1. Жарық терапиясы фототерапия


Жүрек ақауларының жіктелуі



бет21/43
Дата17.01.2023
өлшемі102,66 Kb.
#61732
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
Байланысты:
ішкі аурулар

42. Жүрек ақауларының жіктелуі Жүрек ақаулары (Vitia cordis) - жүректің саңылауларының тарылғандығын немесе қақпақшалардың ақауларын сипаттайтын, көбінесе эндокардиттің асқынғандығынан болатын дерт. Аурудың осындай жағдайын жүре пайда болған ақаулар деп атайды. Кейде, жүректің дамуының ауытқушылығынан (аномалия) да - құлақ- шалардың, қарыншалардың аралықтарындағы перделердің дұрыс қалыптаспауынан, боталл өзегінің бітпей ашық қалуынан, жүректің саңлауларының тарылуынан пайда болады. Мұндай жүректің кемістіктері туа біткен деп атайды. Жүректің жүре пайда болған ақаулары иттерде, жылқыларда, шошқаларда, құстарда жиірек, ірі қара малдарда, қойларда, ешкілерде, қояндарда сиректеу кездеседі. Жүректе 4 қақпақшалар мен 4 саңлаулар болғандықтан әрқайсысының зақымдалуына байланысты 8 жай ақаулар болады. «Жай ақаулар» деген атау, оларды күрделі және түйдектескен түрлерінен ажырату үшін айтылады. Күрделі ақаулар деген жүректегі бір саңылаудың тарылуы сол саңылауды жауып тұратын қақпақшаның қосарлана зақымда- луымен бейнеленеді. Түйдескен ақаулар деп, саңылаулармен қақ- пақшалардың зақымдалынуы жүректің бір ғана бөлімінде емес, әр бөлімдерінде бір мезгілде қатар өтуін айтады. Жиі кездесетін ақаулар - бір қақпақша зақымдалынып, сол қақпақшаның жауып тұратын саңылауы тарылуының бірге қосарланып өтуі. Малдардағы кездесетін жүрек ақауларын дұрыс анықтау үшін Г.В.Домрачев пен В.И.Зайцевтің ұсынған, қазіргі кезде толық меңгерілген, әдістерін қолданып, ең бірінші жүректің эндокардиальді шуылдарының тұрақтылығын анықтап, оларды жүректің соғу ырғағымен (жиырылу не босаңсу) сәйкестендіріп жақсы естілетін нүктелерін (Р. Optimum) табу керек. Егерде, ауру организмде жүрек-қантамыр қызметтерінің әлсіздігін білдіретін белгілері - ентігу, көгеру, ісіну, жүрек соғуы- ның, ырғағының бұзылуы анықталмаса, ондай ақауларды қызметі қайтып қалыпқа келетін (компенсацияланушы) ақаулар деп есептейді.
43. Өнімділігі жоғары жануарларды диспансерлеу (ағымдағы) Ағымды (қосалықы) диспансерлеу кезінде барлық жануарлардың ветеринарлық қарауын өткізеді, бақылау топтарының зәрін, сүтін (қанын дәрігер шешімінше) зерттейді, райиондарға талдау жүргізеді, алынған деректерді қорытындылап, ұсыныстар жасалынады, алдын алу мен терапия бойынша шаралар көзделеді. Ірі фермаларда барлық мал бастарының 10-20% сиырлары мен қашарлары толық клиникалық зерттеуден өтеді, 10-20% несебі, 5% қаны зерттелінеді, несептерінде кетон денелері анықталған малдардың сүттерін де зерттейді. Жануарларды ветеринарлық қарау. Барлық жануарларды қарау кезінде жалпы күйіне, қоңдылығына, жүн жамылғысы жағдайына, тәж, тұяқ тысы, сүйек бітімі күйіне, тұру, көтерілу кезіндегі реакциясына т.б. көңіл аударылады, жалпы күйінің жақсы болуы, дауыстауға жылдам реакция беруі, жүн жамылғысының жылтыр болуы, орташа қоңдылық сау жануарларға тән. Жүн жамылғысы мен тұяқ мүйізінің жоғары бөлігі ұйпалануы, мүйіз маңы сыну, жарылулары, дистрофия немесе семіздік, тұру, көтерілу кезіндегі ауырсынулар, қозғалыс кезіндегі буын, сүйек сықырлаулары, арқасының салбырауы, сүйек бітімі әлсіздігі жануарлардағы зат алмасуы патологиясының белгісі. Жануарлардың бақылау топтарын клиникалық зерттеу. Табынның клиникалық бейнесі туралы пікір қалыптастыру үшін негізгі диспансерлеу кезінде жануарлардың бақылау топтарын толығымен клиникалық зерттеуден өткізеді. Қоңдылығын, лимфотүйіндері жағдайын, жүрек жиырылуы жиілігін, жүрек ырғақтары сипаттарын, тыныс алу жиілігі мен тереңдігін, мес қарын жиырылуы ырғағы мен күшін, бауыр, сүйек бітімі, қозғалыс аппараттары, желін және жыныс-несеп ағзаларын зерттейді. лейкозға зерттейді. Клиникалық зерттеу нәтижелері арнайы журнал мен диспансерлік картаға жазылып, тіркеледі. Сүтті зерттеу. Сиырларды диспансерлеу кезінде сүтте кетен денелері болуын, сондай-ақ май мөлшері мен біркатар басқа заттар молшерін анықтайды. Кетон денелері жоғары концентрацияда болганда, Лестраде реактивті сүтзен. шис-қызғылтым бояу береді. Сау сиыр сүттерінде сапалых реакция теріс нәтижелер береді Сау сныр сүтінде кетон денелерінің жалпы мөлшері 6-8 мг% құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет