1. Жасуша теориясының ашылу тарихы



бет11/13
Дата19.12.2022
өлшемі41,29 Kb.
#58261
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
сома

23.Жасушалық цикл
Жасушалық цикл дегеніміз-жасушаның бөлінуінен түзілген жас жасушалардың тіршілігін жойғанға дейінгі аралықта өтетін құбылыстар жиынтығы.Жасушалық цикл үш кезеңнен тұрады:жасушаның көбею кезеңі немесе митотикалық цикл,арнайы қызмет атқару кезеңі,тыныштық кезеңі.Бұл кезеңдердің ұзақтығы жасуша типіне байланысты әртүрлі болады,жиі өзгеріп отырады.Жасушалық цикл өте маңызды,себебі:олар тірі ағзалардың барлық мүшелерін,ұлпа мен элементтерді құрайтын жасушалардың көбейіп,қайта қалпына келуіне жағдай жасайды.Өзіміз білетіндей,митоздық цикл жасушаның бөлінуге дайындалып,екі жаңа жас жасушаның түзілуіне дейінгі кезеңдерді қамтиды.Ол екі кезеңге бөлінеді:интерфаза және митоз кезеңі.Интерфазаның өзі тағы үш кезеңге бөлінеді:пресинтетикалық-синтезге дейінгі G1 кезеңі,синтетикалық-синтездік S кезеңі,постсинтетикалық-синтезден кейінгі G2 кезеңі.Синтезге дейінгі кезеңде-түзілген жас жасушалардың көлемі аналық жасушалардың көлемімен теңеседі.Оның генетикалық формуласы:2n2C болады және циклдің ұзақтығы 9-12сағатты құрайды.Синтездік кезеңде-ең маңызды процес репликация жүреді.Яғни,цитоплазмадағы центриольдер екі еселенеді.Генетикалық формуласы:2n4C,жүру ұзақтығы 10сағат.Синтезден кейінгі кезеңде-барлық процестер бақыланып,белок,тубилин синтезделіп,митоз фазасына кіруге дайындалады.Постсинтетикалық кезеңнің генетикалық формуласы дәл S кезеңіндегідей 2n4C,жүру ұзақтығы 4,5сағат.Соңғы кезең митоз кезеңі,бұл кезеңде-тетраплоидты жасуша екі диплоидты жас жасушаға бөлінеді.
24.Митотикалық цикл
Митотикалық цикл дегеніміз-бөлінудің нәтижесінде пайда болған жасушаның,бөлінуге дайындалып,екі жаңа жас жасушаның түзілуімен аяқталатын кезең.Митотикалық кезең интерфаза-дайындық және митоз-жасуша бөліну кезеңдерінен тұрады. Интерфаза кезеңінде ДНҚ-ның репликациясы жүреді және белок,РНҚ синтезделеді.Үш кезеңнен тұрады:синтезге дейінгі,синтездеу,синтезден кейінгі кезеңдер.Митоз кезеңінде-тетраплоидты жасушалар екі диплоидты жасушаға бөлінеді.Митоздың өзі 4 фазадан тұрады.Олар:профаза,метафаза,анафаза,телофаза.Әр кезеңде әртүрлі процестер жүреді.Профаза-хромосомалар спиралданып,микроскопта жіпшелері көріне бастайтын кезең.Мұндағы,әр хромосома екі хроматидтен тұрады және олар бір-бірімен когезин ақуызы арқылы байланысады.Бұл фаза кезінде ядролар көпіршіктерге айналып,ЭПТ,Гольджи жиынтықтары жойылып кетеді.Жасушаның полюске қарай жылжып,бөліну ұршығының пайда болуына қатысады.Екінші фаза-метафаза.Метафазада профазадағы метафазалар толық спиралданып бітеді де,жасуша экваторлық кеңістікке орналаса бастайды.Когезин ақуыздары бұзылып,хроматидтер бір-бірінен толық ажырайды.Митоздың үшінші ең қысқа фазасы-анафаза.Анафаза кезеңінде-екіге ажыраған хроматидтер қарама-қарсы полюске жылжиды.Центромералар полюске жылжыса,теломерлер экваторға бағытталады.Телофазада-хромосомалар көпіршіктермен байланыс орнатады және соның нәтижесінде көпіршіктер бірігіп,кариомера түзіледі.Олар бірігіп ядро мембранасын құрайды.яғни,екі жас ядро пайда болады.Профазада жойылып кеткен ЭПТ,Гольджи жиынтығы қалпына келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет