1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2


ИТЕҒҰЛОВА САЯ ІІІ ТАРАУ



Pdf көрінісі
бет16/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Байланысты:
(pdf) Ана тағдыры (Сая Ағанасқызы)

48
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
ІІІ ТАРАУ
Қарлығаш ғұмыр
Бүгін үйдің ішіне күндегіден өзгеше, еңсеңді 
басатын бір тыныштық орнаған. Лиза өсіп, бой 
жеткелі үйден естілетін баланың дабыр-дұбыр 
сөзі, саңқылдаған күлкісі мен шуылы басылған 
болатын. Әйтсе де өзара сөйлескен адам даусы 
естіліп жатушы еді. Сейтім ұстаның ұстахана-
сынан шыққан балғаның дыбыс мен күмбірлей 
тартылған домбыраның үні кезек алмасып, шағын 
шаңырақтың тіршілігінен хабар берсе, Ақілгек 
жаққан ошақтағы от тырс-тырс, шырт-шырт ет-
кен дыбыстар шығарып, оған жез самаурынның 
ызыңы қосылып, өзара үйлескен мамыражай тір-
ліктің әуенін шертетін. 
Бүгін ұстахананың есігі ашылмады, тіпті 
ошақтың маңайы да тым-тырыс. Құдды бір үйлі 
жан асығыс ауа көшіп кеткендей әсер береді. Жо-
жоқ, үй иелері ешқайда кеткен жоқ. Тек кеше 
кешқұрым естіген тосын жаңалықтарына сенерін 
де, сенбесін де білмей дел-сал болуда.
Төрде шалқалай жатқан Сейітмұхамбет кенет 
жастықтан басын жұлып алып: 
– Қой, кемпірім, жіберетін қуғыншыларыңды 
шақырт. Мен Ілескенімді ер бала ма деп жүрсем, 
қыз бала ма еді?! – деді.
Ақілгектің үстінен ауыр жүк түскендей болды. 
Кешелі бері шалы не дер екен деп әліптің артын 
бағып отырған. Сейтімнің аузынан шыққан мына 
сөзге қуанып, бұл хабарды жалғыз бауырына жет-
кізу үшін ауладан шыға жөнелді. 
Ия, күні кеше ауылдың балаларымен доп қуып, 
асық ойнап, асыр салып жүрген Лиза бүгін, міне, 
ата-анасына көрші баладан хат беріп жіберіп 
отыр. «Өз еркіммен кетіп барамын. Тұрмысқа 
шығуға бел будым. Маған ренжімеңдер» деген 


АНА ТАҒДЫРЫ
49
хатты оқып, ата-анасы сең соққан балықтай есең-
гіреп қалған. 
Лиза онжылдықты осы көктемде ғана бітірген 
болатын. Сабақты жақсы оқыды. Әсіресе гео- 
графия пәнін жақсы көретін. Бірақ «білімімді 
жалғастырайын, жоғары білім алайын» деген ойы 
болмады ма, әлде қартаң тартып қалған ата-ана-
сының жанынан ұзап шыққысы келмеді ме, өзге 
қыздармен бірге білім қуып, қалаға жол тартқан 
жоқ. Сейітмұхамбет пен Ақілгек те жалғыздарын 
көздерінен таса еткісі келмей, қызына «оқуға бара 
ғой» демеді. 
Нұрмағамбет пен Баянды Сейітмұхамбет
әлдеқашан жанына көшіріп алған болатын. Олар-
дың қызы Ажар жоғары оқу орнын бітіріп, бүгінде 
Жем ауданында білдей бір бас есепші болып абы-
ройлы еңбек етуде. Ал Жанділлә болса Қазақ мем-
лекеттік университетінің заң факультетін бітіріп, 
Қостанай облысына прокурор қызметіне таға-
йындалған болатын. Ажар мен Жанділлә «Лизаны 
оқуға жіберіңдер» деп өтініштерін айтқанымен, 
қызын бауырынан алысқа ұшыруға ата-ананың 
көңілі қимайтын.
Сөйткен балапандары «өз ұясын тастап шығып, 
басқа отаудың түтінін түтетеді» деп кім ойлаған? 
Бұл хабарды естіп, Сейітмұхамбет пен Ақілгектің 
ет жақын туыстары, өзім дескен дос-жарандары 
түгел жиналды. 
«Өздері кімді басынады? Далада жатқан қызы-
мыз жоқ! Алдымыздан өтпей, алып қашқандары 
не қылғандары?» – деп біреуі ренішін айтса, «Ба-
рып қайтарып әкелу керек!» – деп енді біреулері 
өзеуреді.
«Осылай боларын біліп ем. Ана жолы Лиза 
біздің ауылға келгенде бір бұйра бас жігіт по- 
йыздың жолы бұрылып кеткенше тепловоздың 


50
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
терезесінен басын шығарып, біздің Лизадан көз 
алмай қарап қалып еді. Сіңлімді әлі жас қой деп, 
жөн-жосығын сұрауға ұялғам. Сол кезде апа бо-
лып ақыл айтып, жөн сілтесем, бұлай болмас еді. 
Оған отау құруға әлі ерте ғой, тым ерте ғой» – деп 
Ажар да аһылап-уһілеп отыр.
Ел-жұртты әбігерге салып, Лизаны алып 
қашып жүрген батырың Ағанас болатын. Ағанас-
тың есімін «Қырымның қырық батырындағы» жа-
уларын аяғымен алып ұратын алып Ағанас батыр- 
ға ұқсасын деп әжесі Назым қойған.
Ағанастың әкесі Кәдірхан өз кезінде Жақайым 
руының беделді жігіттерінің бірі болған көрінеді. 
Итеғұл әулетінің үлкені болған Кәдірхан әкесі-
нен ерте жетім қалып, тағдыр тауқыметін анасы 
Назыммен бірге көтерісіпті. Назым өте көрікті
бірбеткей, сертіне берік әйел болса керек. Кү- 
йеуі Итеғұл қайтыс болғаннан кейін әмеңгерлік 
салтымен алмақшы болған көп қайын іні, қайын 
ағаларын бір ауыз сөзімен тоқтатып, дербестігін 
сақтап қалыпты. Тұңғышы Кәдірханға арқа сүйеп, 
Төреханды қолынан жетелеп, кенжесі Серғазыны 
арқалап жүріп, балаларын ел қатарына қосқан 
екен.
Кәдірхан қара жұмысқа ерте араласып, 
теміржолда жол жөндеуші шебер болып қызмет 
етеді. Өзі оқи алмағанымен екі інісінің жоғары 
білім алуына барынша жағдай жасапты. Еңбе-
гі еш кетпей өзіне тетелес інісі Төрехан әскери 
инженер мамандығын иеленсе, кіші інісі Серға-
зы Мәскеуден КГБ-ның жоғарғы мектебін үздік 
аяқтап, Ақтөбе қаласына қызметке орналасады. 
Тағдырдың тауқыметін ерте тартқан Кәдірхан 
49 жасында жұмыс барысында апатқа ұшырап, 
өмірден ерте өтеді. Жары Сәлима алты баласын 
құшақтап, аңырап қала береді. Кенжесі Айболат 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет