1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет7/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Міне, осы өсиетті орындамақшы болған бір 
үйлі жан бүгін кеменің үстінде, көк теңізге үңіліп, 
тұңғиық ойға батып отыр. 
Орнығып қалған орындарынан ата-анасын ауа 
көшіртіп отырған Лиза Ақілгек пен Сейітмұхам-
беттің тұңғыштары емес.
Ақілгек келін болып түскенде Сейітмұхамбет-
тің бұрынғы әйелінен туған баласы Даңғыл тірі 
болатын. Бес жасар бала атқа мініп, қой қайыры-
сады екен. Алып денелі баланы бір көрген адам 
бес жасар бала деп ойламаушы еді. Сөйлеген сөзі, 
жасаған ісі, кез келген қимыл-әрекеті ауыл жет-
кіншектерінен кем түспейтін. Сол балаға көз өтіп, 
бір-ақ күнде жарқ еткен жасындай ағып түсті. 
Даңғылдың қазасына Ақілгек туған анасынан 
бетер қайғырды. Даңғылдың шешесі Ақілгек-
тің аталас ағайынының қызы болып келеді екен. 
Ақілгек те, Сейтім де Кіші жүз Әлімнің ішінде 
Жаңғылыш деген атаның балалары. Арғы ата-
лары кезінде Қошқаратаның маңайын, Қыздар-
шыққанның баурайын мекендесе керек. Ақілгек 
Жаңғылыштың Дәулетімбет тайпасынан да, Сей-
тім Жаңғылыштың Тұрымбет тайпасынан. Ел ара-
сында Тұрымбеттер қалмақтың қонтайшысының 
қызынан тараған деген аңыз бар. Аңыз бойынша 
Тұрымбеттің әкесі құралайды көзінен атқан мер-
ген, белдескенін атынан аударатын балуан болған 
екен. Бір жаугершілікте ерен ерлігімен көзге түсіп, 
тарту есебінде қолға түскен қалмақ қызын иеле-
неді. Сол қыздан Тұрымбет туады. Жауына амал-
сыздан әйел болған қалмақ қызы баласын емізіп 
отырып: «Ұрпағың менің аталастарымды жойып 
жіберетіндей көп болмасын» деп қарғайды екен. 
Артынша өзінің бауыр еті баласы екендігі есі-


АНА ТАҒДЫРЫ
21
не түсіп, ана көңілі аздап жібісе керек, «отыңды 
өшірмейтін бір еркек кіндігің қалса болады» дей-
ді. Сол қалмақ аналарының дегені қабыл болған-
дай, басқа аталардай емес, осы Тұрымбет атаның 
балалары саны жағынан аз болып келеді. 
Өзі ата-анасынан ерте айрылып, жетімдік-
тің ащы уытын бойына сіңіріп өскен Ақілгек 
Даңғылға қарап өзі мен сіңлісі Ақмоншақты 
елестететін. «Осы баланың көзінен бір тамшы 
жас тамыздырмаспын» деп берген серті де бар. 
Даңғыл бақилық болғанда Ақмоншақтың қайғы-
сы екі еселеніп, жаңа бір күшпен жанын жаралап, 
есеңгіреп-ақ қалды. 
Сейітмұхамбетпен отау құрғаннан кейін Ақіл-
гек үш құрсақ көтерді. Тұңғыш ұлының атын 
Даңғылдың ізін бассын деп Ізбасар қойды. Қы-
зының атын Сәлима деп атады. Бірақ екеуі де ға- 
йыптың құсындай ұшып келіп, мынау жалғанға 
көп тұрақтамай, ұшып кетті.
Сәлиманың екіге толар-толмас шағы. Сейітмұ-
хамбет ол кезде жергілікті әскери комиссариатта 
қызметте. Түскі асын ішуге үйге келеді. Күндегі 
әдетінше Сәлиманы алдына алып отырады. Бірақ 
баланың аты бала емес пе?! Шолжаңдап отырған 
Сәлима әкесінің кесесін қолымен қағып жіберіп, 
киімін бүлдіреді. Сейітмұхамбет сырт көзге қатал 
болғанымен бала-шағасына жұмсақ еді. Көп рет-
те ашулана бермейтін. Бірақ осы жолы ашуға бой 
алдырып, қызын алдынан түсіріп жіберіп, құй-
рығынан шапалақпен бір-ақ тартады. Әкесінен 
мұндай мінез күтпеген Сәлима аузын бұртитып 
далаға шығып кетеді. Сейітмұхамбет жұмысқа 
шықса, Сәлима қақпаның алдында сол бұртиған 
күйінде отыр екен. Қызының маңдайынан сипап, 


22
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
бетінен иіскегісі келсе де, кейінгіде сабақ бол-
сын деген оймен Сейітмұхамбет те қайырылмай 
кете береді. Үй шаруасымен айналысып жүрген 
Ақілгек те, үй ішіндегі басқа адамдар да балаға 
мән бермейді. Сол күні аздаған жаңбыр жауады. 
Кешқұрым Сейітмұхамбет үйіне оралса, бала сол 
манағы орнында тапжылмастан әлі отыр екен. 
Қызын көтеріп алған күйі үйіне кіреді. Кешке қа-
рай баланың денесі күйіп-жанып, ертесіне шеті-
неп кетеді.
Бұл оқиға Ақілгектің де, Сейітмұхамбеттің 
де жүрегіне айықпайтын жара салды. Осы Лиза 
өмірге келгенде Ақілгек жиырма бес жаста екен. 
Бір шайпау абысыны: «Сен бұл нәрестені мүшел 
жасыңда өмірге әкеліп отырсың. Мүшел жасында 
қыз туған әйел енді бала көтермей қалады деуші 
еді. Енді сен бала көтере алмайтын болдың», – 
дейді қуанғандай екпінмен.
«Сен қатын, шілдехананың үстінде жақсы ниет 
айтудың орнына не деп оттап отырсың?!» – деп 
Баян абысыны оның бетінен ала кетеді. Бірақ, 
көңіліне алып қалды ма, әйтпесе тағдырдың жаз-
мышы солай ма, Ақілгек үшінші нәрестесі Лиза-
дан кейін құрсақ көтере алмады.
Лизаның есімін Нұрмағамбеттің қызы Ажар 
қойды. Нұрмағамбетте екі бала – көзінің ағы мен 
қарасындай Ажар мен Жәнділлә. 
Лиза 1943 жылдың қараша айында дүниеге 
келді. Соғыс бұлтының елді әбден құрсап тұрған 
шағы. Ауылда әскерге жарамайтын шал-шауқан, 
ақсақ-тоқсақтар ғана қалған. Сейітмұхамбет әске-
ри комиссариатта қызмет етеді. Соғысқа бару 
үшін бірнеше мәрте сұранғанымен қызмет ор-
нындағылар жібермеген болатын. Сейітмұхамбет 
әскерге шақырылған бозбалаларды алғашқы әске-
ри даярлықтан өткізеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет