1. Жасуша теориясының ашылу тарихы


Митоз. Митоздың биологиялық маңызы



бет12/13
Дата19.12.2022
өлшемі41,29 Kb.
#58261
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
25. Митоз. Митоздың биологиялық маңызы.
Митоз-дене жасушаларының негізгі бөліну әдісі.Ол генетикалық материалдардың жас жасушаларға тең бөлінуін,жасуша ұрпақтарындағы хромосома ұқсастығын қамтамасыз етеді.Митоз бұл-екі хроматидтің бір-бірінен ажырап,екі жас жасуша арасында теңдей бөлінетін,ядроның бөліну процесі болып табылады.Жалпымитоз бірінен соң бірі қатарласа жүретін төрт фазадан тұрады.Олар:профаза,метафаза,анафаза,телофаза.Профаза-қысқарып және қалыңдап,микроскопта көріне алатын хромосомалар конденсациясынан тұрады.Бұл фазада ядрошықтар,ядро қабықшалары жойылып,көпіршіктерге айналады,екі хроматид пайда болады.Ал,метафазада хромосомалар спиралдануы аяқталып,экваторға тартылады.Бөліну ұршығы түзіліп,оның құрамына:кинетохорлы,полярлі,астарльді микротүтіктер кіреді.Үшінші фаза-анафаза.Ең қысқа фаза және мұнда хромосомадағы хроматидтер қарама-қарсы полюске тартылады.Хромосомалардың жылжуына бірнеше факторлар қатысады.Біріншісі,бөліну ұршығының микротүтігі қатысады,екіншісі,белок-транслокаторлар қатысады.Телофаза-төртінші фаза,мұнда,жойылған жасушалар қайта қалыптасады,кариомера түзіледі,екі жас ядро пайда болады.Митоздың биологиялық маңызы жайлы айтар болсақ,біріншіден,аналық жасушадан екі жас жасуша түзіледі,хромосомалар жиынтығы бірдей болады.Екіншіден,жасушалық ұрпақтар сабақтастығы сақталады.Үшіншіден,митоз жолымен ағзаның өсуі,эмбрионалдық дамуы,қайта қалпына келу процесі қамтамасыз етіледі.Төртіншіден,ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалайтын ақпарат сақталуын қадағалайды.
26.Метафазалық хромосомалар типтері
Хромосомалар-екі еселенетін қабілеті бар,гендік ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа тасушы күрделі ядро компонентінің бірі болып табылады.Ядродағы хромосомалардың құрылысы өте күрделі болады.Гистонды ақуыздар мен ДНҚ-дан тұрады.Хромосомалар жек қызмет жасауы митотикалық цикл кезеңдері мен фазаларына тікелей байланысты.Митотикалық кезеңге тәуелді хромосомаларды метафазалық және интерфазалық деп екіге бөледі.Метафазалық хромосомалар тығыз және қарқынды болады.Олардың пішіні центромераларының орналасуына байланысты әртүрлі болып келеді.Осыған байланысты хромосомалар бес типке бөлінеді:метацентрлік,субметацентрлік,акроцентрлік,телоцентрлік және спутниктік.Метацентрлі хромосома-центромераның дәл ортасында орналасады және иіндерінің ұзындығы тең болады.Субметацентрлі-центромераның ортасында емес сәл төменірек орналасқан,иіндерінің ұзындығы біршама тең емес.Акроцентрлі-центромера хромосоманың бір ұшына қарай орналасқан,бір иіні кішкентай,екіншісі ұзын.Телоцентрлік-хромосоманың бір шетіне қарай орналасады,бір ғана иіні бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет