1. Жарық терапиясы фототерапия



бет16/43
Дата17.01.2023
өлшемі102,66 Kb.
#61732
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43
Байланысты:
ішкі аурулар

31. Дарсонвализация Жоғары жиіліктегі, жоғары кернеулі және аз күштегі айнымалы тоқты ем мақсатында қолдануды дарсонвализация деп атайды Жергілікті дарсонвализация үшін "Искра-1" тасымал аппараты, жалпы дарсонвализация үшін - клетка-соленонд аппараты қолданылады. Жергілікті дарсонвализация тері сезімділігінің төмендеуін тудырады, ол қажетті тоқ ұзақтылығы мен қарқындылығы қамтамасыз етілген кезде толық анестезия туғызуға қабілетті.Оларға спазмға қарсы әсер де тән, нәтижесінде тамырлар, сфинктерлер спазмы жойылып, олар тудыратын ауырсынулар азаяды. Жергілікті тоқ қолданылуы әсерінен гранулациялық ұлпа жетілуі жылдамдайды; жалпы дарсонвализация кезінде алмасу күшейеді, нерв жүйесінің тынышталуы байқалады. Жергілікті дарсонвализацияның үш тәсілі бар:1) байланысымды, - электрод дене беткейіне жанасады да, қарекетбарысында бір орында ұстап тұрады не қажетті дене бөлігінде жүргізеді. Нәтижесінде ауырсыну азайып, жылу тиімділігі байқалады; 2) жақын қашықтықтық - электродты ауру бөлік үстінен 2-3 мм қашықтықта жүргізеді; электрод пен тері арасында көптеп жарқылдаулар пайда болады, олар әлсіз тітіркендіргіш әсер етіп,гиперемия тудырады; 3) нүктелі - үшкірленген электродты дене беткейінен 0,5-1 см қашықтықта орналастырады, тері мен электрод арасында тар жарқылдау жинақтамасы пайда болып, беткейіндегі ұлпаларды күйдіреді (И.А. Калашник). Жергілікті дарсонвализация трофикалық ойықжаралар, күйіктер, ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар кезінде эпителиленуді жылдамдату үшін, шеткері нерв бағаналары аурулары кезінде, спазматикалық түйінулер, кейбір тері аурулары кезінде қолданылады. Жүрек маңы аурулары мен қызметтілік бұзылыстарына орай туындалған ауырсынулар кезінде қолданылған жергілікті дарсонвализация ауырсынуларды азайтады не мүлдем жояды. Жалпы дарсонвализация гиперемия, зат алмасулары бұзылуларында т.б. кездері қолданылады.
32. Ірі қара малдың кітапшасын тесу техникасы Қатпаршақ қарынды тесу үшін жіңішке троакар немесе Бобров инесін қолданады. Тесетін орны - оң жақта, 8-9 қабыртқа аралығы, иық-жауырын сызығының бойынан 2-3 см төмен. Осы жердің терісін бір жағына жинап, инені немесе троакарды 5-8 см тереңдікке енгізіп, шприцпен қосады, 50-100 мл стерильді физиологиялық ерітіндіні құйып, сонан соң аздаған ерітіндіні азықтармен бірге шприцке сорып алып, иненің қатпаршаққа түскеніне көз жеткенде барып, дәрі-дәрмек ерітінілерін енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет