1. Жарық терапиясы фототерапия


Жануарларға дәрі-дәрмектерді құрсақішілік енгізу техникасы



бет15/43
Дата17.01.2023
өлшемі102,66 Kb.
#61732
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43
Байланысты:
ішкі аурулар

29. Жануарларға дәрі-дәрмектерді құрсақішілік енгізу техникасы Бұзауларға дәрі-дәрмектерді 3 күндігінде оң және сол жақ аш бүйірінен, ал 5 күндігінде тек қана оң жақ аш бүйірінен енгізеді. Инені енгізу орны мықын (қаса) сүйегінің латеральды (сыртқы) төмпешігінен соңғы қабыртқадан төменгі бел омыртқалардың көлденең қанатынан 8 см төменнен қосылған түзу сызықтың ортасы. Ол жердің түгін қырып йод ерітіндісімен сүртіп дайындайды. Алдын ала стерильденіп дайындалған қоспаны 100-200 грамдық шприцке (Жанэ) немесе Бобров аппаратына құяды. Бобров инесінің ұзындығы 65-75 мм ішінде мандрені болады. Осы инені алдын ала дайындалған аш бүйірге жоғарыдан төмен, алдыңғы жақтан артқа 40-45° бұрыш жасай отырып енгізеді. Саусақпен иненің теріні, тері асты клетчаткасын, іштің қисық және түзу бұлшық етін және іш пердені тесіп өткенін сезіну керек. Инедегі мандренаны бұрап алып тастап инені шприцке жалғаймыз. Шприцтегі ерітінді өте жеңіл кетеді, өте қатты дерттенген бұзауларға дәрілерді іш жақтан енгізеді. Ол үшін бұзауды артқы аяқтарынан аздап көтереді, инені іштің ақ сызығынан 2-3 см сырт жаққа ең соңғы емшектер тұсына енгізеді. Торайларды басын төмен қаратып артқы аяқтарынан ұстап тұрады. Инені ең соңғы емшектер тұсынан іштің ақ сызығынан 1- 1,5 см сыртқа енгізеді. Қозыларға құрсақ қуысына бұзауларға, торайларға енгізгендей енгізеді. Дәрілер қоспасын ацетонемияны, кетонурияны, атонияны, гипотонияны, улануды емдеуге қолданылады.
30. Травматикалық перикардиттің этиологиясы Себептері.Ірі қарада, кейде ұсақ малда жұмыршақ қарын мен іш перденің жарақаттануы салдарынан (жарақатты ретикулит, ретикулоперитонит) жарақатты перикардит пайда болады. Жарақатты перикардттің пайда болуына жұмыршақ қарын арқылы жем-шөппен кірген істік темірлер немесе басқа заттар әсерін тигізеді. Істік темірлер жүректің қабын, кейде бұлшық етін, ішкі қабатын жарақаттайды. Жарақаттайтын заттар өзімен бірге жүрек қабының қуысына түрлі микроорганизмдерді енгізеді. Жарақатты перикардит жаңа туған, кенеттен жығылған, қатты күшенген малдарда пайда болады. Жарақатты перикардиттің жиі немесе сирек кездесуі жұмыршақ қарын мен іш перденің жарақатты қабынуын тудыратын әсерлерге байланысты. Жарақатты перикардиттің негізгі ауру түрінде дамуы өте сирек кездеседі. Ондай жарақаттану кеуденің сыртқы жүрек жағынан тосыннан болған ауыр соққыдан (үшкір затпен түйрелеуден, сынған қабыртқаның әсерінен т.б.) болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет