1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері. Жаза тағайындау


) Қылмыстық құқық бұзушылық арқылы ауыр зардаптар келтiру



бет10/24
Дата26.11.2023
өлшемі54,01 Kb.
#128286
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
2) Қылмыстық құқық бұзушылық арқылы ауыр зардаптар келтiру. Зардап материалдық, моральдық және басқа түрде де болуы мүмкін.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың ауыр зардабын сот жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың мәніне, істің нақты жағдайларына, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтан тікелей туындаған зардапты еске ала отырып анықтайды.Мұндай шешiмге қолсұғушылық объектiсiнiң маңыздылығы, келтiрiлген зиянның мөлшерi сияқты жағдайлар əсер етедi. Ауыр зардаптар келтiру тек қасақана қылмыстарда ғана емес, абайсыздықпен жасалған қылмыстарда да жазаны ауырлатады, сондықтан, кiнəнiң нысанына қарамастан бұл жағдай ауырлататын жағдай ретiнде танылуы мүмкiн. Бұл үшiн сот жасалған əрекет пен келтiрiлген зардап арасындағы себептi байланысты анықтауы мiндеттi. Сонымен қатар, ҚК-тiң Ерекше бөлiгiнiң бiрқатар баптарында ауыр зардап келтiру қылмыстық құқық бұзушылықтың белгiсi ретiнде танылғандықтан жауаптылықты ауырлататын жағдай ретiнде қарастырылмайды.
Ал ҚК-тiң кейбiр баптарында ауыр зардаптар келтiру қылмыстық құқық бұзушылықтың белгiлерi болып табылмайды, алайда бұл қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасау нəтижесiнде ауыр зардаптар туындайды. Мұндай жағдайларда сот осы қылмысты жасау нəтижесiн де ауыр зардап келтiргенi үшiн ауырлататын жағдай ретiнде тануға құқылы.
3) Қылмыстық құқық бұзушылықты адамдар тобының, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының жасауы, қылмыстық топ құрамында жасау. Осындай жағдайда жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтар түсінігі ҚК-тің 27-31 баптарында берілген.
Егер қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға екi немесе одан да көп орындаушы алдын ала сөз байласпай бiрлесiп қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады (ҚК-тің 31-бабы, 1-бөлігі).
Егер қылмыстық құқық бұзушылыққа оны бiрлесiп жасау туралы күнi бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады (ҚК-тің 31-бабы, 2-бөлігі).
Егер қылмысты ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда немесе заңсыз әскерилендірілген құралым жасаса, ол қылмыстық топ жасаған қылмыс деп танылады (ҚК-тің 31-бабы, 3-бөлігі).
Бұл ұғымдар ең алдымен бiр-бiрiнен өздерiнiң мазмұнымен, қауiптiлiк дəрежесiмен ерекшеленедi. Қылмыстық құқық бұзушылықты осы көрсетiлген қатысу нысанының кез келгенiмен жасау осы қатысушылардың барлығы үшiн, олардың қылмыстық құқық бұзушылықтағы әр қайсысының нақты ролiне қарамастан ауырлататын мән-жай ретiнде танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет