25.ЭлектрофорезЭлектрофорез (ионмен және гальвани тоғымен емдеу) - бұл, дәрілік заттарды ион түрінде жарақаттанбаған тері, кілегей қабық немесе жарақаттанған жер арқылы гальвани тоғымен ендіру әдісі. Бұл жерде дәрілік заттардың фармакологиялық нәтижесі гальвани тоғының әсерімен толықтанады. Торшаның мембранасы арқылы өткен тоқ электролиттердің өткізгіштігін күшейтеді. Иондардың негізгі массасы тері бездерінің түтікшелері арқылы өтеді де, олар лимфа қуыстары мен қан тамырының капиллярлары арқылы жалпы қан ағысына келіп қосылады. Олардың аздаған бөлігі енгізген жерде қалып, коллоидтарға сіңеді де, тітіркеніп алған соң атомдарға айналады және де үлпалардың электрод аралық кеңістігінде диффузия, осмос, электроосмос және нонофорез заңдары бойынша қозғалысын жалғастырады. Ионмен емдеуді жүзеге асыруда қай электрод арқылы алдын ала дәрілік иондарды енгізуде электродтың полюсының, тура екендігіне назар аударады. Катиондарды анод арқылы, ал аниондарды бір мезгілде бір электрод арқылы енгізуге болмайды). Қолданылатын иондар: кальций - рахитте, остеомаляцияда және организмде кальций мен фосфор жетімсіздігінде, йод - қалқан бұғақ безі ауруында. Ал басқа дәрі-дәрмектерді енгізерде олардың фармакодинамикалық әсерлерін басшылыққа алады.
26. Жануарларға дәрі-дәрмектерді интратрахиальды енгізу техникасыДәрі-дәрмектерді кеңірдек куысына енгізу. Клиникалық практикада, өкпе ауруларында дәрі-дәрмектерді кеңірдек қуысына енгізеді. Ол үшін малдың түріне байланысты тиісті диаметрлі зондтар қолданылады. Зондты пайдаланар алдында зарарсыздандырып, вазелинмен майлап дайындайды. Сонан соң зондты жұтқыншаққа жеткізіп, ары қарай кеңірдек қуысына түсіреді. Зондтың кеңірдек қуысына түскенін, білу үшін сырттан зондтың бас жағын артқа және алға қарай жылжытады. Сол кезде зондтың кеңірдек қабырғасына енгенін байқауға болады. Зонд кеңірдек қуысына дұрыс енсе, мал тыныс алып, сыртқа дем шығарып жатқаны білінеді. Енді зондтың сырттағы бас ұшын бастың шүйдесіне дейін көтеріп, воронка кигізеді де, әрі қарай қажетті дәрілердің тиісті мөлшерін құяды. Жиі 1:1000 ривонал ерітіндісін дененің температурасына дейін қыздырып алып құяды. Ірі қараға 500-600 мл дейін құюға болады. Соңғы кездері кеңірдек қуысына дәрілерді кеңірдекті сырттан инемен тесіп құяды. Сульфаниламид препараттарын кеңірдек қуысына енгізу әдісін Я.И.Клейнбок ұсынған. Сондай-ақ антибиотиктерді де енгізуге болады. Ол үшін кеудеге жақын мойынның үштен бір бөлігінің ортасының түгін қырып, спиртпен немесе йод ерітіндісімен сүртіп, қайнатылған инені кеңірдек сақиналары арасынан енгізеді, сөйтіп инеге шприцті жалғап, алдымен 2-3 мл 5 % новокаин, ал 1-2 минуттан кейін қажетті антибиотиктерді енгізеді, мөлшері - 1 кг тірідей салмағына 2 мың Ә.Б.