қалай оқтап, қалай 
атуды үйретсек те жеткілікті. Ал қалай жүгіріп, 
қалай секіру керек екенін қан майдан өзі-ақ үйре-
теді, – деп қызыл кеңірдек болатын.
Күні ертең оқ пен оттың ортасына барғалы 
отырған бозбалаларды аяп, сәл де болса азапта-
рын жеңілдетпекші болған Сейітмұхамбет оларға 
үнемі жаны ашып, кешіріммен қарайтын. Көздеп 
ату жаттығуларын бітіргеннен кейін бозбалалар-
ды құмның ішінде демалдырады екен... 
Ажар бұл кезде бой жеткен қыз. Сәбит Мұқа-
новтың «Ботагөз» романын оқып жүрген уақыты. 
Кешке қарай қызметтен шаршап келген ағасының 
алдынан шығып:
«Ағажан, нәрестенің атын Лиза деп қояйық. 
Лиза – офицердің қызы. Шығармадағы ұнамды 
кейіпкерлердің бірі. Сертіне берік, адамгершілігі 
мол, қайсар қыз. Біздің сіңліміз де сондай болып 
өссін» – дейді алып-ұшып. 
Ажардың бұл есімді қоям дегеніне үлкендер 
де қарсы болмады. Ел арасында баласы тұрмаған 
адамдардың нәрестеге елеусіздеу бір аттарды қоя- 
тын, болмаса орыстың есімін беретін ырымы бо-
латын. Ондағысы зұлым күштерді адастырып, 
шарананы бәле-жаладан аулақ ұстау. 
Соғыс өртінің әлі де өршіп тұрған шағы. Елде-
гі қатын-қалаш, бала-шағаның барлығы үкіметтің 
шаруасына жегілген. «Барлығы майдан үшін!» де-
ген ұранды өмірлік ұстанымдарына айналдырған 
ел адамдары тыл майданында аянбай еңбек етуде. 
Нұрмағамбеттің жалғыз ұлы – Жанділлә мектеп 
жасындағы жасөспірім. Сол бір күні қатты ауырды. 


24
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Ол кездері мектеп жасындағы балалар түгел-
дей жұмысқа жұмылдырылатын. Жұмыс болған-
да теңіз жағалауында тасбақа тереді. Қолдарына 
жіптен өрілген тор көз дорба беріп, оқушыларға 
жағалауға шыққан тасбақаларды тергізеді. Теріл-
ген тасбақалардың етінен консерві жасап, май-
дандағы әскерлерге жөнелтеді екен. Әр баланың 
теруге тиісті белгіленген жүктемесі бар.
Өздеріне тығырықтың таянғанын тасбақалар 
да сезетін болса керек. Торына салу үшін еңкейе 
бергенде бетіне бұрылып қарап, құдды бір тағды-
рына назаланған адамша ащы дауыспен шыңғы-
рады. Тасбақалардың аянышты даусы құлағынан 
кетпей, қатты шошынып, дене қызуы көтеріліп, 
Жанділлә төсек тартып жатып қалды. Ақсұлу 
әжесі ем-домын жасап, ұшықтап, әлек болып жүр-
ген. Енді-енді еңбектеп жүрген Лиза Жанділләнің 
төсегінің жанынан шықпаса керек. Күнұзаққа нау- 
қастанып жатқан ағасының жастығына басын са-
лып, бір қыңқ етпеген немересінің қылығына қа-
рап Ақсұлу әже:
«Немерем бұл қатерден аман қалады екен. 
Тәңірім кішкентай нәрестенің тілегін жерге таста-
мас. Ағасының тілеуін тілеп отырғанын көрмей-
місің» – дейді көзі жасаурап.
Ақсұлу әже қос немересін жанын тастамай-
тын. Әсіресе Лиза таң бозарып атқаннан қас қа-
райғанша дейін әжесінің қасында жүреді. Бойына 
емшілік қасиет дарыған, бес уақытта бес намазын 
тастамайтын діндар әжесі сәждеге басын иген 
уақытында Лиза жүгіріп барып арқасына жарма-
сады. Сөйтіп, қашан әжесі намазын оқып болғанша 
қос қолымен мойнынан қапсыра құшақтап, белін 
қос аяғымен орап алып, арқасынан түспейді екен.
Енелерінің намазына кедергі келтірмесін деп 
Лизаны алып кетпекші болған Ақілгекті де, Баян-
ды да Ақсұлу әже тоқтатып тастайтын. 


АНА ТАҒДЫРЫ
25
– Немерем менімен бірге намазға жығылып 
жатыр. Мұның мен үшін сауабы үлкен. Жас сәби
– күнәдан пәк періште. Шаршайсың деген не, тә-
йірі... Қайта менің тілеген дұғам қабыл болар деп 
қуанбайсыңдар ма?! – деуші еді.
... Ақілгектің ойын кемедегі адамдардың қозға-
лысы бұзып жіберді. Кеме елді мекенге жақын-
дап-ақ қалыпты. Ағараңдаған адамдардың сұлба-
лары айқын көріне бастады.
Ақілгек тағы да көк аспанға қарады. Аспан 
ашық, күлімдеген күннің шуағы бетіне түсіп, 
көзін қарықтырды. Ақілгектің көзінен тағы да жас 
ақты. Бірақ бұл жолғы жас қорқыныш пен үрейден 
туындаған жас емес, қуаныш пен үміттен туын-
даған жас еді. Сөйтіп, сонау Қарақалпақстанның 
Мойнақ елді мекеніндегі Үшсай портынан сапар 
шегіп, Арал теңізі арқылы Қазақстанның қасиетті 
топырағына табан тіреген үшеу жаңа өмірге қарай 
батыл қадам басып келе жатты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет