1. Жарық терапиясы фототерапия



бет18/43
Дата17.01.2023
өлшемі102,66 Kb.
#61732
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
36. Жүрек ақаулары Жүрек ақаулары (Vitia cordis) - жүректің саңылауларының тарылғандығын немесе қақпақшалардың ақауларын сипаттайтын, көбінесе эндокардиттің асқынғандығынан болатын дерт. Аурудың осындай жағдайын жүре пайда болған ақаулар деп атайды. Кейде, жүректің дамуының ауытқушылығынан (аномалия) да - құлақшалардың, қарыншалардың аралықтарындағы перделердің дұрыс қалыптаспауынан, боталл өзегінің бітпей ашық қалуынан, жүректің саңлауларының тарылуынан пайда болады. Мұндай жүректің кемістіктері туа біткен деп атайды. Жүрек ақауларының басты белгілері - ұдайы эндокардиальді шуылдары естіліп тұрады. Жүрек ақауларының салдарынан шығатын эндокардиальді шуылдар, көбінесе қанның тарылған саңлауларынан әдеттегіден қатты қысыммен өтіп, шыға берісінде құйындатылғандықтан пайда болады. Қақпақшалардың зақымдалыну дәрежелері мен сипатына байланысты олардан шыққан шуылдардың дыбыстары үрген, ызылдаған, тырналған, ыңқылдаған сияқтанып естілулері мүмкін. Жүректе 4 қақпақшалар мен 4 саңлаулар болғандықтан әрқайсысының зақымдалуына байланысты 8 жай ақаулар болады Жиі кездесетін ақаулар - бір қақпақша зақымдалынып, сол қақпақшаның жауып тұратын саңылауы тарылуының бірге қосарланып өтуі.
37. Гидротермотерапия Гидротермотерапия ауру аймағын сумен жылытуды қамтиды. Бұл гидротерапияның бір түрі және жылытатын, ыстық компресстерді, ванналарды, грелкаларды, ыстық сазды, құрғақ су буын, резеңке түтіктерді қолданумен байланысты. Грелкалар - (сулы, электрлі, химиялық) су өзінің жоғарғы жылу сыйымдылығы арқасында грелкаларға өте тиімді болады. Әр түрлі формадағы және мөлшердегі резеңке қапшықтарды сумен толтырып ауырған жерге басады. Аумағы көп жерді қыздыру үшін, жылы су құйылған грелка салатын камераларға бөлінген екі қабатты жабу пайдаланылады. Электр грелкасы қолдануға өте тиімді - матадан жасалған қапшықтардың ішінде электр тоғымен қызатын металдан жасалған өзек (спираль) орнатылған. Және де химиялық грелкаларда болады, бірақ оларды сирек қолданады. Грелкалар плевритте, пневмонияда, ангиналарда, паротиттерде, миозиттерде,бурситтерде т.б қолд. Сулы жылытатын компресс. Мұндай компресс ауырсынуды азайту үшін, қабынуға қарсы мақсатта және қабыну инфильтраттарын резорбциялау үшін қолданылады. Ол төрт қабаттан тұрады: біріншісі ылғалды, дененің бетінде тікелей орналасқан; екіншісі — ауа мен ылғалға төзімді; үшіншісі — нашар жылу өткізетін материал; төртіншісі — бекітетін материал. Ыстық ванналар. Көбінесе операциялық өрісті дайындау үшін аяқ-қолдардың дистальды бөліктері мен тұяқтың айналасындағы операциялар кезінде, іріңді пододерматитпен табанды ашқаннан кейін, іріңді жуу және дезинфекциялау үшін қолданылады. Сүйектің жарылуына күдік туындаған кезде диагностикалық мақсатта да қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет