Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
86
30
лік оқыту бағдарламаларына негізделе-
ді. Ақпараттық әдістемелік материалдар
коммуникациялық байланыс құралда-
рын пайдалану арқылы білім беруді
жетілдіруді кӛздейді.
Адамдардың мәлімет алмасуына,
қарым-қатынас жасауына ақпараттық-
коммуникациялық
технологиялардың
қолданысқа енуі мен қалыптасуы жақсы
әсерлерін береді. Ақпараттық техноло-
гияның негізгі талабының бірі –
оқушыларға ақпараттық білім беру,
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
және ақпараттық технологияны пайда-
лану дағдыларын заман ағымына сай
бейімдеп тәрбиелеу, қалыптастыру.
Ақпараттық-коммуникативтік техноло-
гияда оқыту үрдісінің функциялары
оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық
болжамдау және шығармашылық қабі-
леттерін дамытумен анықталады.
Оқытудың
ақпараттық-комму-
никативтік және интерактивтік техноло-
гияларының негізгі бағыттары:
-
электронды оқулықтар;
-
телекоммуникациялық техноло-
гиялар;
-
мультимедиалық және гипер-
мәтіндік технологиялар;
-
қашықтықтан
оқыту
және
басқару.
Ақпараттық технологияларды пай-
далану белгілі тақырып мазмұнын ашу-
да және білімін жетілдіруде мәліметтер
кӛлемін ұлғайтады:
1 Оқушының танымдық іс-әрекет-
тері күшейіп, ӛзіндік жұмыстарды тез
орындау мүмкіндіктері артады.
2. Әр түрлі оқу орнында отырып
бір-бірімен байланыса отырып, білім
ала алады. ҰБТ тапсырмалары мен
емтихандар сұрақтарын пайдаланады
3. Оқушы ӛз бетінше немесе ӛзге
оқушылармен топтасып бірге жұмыс
жасауға мүмкіндік алады.
Ақпараттық технологияларды пай-
далану дидактикалық пән бойынша
базалық білімді меңгеруді, алған білімді
жүйелеуді, ӛзін-ӛзі бақылау дағдыларын
қалыптастыруды, жалпы оқуға деген
ынтасын арттыруды, оқушыларға оқу
материалдарымен ӛздігінен жұмыс істе-
генде әдістемелік кӛмек беру мәселеле-
рін шеше алады. Ақпараттық техноло-
гиялар мен инновациялық педагогика-
лық әдістерді біріктіру білім берудің
сапасы мен тиімділігін арттырады, білім
беру жүйесінің білім алушылардың
деңгейі мен даму ерекшеліктеріне
сәйкестігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық-коммуникациялық
технологияның барлық мүмкіндіктерін
пайдалана
отырып,
оқушылардың
шығармашылығын қалыптастыру үшін
сабақ барысында мынадай үдерістерді
қолдану тиімді:
-
оқушының дайындық деңгейін,
ынтасын және қабылдау жылдамдығын
ескеру арқылы жаңа материалдарды
меңгеруге байланысты оқытуды ұйым-
дастыру
және
оқыту
процесіне
интерактивті құрылғылардың мүмкін-
діктерін пайдалану;
-
оқытудың жаңа әдістері мен
формаларын (проблемалық, ұйымдасты-
рушылық іс-әрекетін компьютерлік
ойындар және т.б.) сабақта жиі қолдану;
-
проблемалық
зерттеу,
аналитикалық және модельдеу әдістерін
қолдану арқылы классикалық әдістерді
жетілдіру;
-
жаңа ақпараттық технология
құралдарын (жаңа типті компьютерлер,
телекоммуникация, виртуальды орта
және мультимедия-технология, интерак-
тивті құрылғылар) пайдалану арқылы
оқу процесінің материалдық-техника-
лық базасын жетілдіру.
«XXI ғасыр – ақпарат ғасыры»
болғандықтан адамзатқа компьютерлік
сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп
пәндерін
компьютер,
интерактивті
құралдардың кӛмегімен оқыту нәтиже-
лерін зерттеудегі ғылыми проблемалар-
ды шешу ең басты орын алады. Бұның
себебі, оқыту процесінде туындайтын
компьютерлік сауаттылықтың педагоги-
калық-психологиялық жаңа проблема-
лары әлі толық шешілмегендігінде.
Ақпараттық-коммуникациялық техно-
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
87
31
логияларды игеру қазіргі заманда әрбір
жеке тұлға үшін және әрбір адам үшін
қажетті шартқа айналды.
Компьютер және интерактивті құ-
ралдар арқылы ӛткізіліп жатқан оқыту
процесі оқушының жаңаша ойлау қабі-
летін қалыптастырып, оларды жүйелік
байланыстармен заңдылықтарды табуға
үйретіп, нәтижесінде – ӛздерінің кәсіби
ӛсуіне, қалыптасуына жол ашады. Бү-
гінгі ақпараттық қоғамдағы, оқушылар-
дың ойлау қабілетін қалыптастыратын
және компьютерлік оқыту ісін дамыта-
тын жалпы заңдылықтардан тарайтын
педагогикалық технологияларды ғана
тиімді деп санауға болады.
Қазіргі заманда ақпараттық ортада
жұмыс жасау үшін кез келген мұғалім
ӛз ойын жүйелі түрде жеткізе алатын-
дай, коммуникативті және ақпараттық
мәдениеті дамыған, интерактивтік тақ-
таны пайдалана алатын, Он-лайн режи-
мінде жұмыс жасай алатын болуы тиіс.
Жалпы
ақпараттық-коммуника-
циялық технологияны оқыта отырып,
оқушыны кәсіби дағдылардың негізінде
еркін бағдарлай білуге, ӛзін-ӛзі дамыту-
ға, адамгершілік тұрғысынан жауапты
шешімдерді қабылдауға қабілеттілігін
қалыптастыруға, яғни жеке тұлғаны
қалыптастыруға негізделген, ақпаратты
технологияны терең меңгерген, бүгінгі
заманға лайықты болуға қалыптастыру.
Ал, оны қалыптастыру мұғалімдерге,
яғни біздерге байланысты.
Оқушының
бәсекеге
қабілетті
болуы тікелей білімге де байланысты.
Интерактивті құралдар оқыту формасын
ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі
оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгі-
зуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқу-
шылардың пәнге деген қызығушылы-
ғын арттырады. Біз жаңа технологияға
ӛркенді елдердің кӛптен бері пайдала-
нып келе жатқан интерактивті құралдар-
ды қолданып отырмыз. Бұл – Қазақстан-
ның алға қарай дамуының белгісі.
Мұғалімнің оқу процесінде, яғни
практикалық сабақтарда интерактивті
құралдарды қолдану оның жеке тәжіри-
бесіне, шығармашылық ізденісіне бай-
ланысты. Қорытындылай келе, ақпа-
раттық-коммуникациялық технология-
ны орынды пайдалану оқыту сапасын
дамытып жетілдіруге кӛмектеседі.
Мұғалімнің белгілі бір нәтижеге
жетуі шәкіртінің білімімен анықталады,
яғни оқушы алған білімін әрі қарай
жетілдіріп, қажетіне қолдана алуы бо-
лып табылады. Заман талабына сай жа-
ңа инновациялық технология әдістерін
үйретіп, бағыт-бағдар беруші – ол әрине
мұғалім. Оқушылар жаңа үрдістерге,
жаңа оқуға бейімделуі тиіс. Осы үрдіс-
пен бәсекеге сай дамыған елдердің қата-
рына ену ұстаздар қауымына зор міндет-
тер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
Мұғалімге жүктелер міндет ӛте
ауыр, тек ӛз ісіне берілген, жаңалықты
жатсынбай
қабылдайтын,
ұлттық
қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата
отырып, шәкірттерінің жанына нұр
құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің
лайықты тұлғасы деуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Н.Ә.Назарбаев. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» (Ел Президентінің халыққа
Жолдауы), Астана, 2007 ж.
2.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
3.
С.Т.Мұхамбетжанова,
М.Т.Мелдебекова.
Педагогтардың
ақпараттық-
коммуникациялық
технологияларды
қолдану
бойынша
құзырлықтарын
қалыптастыру әдістемесі. Алматы, ЖШС Дайыр «баспасы», 2010 ж.
4.
Б.Б.Жолдасова. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. «Білім»
баспасы, №5.
5.
Ж.Садыбекова. «Оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технология-
ны қолдану қажеттілігі», «Информатика негіздері» журналы. 4-5 бб, №4, 2008 ж.
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
88
30
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ РЕТІНДЕ ТАНЫЛҒАН
SMART ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Ш.Қ.Қожахат
1
, Б.А.Досжанов
2
Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік университеті, Инф-14-1м(п) магистранты
1
Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік университетінің доценті, п.ғ.к.
2
Технологияның қарқынды дамуы
біздің сӛздік қорымызға жаңа ұғымдар-
ды енгізді. Солардың қатарында үлкен
де, кіші де жиі қолданатын Смартфон,
Смарт теледидар, Смарт мектеп, т.б.
атауға болады. Біз бұл құрылғылардың
басқаларынан қандай айырмашылығын
аса тереңдеп біле қоймасақ та бірақ
соларды алуға тырысамыз. Сонымен
Smart дегеніміз не? Smart ағылшын
тілінен аударғанда «ақылды» деген
мағынаны білдіреді. Ал технологиялық
сипатта да осы мағынада жұмсалады.
Яғни, ақылды технология, ақылды
техника, пайдалануға ыңғайлы, мейлін-
ше ықшам, кӛп функциялы құрылғы-
ларды атаймыз. Ал педагогикалық
үдеріс
тұрғысынан
қарастыратын
болсақ, оқытудың бұл түрі электронды
оқыту, мобильді оқыту, кез келген
жерде, кез келген ортада оқыту деген
мағынада жұмсалады. Smart оқыту –
оқытудың жаңа түрі, қарқынды дамып
келе жатқан бірегей үдеріс. Бұл әлеу-
меттік желілер арқылы білім алу,
алмасу, жеке тұлғалық ерекшеліктерді
ескере отырып оқыту қызметі, оқушыға
бағытталған, бағдарланған, орталық-
тандырылған оқыту ортасы, ең соңында
Smart құрылғыларды пайдалана отырып
оқыту деген тұжырымдарды қамтиды.
Aлдымен Smart, технология ретінде
танылып дамыды. Біз ең бірінші,
мобильді құрылғы мен Smart техноло-
гияның ара жігін ашып алайық. Моbile –
ағылшын сӛзі, қозғалмалы, икемді деген
мағынан береді. Мәселен, бұл сӛз
автомобиль,
аэромобиль,
мобильді
телефон деген сӛздерде жиі кездеседі.
Сонымен мобиль – адам әрекетін
жеделдететін, қандай да бір затқа
шапшаң қол жеткізуге мүмкіндік
беретін құрылғы. Қазір біз ӛмірімізді
осы мобильдік құрылғыларсыз мүлдем
елестете
алмаймыз.
Ақпараттың
мобильдік құрылғылар арқылы дамуы
ақпараттық ортаның қарқынды дамуы-
на, сол арқылы мобильдік құрылғыны
пайдаланушылар санының бірнеше есе
артуына алып келді. Соған байланысты
интернет дамыды, сымсыз интернет
пайда болды, осыған орай мобильдік
құрылғының
қосымшаларын
үлкен
қарқынмен дамытып отырған әлемдік
нарық қалыптасты. Smart оқыту орта-
сын қалыптастыруда назар аударатын
бірқатар ұғымдар бар. Ең алдымен,
Smart learning – ақылды оқыту, Кибер
білім алу – онлайн тәртібінде білім алу
түрі, танымал құрылғы – ультрабук,
яғни ноутбуктің жетілген түрі, салмағы
900 грамм, контент – ақпараттық
ресурсты немесе веб-сайтты кез келген
маңызды
мазмұнмен
толықтыру.
Контент мәтін, мультимедия, графика
болуы мүмкін, клауд компьютинг –
қолданушыларға
интернет
сервисі
ретінде ұсынылатын мәліметтерді ӛңдеу
технологиясы, Smart жұмыс – АКТ
кӛмегімен уақытқа, кеңістікке шектел-
мей, ыңғайлы жұмыс істеу. Біліктілік
арттыру – «ӛмір бойы білім алу»
идеясының негізгі тетігі, тиімді жүйесі.
Адамның ӛмір бойы білім алуы міндетті
түрде жоғарғы оқу орнын тамамдап,
диплом алу емес, ӛмір бойында білік-
тілік арттыру арқылы ӛзін-ӛзі жетілдіріп
отыруы,
тұлғалық
қажеттіліктеріне
сәйкес білім алуы. Бүгінгі күні біліктілік
арттыру жүйесінде қашықтықтан білік-
тілік арттыру аса ӛзекті. Себебі бұл
маманның негізгі жұмысынан қол
үзбей-ақ білімін жетілдіруіне мүмкіндік
береді. Қашықтықтан оқытуды кеңінен
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
89
30
алып қарастыратын болсақ, оның
негізінде ХХІ ғасырдың жаңа парадиг-
масы, басымдығы ретінде танылған
Smart education жатыр. Сол себепті де
біздің бүгінгі әңгіме ӛзегі – Smart
education. Smart технологиясын білікті-
лік арттыру жүйесінде қолданудың
қандай мүмкіндіктері бар деп ойлайсыз-
дар? Біздіңше, біліктілік арттыру жүйе-
сінде Smart технологиясын қолданудың
алғашқы қадамдары жасалған. Қазіргі
уақытта біліктілік арттыруда күндізгі
оқытумен қатар қашықтықтан оқыту
түрі тиімді қолданылып жүр. Бұл
дегеніңіз педагог маманның оқу-тәрбие
үдерісінен, отбасынан қол үзбей, білімін
жетілдіруіне мүмкіндік береді. Мектеп-
тердің шағын жинақты екенін, ондағы
мамандардың санаулы ғана әрі педагог
мамандардың басым кӛпшілігі әйел
қауымынан екендігін ескерсек, оқыту-
дың бұл түрінің мейлінше тиімділігіне
кӛз жеткізе түсеміз. Осы қашықтықтан
оқытуда берілетін дәрістерге байла-
нысты бірқатар ұсыныстар енгізуге
болады. Курс тӛрт модульден тұрса,
соның ішінде нормативтік, психоло-
гиялық-педагогикалық, технологиялық
модульдердегі берілетін дәрістердің
бірнеше
альтернативтерін
ұсыну
жүйесін жасауға болады, мұғалім
дәрістердің ішінен ӛзіне ыңғайлысын,
ұнағанын таңдап алып орындайды. Бұл
әрі оқытушылардың арасында бәсеке-
лестікті қалыптастырады, әрі оқу
сапасының
артуына
әкеледі.
Сол
арқылы оқытушылардың рейтингісін
қалыптастыруға болады. Тағы да бір
ұсыныс ретінде Smart технологиясы
арқылы мектеп кітапханашыларының
аудандық желілік байланысын құруға
болады. Сол арқылы оқырмандар кон-
ференциясын, басылымдардағы соңғы
жаңалықтарды, оқырмандардың талап-
тілектері мен пікірлерін жинақтауға
мүмкіндік зор. Мұғалімнің құзыретін
кеңейту мақсатында білім жүйесіндегі
ӛзгерістерді
қамтитын
курстардың
базасы болу керек. Мұғалім жылына бір
рет міндетті түрде сол курстардан ӛтіп,
біліктілігін арттырып, сертификат алса,
бұл сертификаттардың мұғалімнің осы
оқу жылында жұмыс істеуіне мүмкіндік
беретін құзыреті болады. Бұл – заңна-
малық жағынан қолдауды қажет ететін
маңызды мәселе. Әр оқу жылы бастал-
ған сайын мұғалімнің дайындығын
осылайша анықтауға мүмкіндік. Жалпы
Smart оқыту білім жүйесіндегі сонғы
технология болғандықтан, оның мүм-
кіндіктерін әлі де тереңдеп зерттеуді
қажет етеді. Smart құрылғыларды
ӛздігінен қалайша басқарып үйренуге
болады? Қандай тиімді жолдарын
ұсынар едіңіздер? Smart құрылғыларды
ӛздігінен басқарып үйрену ӛте жеңіл. Ең
алдымен қолданушыларға айтар кеңесім
еш қорқынышсыз қандай да бір
кедергілерге қарамастан, техникалық
құрылғыларды пайдалана беру керек.
Себебі қазіргі техникалық құрылғылар
адамның тәжірибесінің болу-болмауына
қарамастан, сезім деңгейінде пайдала-
нып, керегіңізді ала білуіңізге мүмкіндік
береді. Бұл құрылғыларды құрастыру-
шылар адамның пайдалануын мейлінше
жеңілдетуді
қарастырған.
Құрылғы
пайдалануға ыңғайлы әрі жеңіл болған
сайын оны пайдаланушылардың да
саны арта түседі. Қазіргі уақытта ӛзіміз
күнделікті қолданып жүрген смартфон,
планшетті компьютерлер, нетбуктер,
электронды кітаптар, смартбуктер және
тағы да басқа құрылғыларға арналған
операциялық
жүйенің
негізгі
әзірлеушілері Android System-ді Google,
iOS-ті Apple және Windows Mobile
операциялық
жүйесіндегі
Microsoft
болып табылады. Бұл операциялық
жүйелердің барлығының да ӛзіндік
ерекшеліктері мен артықшылықтары
бар. Осылардың ішінде ең танымалы
Android болып табылады. Android
платформасы
түрлі
ӛндірушілердің
кӛптеген құрылымдарына орнатылған.
Android-тің
операциялық
жүйесін
Samsung, LG, Lenovo, Acer ӛнімдерінің
барлығынан да байқауға болады, ал iOS
тек қана Apple компанияларының
ӛнімдерінде ғана кездеседі. Сондықтан
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
90
31
да ӛте аз таралған Windows Mobile тек
Nokia смартфондарында ғана болады.
Қандай құрылғыны алсаңыз да, желілік
технологиялар әлемінде интернетсіз,
желілерсіз Сіздің құрылғыңыз кӛңіліңіз-
ден шығатынына күмәнім бар. Сіздің
смартфоныңыз, планшетіңіз ең алды-
мен, шапшаң ақпарат жеткізу, алу,
тарату кӛзі. Сондықтан да сіз оның
барлық мүмкіндіктерін тек интернетке
қосылу арқылы ғана бағалап, пайдалы-
лығына кӛз жеткізе аласыз. Бұл құрыл-
ғылардың артықшылығы сонда – Сіздің
кез келген жерде жүріп-ақ ақпарат алуға
мүмкіндігіңіз бар. Сізде мен бұл
ақпараттарды компьютердің кӛмегімен
де ала аламын деген ой болуы мүмкін,
бірақ сіз кез келген жерде, кез келген
ортада, автобуста, жүріп бара жатып, ас
ішіп отырып, серуендеп жүріп компью-
терді пайдалана аласыз ба? Компьютер
бұл жағдайда қолайсыздау. Смартфон-
дарды мінсіз құрылғы деп атауға да
болмайды, олардың да ӛзіне тән
кемшіліктері бар. Мәселен, Смартфон
оқуға ӛте ыңғайлы, бірақ мәтінді
жӛндеуге, түзетуге келгенде қолайсыз-
дық тудырады, дегенмен жұмыс істеуге
болады [1].
Smart education – бұл ортақ
стандарт, келісім мен технология негі-
зінде Интернет желісіндегі бірлескен
білім берушілік әрекетті жүзеге асыру
мақсатында құрылған оқу мекемелері
мен профессорлық-оқытушылық құра-
мының бірлестігі. Яғни бұл контентті
бірлесіп құру және пайдалану, бірлесіп
оқыту деген сӛз. Сондай-ақ, Smart
education, немесе «жетелі оқыту», - бұл
барлық әлемнің контентінің кӛмегімен
еркін кіруге болатын интерактивті білім
ортасындағы икемді оқыту. Smart
education ұғымының мәні – білімнің кең
кӛлемді қолжетімділігі. Ӛз кезегінде,
«жетелі оқытудың» мақсаты –білім беру
процесін электронды ортаға кӛшіру
арқылы оқыту процесін тиімді ету.
Мұндай тұрғы оқытушының білімін
кӛшіріп алып, әрбір адамға қол жетімді
етеді. Оқыту әр жерде және үнемі қол
жетімді болады. Кітаптық контенттен
белсенді контентке кӛшу «жетелі
электронды оқытуға» кӛшудің тағы бір
жағдайы болып табылады. Білімді
электронды түрде берудің нәтижелілігі
артады. Ғылым мен техниканың жылдан
жылға кең ӛріс алып, жедел қарқынмен
дамуы, білім мен дамудың негізгі кӛр-
сеткіші болып табылатын адами капита-
лымызды артуына алып келуі тиіс. Осы
орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
халыққа жолдауындағы «Оқу үрдісінде
ақпараттық технологияларды білім беру
саласын жақсартуда қолданысын кеңей-
ту керек» деген сӛзін басшылыққа ала
отырып, ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінде жаңа ақпараттық техноло-
гияларды пайдаланып, аталмыш оқыту
жүйесіне жаппай кӛшу арқылы білім бе-
руді жетілдіру керек. Себебі 2014 жыл-
ғы 17 қаңтардағы ҚР Президентінің
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат,
бір мҥдде, бір болашақ» атты
жолдауында: «Қазақстанның әлемдегі
ең дамыған 30 елдің қатарына кіру
тұжырымдамасында басты басымдылық
ретінде ұлттық білім берудің барлық
буынының сапасын жақсарту, оқыту
нәтижесі
оқушылардың
сындарлы
ойлау, ӛзіндік ізденіс пен ақпаратты
терең талдау машығын игеру болуға
тиіс» деп белгілеген болатын [2].
Барлық операциялық жүйелердің
ӛзіндік серверлері бар, онда ақылы және
тегін қосымшалар орналасқан. Бұл
қосымшалардың саны ӛте кӛп, ойын
қосымшаларынан
бастап,
ғылыми
кітаптар мен әдебиеттерге дейін онлайн/
офлайн қосымшаларды қамтиды. Бүгін-
гі қолданушылардың басым кӛпшілігі
ӛздерінің гаджеттерінің мүмкіндіктерін
толық пайдалана ала алмай отыр.
Мәселен, бұл құрылғылар адамның
барлық қажеттіліктерін ӛтеуге бағыт-
талған. Сондықтан да сіздің денсаулы-
ғыңыздан бастап диетаңызға дейінгі
аралықты бақылап отыратын мүмкіндік-
тері бар. Біз құрылғымыздың сервисте-
рін пайдалану үшін алдымен құрылғы-
дағы ӛндірушінің серверінде тіркелуіміз
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
91
32
керек. Қосымшаларды пайдалану үшін
сізге ӛндіруші серверінің операциялық
жүйесінде жеке тіркеуден ӛту қажет.
Мәселен, Android жүйесін қолдану үшін
сізге Google компаниясының Gmail
пошталық серверінде тіркеуден ӛту
керек, себебі Android Google компания-
сының жеке меншігі болып саналады.
Сондықтан да Google сіздің жеке бас
мәліметтеріңізді сақтауға жауапкерші-
лікті алады. Бірақ бұл ӛзіңізге қатысты
барлық деректерді толығымен енгізу
деген сӛз емес, себебі бұл жағдайдың сіз
үшін тиімді әрі қауіпті тұсы болуы
мүмкін. Сонымен құрылғыны жедел
басқарып, мүмкіндіктерін толық пайда-
лана алатын іскер қолданушы болуы
үшін Youtube-тен ӛз құрылғыңыздың
операциялық жүйесінің нұсқаулығымен
танысып шығуға болады. Интернетте
кӛбірек жұмыс істеп, ӛзіңізге ыңғайлы
браузерді (интернетте жұмыс істеуге
арналған бағдарлама) пайдалануға бола-
ды. Ал, педагог мамандарға күнделікті
оқу-тәрбие үдерісінде мультимедияны
пайдалану тиімді. Мультимедиа –
ақпараттың сақталатын құралы. Сандық
құралдың әрекеті, мысалға латын тілін-
де мәтін, жазу-сызу, аудио, анимация
және видео деген ұғымды білдіреді.
ХХІ ғасыр – технологиялар ғасы-
ры болып отыр. Мобильдік құрылғылар,
Интернет желілері ӛмір сүрудің қара-
пайым күнделікті дағдысына айналып,
ақпараттық технология адам ӛмірінің
маңызды бӛлшегі болып кірігіп кетті.
Сандық қоғам, сандық орта қалыптасты.
Дамыған мемлекеттер технологияларды
адам игілігіне пайдалану мүмкіндікте-
рін мейлінше арттырып жатыр. Интер-
нет желілері адамның әр түрлі бағытта
дамуына мол мүмкіндік береді. Адам
үйде отырып-ақ, кәсіпкерлікпен де,
ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де,
шығармашылықпен де айналыса алады.
Әлеуметтік желілер арқылы адамның
ӛзінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге
асыруына жол ашылды. Ақпараттық
қоғамда адамның ӛзіндік ойлауы,
әрекетке
шығармашылық
тұрғыдан
қарап, ыңғайлы жол таба білуі маңызды
болып табылады. Соның нәтижесінде
интеллектуалды экономика қалыптасып,
технологияның
қарқынды
дамуына
мүмкіндік туып отыр. Бұл ӛзгерістер
алдымен,
білім
саласына
тікелей
байланысты. Соған орай білім берудің
жаңа философиясы қалыптасып, модер-
низация қарқынды жүріп келеді. Білім
беру
саласында
дәстүрлі
оқыту
электронды оқытуға, электронды оқыту
smart оқытуға ауысты. Орта білім
беруде оқушылардың ӛздігінен дербес
білім
алуына
басымдық
берілсе,
біліктілік арттыру жүйесінде қашық-
тықтан оқыту, корпоративті оқыту
кеңінен қанат жайды. Ендігі міндет –
сол алған білімнің адамға қызмет етуіне
мүмкіндік беретін smart оқыту ортасын
дамыту.
Адамның жақсы білім алуын,
табысты оқуын, ақыл-ойының дамуын
жоғары дәрежеде ұйымдастыру егемен-
ді елімізді одан әрі дамытатын азамат-
тарды тәрбиелеуде маңызды қадам
болып табылады. Терең білім – тәуелсіз-
дігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығы-
мыздың алдаспаны деген Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың сӛзімен қортындыла-
ғым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |