40. Ультра жоғары жиілікті терапия Ультражоғары жиілікті тоқпен емдеу (УЖЖ) - ультражоғарғы жиілікті электромагнит өрісінің жиілік ауытқуы (30-дан 300 мгц дейінгі, толқынның ұзындығы 1 м-ден 10 м тендес) электродтар аралығында орналасқан кеңістіктегі ауру мал ұлпасына әсер етуі арқылы емдеу. Ультражоғары жиілікті ток арнайы электр приборларында пайда болады. Бұл, мал ағзасына арнайы әсер ететін энергияның негізгі түрі. УЖЖ тұрақты аппараттардан бірінші тербеліс көлбеуінде айнымалы толқынды 3-8 м дейінгі 2000 ВТ төмен емес қуат алуға болады. Қолданылу іс-әрекетінің мерзімі 5-10 минут. УЖЖ емдеген кезде ауру мал (немесе дененің бөлшегі) металдан жасалған электродтармен түйіспейді. Ағзаға кеңістікке жайылған электромагнит (конденсаторлык) өрісі әсер етеді. УЖЖ биологиялық әсері жағынан әр алуан. УЖЖ негізгі әсері - малдың ұлпаларының ішінде жылу пайда болуы, клеткалар мембранасындағы электр зарядының және клетка коллойдтарының структурасының өзгерілуі. УЖЖ әлсіздеу етіп мөлшерлегенде ферменттердің, катализаторлардың белсенділігі артып, глобулиндер есебінен альбуминдер саны көбейеді УЖЖ - емдеу өкпенің крупозды қабынуында, тырыспалы шаншуда, парездер мен параличтерде, жіті және жартылай жіті асептикалық гаймориттерде қолданылады, ал іріңді септикалық процестерде бұл емді қолдануға болмайды.
41. МеханотерапияМеханикалық әдістермен емдеу. Механикалық ем дегеніміз организмді емдеумен аурулардан сақтандыру мақсатымен механикалық әдістердің жиынтығын пайдалану. Уқалау (массаж) - өте кең түрде тараған емдік іс-әрекет. Оның әсерінен лимфа қозғалысы едәуір жылдамдайды, ұлпалардың қоректенуі мен қан айналымы және де жүйке жүйелерінің ет талшықтарының, буындардың, жүрек-қантамырлар жүйесінің ет талшықтарының, буындардың, жүрек-қантамырлар жүйесінің жағдайлары жақсарады, асқазан мен ішектің сөл бөлуі, өкпеде газ алмасуы, зат алмасу мен клеткаларда осмос және диффузия процестері жоғарылайды. Уқалау, рецепторларға әсер ететін гистамин тәріздес заттардың пайда болуын қуаттандырады, вегетативті орталық арқылы тітіркенуді жоғары жүйке жүйесіне өткізеді. Уқалау, малды тәулігіне (5-50 мин. дейін) жетектеп жүргізгенде, немесе мөлшерлі жұмыс жасағанда (күш түсіру) белсенді және белгілі бір дене бөлігіне қолмен немесе арнаулы аспаптармен механикалық әсер еткенде белсенді емес болып бөлінеді. Белсенді және белсенді емес уқалау функциональды емнің негізін құрайды. Құрсақ қуысының қабырғасын уқалау. Ірі малды уқалау үшін скипидар немесе сумен ылғалданған матамен, болмаса есілген сабанмен құрсақ қуысының қабырғасын белсенді түрде сипаудан бастайды. Майда малда химостаз және копростаз ауруларында ішті уқалау саусақтың ұшымен жұмсартып уқалаудан тұрады. уқалаудың бұл әдісі сүйек жұтып қойған кезде пайда болатын копростаз ауруларында жақсы нәтиже береді. Уқалаудың алдында жылы сумен тазалағыш клизма жасайды. Құрсақ қуысының қабырғасын уқалау күйіс қайыратын малда-таз қарынның атониясында, кебуінде (тимпания), жылқыда спастикалық шаншуда, барлық малда ішектің атониясында қолданылады. Тік ішектің ішкі қуысы арқылы уқалау- кейбір жағдайларда жылқыда, ал өте сирек ірі қарада асқазан, ішек, бүйрек, қуық және жатыр ауруларында құрсақ қуысының қабырғасын сырттан уқалауға қарағанда жақсы нәтиже береді. Ірі қарада тік ішек арқылы уқалауға қуық, жатыр, аналық бездер, сол жақ бүйрек, кіші бүйен ішектің бөлігі, соқыр ішектің негізгі бөлігі және таз қарынның артқы жағы қолайлы. Бұл үшін сипалау, басу, жұмсартып уқалау және айналма қозғалысты уқалау қолданылады. Ішектерді және қуықты сипағаннан ауырсынуы бәсеңдейді және де олардың ет талшықтарының тонусы артады, ал уқалап жұмсартқан, механикалық әсер етеді. Уқалаудың бұл түрінде тұрпайы қатты манипуляция жасамауға тырысады. Құрсақ қуысының қысымы ұлғайғанда, ішектің түйілуінде, қатты шиырылуында, инвагинацияда және перитонитте (көк еттің талаурап ауырсынуында) қолданылмайды. Сипау.Қолды жарақаттанған жерге қойып, оның ортасына қысым түсіре немесе жақын жатқан лимфа безінің бағытына қарай жылжыта отырып қозғалту арқылы жүзеге асырады. Уқалау - барлық алақанмен немесе саусақтардың ұшымен ұлпаларға тиісті қысым жасай отырып орындалады. Қолдың қимылынан тері аздаған қатпар болып жиналуы қажет. Ұрғылауды- алақанымен, жұдырықпен немесе саусақтың ұшымен кейбір жағдайларда ағаш балғашықпен жасайды. Вибрация - тербелу немесе сілкілеу дегеніміз сол арнайы аппараттар арқылы ұлпаларға тербелмелі қозғалыстар беріледі. Вибрация ет талшықтарының жиырылуын күшейтеді, ауырсынуды тыныштандырады және бәсеңдетеді, уақытша гиперемия туғызады. Вибрациялық уқалауды қолмен жасауға да болады. Қол және электр вибраторлары болады. Соңғысының қол вибраторларына қарағанда артықшылығы бар. Жұмыс істеуге қолайлы және жақсы емдік нәтиже береді. Вибрациялық уқалау ет талшықтарының шамадан тыс жиырылуында, ас қазанның, таз қарынның, ішектің атониясында, копростаз бен химостазда, метеоризмде, спастикалық шаншуда, паралитикалық миоглобинурияда, парез бен параличте, май басқанда, сиырдың туғаннан соң жатып қалатын ауруларында жақсы нәтиже береді. Іріңді-шірікті жұқпалы қабынуларда, жаңадан болған гемо- томада, қатерлі ісіктерде, терінің клетчаткасының және желіннің іріңді қабынуларында вибрациялық уқалау қолданылмайды.