1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет17/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Байланысты:
(pdf) Ана тағдыры (Сая Ағанасқызы)

АНА ТАҒДЫРЫ
51
алты айлық болып іште қалса керек. Ескінің жо-
лымен Назым Кәдірханның тұңғыш ұлы Ағанас- 
ты өз бауырына басып, кенже ұлы Серғазының 
қолында тұрады екен. Назымның көтерген жесір-
лік тауқыметі аз болғандай, тұңғыш ұлы да өмір-
ден ерте озыпты. 
Інісінің екі тілге бірдей жүйрік, есте сақтау қа-
білеті өте жоғары, білім алуға деген құлшынысы 
молын байқаған Серғазы Ағанасты Суворов учи-
лищесіне жіберуге бел байлайды. Бала қабылдау 
емтихандарынан өтіп, енді оқуға аттанамын деп 
тұрған жерінде анасы Сәлима енесі Назымға көз 
жасын төгіп, қолқалап жүріп, оқуға жібертпей 
қалады. Ақтөбе қалалық нөмірі алтыншы мек-
теп-интернатын үздік бітірген Ағанас Жезқазған 
қаласындағы техникумда білім алса керек. Бірақ 
елде қалған анасы мен бауырларына қарайлап, 
оқуын тастауды жөн көреді.
«Сенің орның осы жерде. Бұл сынаққа той-
тарыс беріп, оқуыңды жалғастырсаң, сенен ұлы 
математик шығады, кемі профессор боласың», 
– деп қайта-қайта үгіттеген ұстазының сөзіне де 
құлақ түрместен «ауыл, қайдасың?» деп тартып 
отырады. Іні – қарындастары мен жалғыз анасын 
аш-жалаңаш қойып, өзіне жарқын болашақ іздеу-
ге жүрегі шыдамайды.
Елге келгеннен кейін бір жолсапар барысында 
Лизамен танысып, бір көргеннен ғашық болса ке-
рек. Бір-бірін терең ұққан қос жүрек өмірдің да-
уылына бірлесе қарсы тұруды ұйғарыпты. 
Ағанастың түп-тамыры туралы осы әңгімені 
естігеннен кейін Сейітмұхамбет пен Ақілгектің 
көңілдері орнына түсті. 
«Қызым өсіп-өнген жерге барыпты. Күйеу ба-
ламыздың қарындасы да, інілері де бар екен. Енді 
жалғызсырамайтын болды. Құйрық-жалы күзел-


52
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
ген құлындай болып жалғыз шапқылап жүруші 
еді. Енді үйірін тапты» – деп ата-ананың көңілі 
бір марқайып қалады.
Лиза келін болып табалдырық аттағанда Ағанас- 
тың анасы мен бауырлары 63-ші разъезде тұра-
ды екен. Ағанастан кейін дүниеге келген Тоға-
нас және Қарашаш атты қос бауыры сәби кезінде 
шетінеп кетсе керек. Ал оларға тете туған інісі 
Айдос аға-жеңгесі Серғазы мен Розаның қолында 
Ақтөбе қалалық нөмірі алтыншы мектеп-интер-
натында білім алып жүр. Оның да онжылдықты 
бітіретін уақыты таяп қалды. Қалған бауырла-
ры бастауыш мектеп жасындағы оқушылар. Бұл 
разъезде бастауыш мектеп қана бар. Орта мек-
тепті оқу үшін оларға аудан орталығындағы мек-
теп-интернатқа орналасуға тура келеді, болмаса 
туыстарының үйін жағалайды. Бауырларын әр 
жерге тентіретпей, отау құрайын деп шешсе ке-
рек. Отбасының жағдайын сараптай келе, Ағанас 
Шалқар қаласына көшіп баруды жөн деп тапты. 
Өйткені, өзі де Шалқар локомотив депосында 
машинистің көмекшісі болып еңбек етіп жүрген 
болатын.
Шиеттей бала-шағаны асырау жас отауға оңай 
бола қойған жоқ. Бірақ Лиза да, Ағанас та өз-
дерінің тағдырына бір қабақ шытқан емес. Аға-
нас бар ынта-жігерін жұмысқа аударды. Қазалы 
техникалық мектебін үздік бітіріп, тепловоздың 
бірінші дәрежелі жүргізушісі біліктілігін алған-
нан бері айлық жалақысы да өскен. Машинистің 
жұмысы кезекпен атқарылады. Бірақ Ағанас ке-
зексіз жолсапарларға шығуға ешқашан қарсы бол-
майтын. Тіпті барлығы үйінде болғысы келетін 
жаңа жыл тәрізді мерекелерде де қара жолсөм-
кесін арқалап жұмысқа кетіп бара жатушы еді. 
Осы отбасының жалғыз ғана асыраушысы болған-


АНА ТАҒДЫРЫ
53
дықтан өз денсаулығы мен жастығын құрбан етіп, 
алтын уақытын тепловоз ішінде, шойын жолдың 
үстінде өткізетін. 
Жарының иығындағы жүктің ауырлығын сез-
ген Лиза да «көлден шығып, шөлге келдім» де-
меді. Аймырза мен Айболатты ұзынша келген 
легенге қарама-қарсы отырғызып қойып шомыл-
дыратын. Кей күндері көмірдің астына қалайтын 
тамызық таусылып қалады. Сондайда қаланың 
әр жеріндегі бұзылған үйлерге барып, үрліктерін, 
басқа да ағаштарын шанамен жаяу сүйреп әкеліп, 
отын етуші еді.
Үй ішінің тірлігі түгелдей Лизаның мойнын-
да. Ағанастың жұмысы жауапты, күн демей, түн 
демей темір тұлпардың тізгінінде отырады. Жүз-
деген жүргіншілердің тағдырына жауап беретін-
діктен жұмысқа барар алдында міндетті түрде 
тынығып алуы керек. Үйге қарайлауға мұршасы 
жоқ. Оның үстіне Лиза да ешбір ауырлық салмай, 
барлық шаруаны өзі тындырып отырғасын Ағанас 
ақша табушының ғана міндетін атқарып, оны ұқ-
сату, жеткізу, дұрыс жарату деген мәселені тұта-
сымен жарының қолына тапсырған болатын. 
Ағанас аққұба келген, дөңгелек жүзді, қой 
көзді, көз жанары үнемі күлімдеп, мейірім 
шашып жүретін аса реңді жігіт болатын. Қап-қа-
ра шаштары толқындана бұйраланып, кері қайы- 
рылып тұратын-ды. Мінезі салмақты, үлкенге 
де кішіге де сыпайылық танытатын сыйлы жан. 
Бір көрген адам оны қой аузынан шөп алмайтын 
момын екен деп ойлап қалғанымен, жақын жол-
дастары оны әзілқой, бірбеткей, кейде талапшыл 
дос ретінде танитын. Ал бауырларына ол, әке ор-
нына әке болғасын ба, қаталдау қарады. Ағанас- 
тың екі сөйлемейтін, айтса, бір ғана рет айтатын 
мінезін білетін бауырлары өздеріне қойылған та-


54


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет