18
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Десе де, ауыл адамдары түгелдей Сейітмұхам-
беттен қаймығатын. Бір жағы үкіметтің адамы
екендігі бар, бір жағы кез-келгенді сөзбен түйреп
өтетін шешендігі бар, тік мінез,
өр кеуде Сейіт-
мұхамбеттің бетіне бір жан келмейтін. Әрі Сейітмұ-
хамбеттің қолынан келмейтіні жоқ. Зергерлік бұйым-
дарды жасау, домбыра жасау, аң аулау дегендей
күнделікті тірлікте ауадай қажет өнер түрлерін
меңгерген Сейітмұхамбетке күні түсіп келушілер
де көп болатын. Ел арасында үлкен де, кіші де
оның
атын тура атамай Сейтеке, Сейтім десетін.
Сейітмұхамбет үкіметтің жұмысынан қолы
қалт етсе, сүйікті қолөнерімен айналысады. Одан
қалды домбыра шертіп, ән салады, күй тартады.
Осы босағаны аттағалы Ақілгек тозақтан ұжмаққа
келіп түскендей күй кешті.
Енесі Ақсұлу арқалы адам болатын. Ауыл ара-
сындағы ауру-сырқаулар күн құрғатпай келіп жа-
тады. Кейбіреулері ауруымыздан айықтырдың деп
мал атап, қораға байлап кетеді. Ақсұлу әже әсіре-
се бала босана алмай қиналып жатқан әйелдерге
жақсы көмектесетін.
Ел арасында «Екіқабат әйелді албасты, марту
деген жын басады. Сондықтан да әйел тұншығып,
есінен танады» деген нанымның кең тараған кезі.
Ол туралы халық аңызында былай делінеді:
«Бір замандарда ел ішінде бір әйел болған екен.
Ол аузы сүйреңдеп, көрінгенмен ұрысады. Санау-
лы ғұмырында бір пендеге жақсылық жасамайды.
Ел жұртына әбден жексұрын болған сол әйел бір
күні ойнас жасап, бала көтереді. Бірақ, айы-күні
жетіп, баласын дүниеге әкелер сәтінде өмірден
озады. Әлгі бейбақты ағайындары жерлеген екен.
Сол сорлы көрде жатып баласын туады. Бірақ
АНА ТАҒДЫРЫ
19
бала не адам емес, не айуан емес кейіпте өмірге
келеді. Өзі ана құшағын көрмегендіктен екіқа-
бат әйел атаулымен өштессе керек. Босанғалы
жатқан әйелді бас салып тұншықтыратындықтан
жұрт оны «ал, басты» атандырыпты».
Бұл аңызға
Ақсұлу әже де сенетін. Сонымен қатар өзінің бо-
йында осындай дүлей жынды бағындыра алатын
күш бар екеніне де иланатын.
Талай есінен танып, қара терге түсіп, бала
босана алмай жатқан әйелдерге үлкендер осы
Ақсұлуды алдыртатын. Ақсұлу Құранның сүре-
лерін оқып, үйдің іргесін қамшысымен осып-осып
жіберіп, «Кет, бәлекет, кет! Кел, бөпешім, кел!» –
деп айғай салғанда, әйелдер ышқына күшеніп, ар-
тынша сәбидің шар еткен дыбысы шығушы еді.
Ақсұлу әженің қартаң тартқан шағы. Бір күні
баласы Нұрмағамбет пен Сейітмұхамбетті, келін-
дері Баян мен Ақілгекті шақырып алып:
– Қарақтарым, менің бұл жалған дүниеден
бақиға аттанатын күнім жақын қалған сияқты.
Осы уақытқа дейін біреуің бетіме жел болып ти-
медіңдер. Екі ұлым еншісі бөлінбей тату-тәтті
бірге тұрды. Бірақ
Сейітмұхамбетімнің перзент-
тері шетіней беріп, бәріміз де зар еңіреп жүрміз.
Мынау соңдарыңнан ерген Лизаны аман сақтай-
мыз десеңдер, бұл елден атамекенге қарай қоныс
аударыңдар. Лизам үш жасқа толғанда мен де дү-
ниеден өтермін, сендер де көшудің қамына кірісің-
дер, – деді. Сосын Нұрмағамбетке бұрылып:
– Сен осы әулеттің үлкенісің. Інің ешқашан
саған қарсы шыққан емес. Сен жолдарына бөгет
болма. Мақұл көрсең, інің орналасып болғаннан
кейін соңынан сен де көш» – деп қайта-қайта та-
быстады.