1. Жарық терапиясы фототерапия


Висцеральды новокаин блокадасын қолдану техникасы



бет19/43
Дата17.01.2023
өлшемі102,66 Kb.
#61732
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43
Байланысты:
ішкі аурулар

38. Висцеральды новокаин блокадасын қолдану техникасы Блокаданы жүргізу техникасы. Бірден дайындалған новокаиннің ерітіндісін: бұзауларға 0,5%- тік концентрацияда әр 1кг салмаққа 1 мл дозада, торайларға осы концентрациядағы новокаиннің 5 мл құрсақ қуысына енгізіледі. Бұзауларды тұрған бетте бекіткен соң, инені он жақ аш бүйір тұсынан 2-3 см тереңдікке енгізеді.Неге оң жақ? Себебі сол жақта мес қарын бар. Ине дұрыс енген жағдайда ешбір ауырсыну тудырмайды, ал ерітінді өз бетімен піспектен ағады. Ерітіндіні енгізіп болған соң ине кірген жерді алақанмен басып тұрып инені суырып алады да орнын йод өрітіндісімен өңдейді. Торайларды әдетте артқы аяқтарынан ұстап басын төмен қаратады да, инені соңғы емшектерін тұстап құрсақтың көк шандырын тесу арқылы енгізеді. Қолданылуы: -торай мен бұзауларда асқорыту нашарлағаннан кейінгі іш өтуінде өте тиімді саналады. -Ipi қарада алдыңғы қарындардын атониясында ықпалды өкөндігі жөнінде деректер тағы бар.
39. Эндокардитті емдеу принциптері ЕМІ. Негізгі көңіл эндокардитке себепкер болған басты ауруды емдеуге бөлінуі керек. Антибиотиктерді, сульфаниламидтерді қолдану, әсіресе эндокардиттің септикалық түрінде жақсы нәтиже береді. Ревматизм текті эндокардитте салицилат препараттары және басқа да аллергияға қарсы қолданатын дәрі-дәрмектер ойдағыдай нәтиже береді (емі миокардитте келтірілген). Жіті эндокардиттің дамуының алғашқы кезінде, жіті миокардиттегі сияқты, жүрек тұсына суықтық басады, оттекті ингаляция жасайды, малға барынша тыныштық жағдай тудырады. Әрі қарай камфора, глюкоза, спирт, ас тұзының изотоникалық ерітіндісін,кофеин, жалынгүл және мамыр інжугүлінің препараттарын тағайындайды. Камфораны, глюкозаны, спирт пен ас тұзыныңизотоникалық ерітіндісін қан тамырына камфоралық сарысу деп аталатын түрінде құйса жақсырақ нәтиже береді (мысалы ірі малдарға бір дүркін енгізу үшін 1 г камфораны 75 г этилдік спиртке ерітіп, оған 75 г глюкоза мен 350 мл 0,85 %-ды натрий хлориді ерітіндісін қосады).Жалынгүл мен інжугүл препараттарын қолдану мөлшерлері миокрдозды емдегендегідей. Инфекциялық эндокардитте иммуномодуляторлар (Т-активин, тимоген, қанды ультракүлгін сәулесімен сәулелендіру) қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет