11) Төтенше жағдай, төтенше ахуал кезінде, сондай-ақ жаппай тәртiпсіздіктер барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасау. Төтенше жағдай, төтенше ахуал кезін пайдалану арқылы, сондай-ақ жаппай тәртiпсіздіктер барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасау бұл қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жәй болып табылады. Мұндай әрекеттерді төтенше жағдайды немесе жұртшылыққа келген ауыртпалық жағдайларды пайдаланып қылмыстық құқық бұзушылық жасау деп атаймыз. Жұртшылыққа келген ауыртпалық жағдайына жер сілкіну, су тасқыны, қар көшкіні, өрт апаты, дауыл соғуы сияқты оқиғалар жатады. Кінәлі адамның басқа уақытқа қарағанда осы жағдайды пайдаланып қылмыстық құқық бұзушылық істеуі оның жауаптылығын ауырлатады. Жаппай тәртіпсіздіктің тісінігі ҚК-тің 272-бабында берілген.
12) Алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан масаң күйде қылмыстық құқық бұзушылық жасау. Сот қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлататын мән-жай деп танымауға құқылы.Кінәлінің қылмыстық құқық бұзушылықты алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан масаң күйде қылмыстық құқық бұзушылық жасауы жасаған іс-әрекетінің қоғамға қауiптiлiгiн жоғарлатады. Алайда, қылмыстық заң соттарға жасалған қылмыстық əрекетке кiнəлiнiң мастығының қатысы бар-жоқтығын, оны осындай күйге жеткiзген жағдайларды ескере отырып бұл жағдайды ауырлатушы мəн-жай ретiнде танымау құқығын берген.
13) Адамның өзi берген сертін немесе кәсiби антын бұза отырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасауы. Аталған жағдайда қылмыстық құқық бұзушылық жасау – әр уақытта да жазаны жоғарлатудың негізі. Өйткені, аталған адамдар өзі қабылдаған антын бұза отырып, өзіне берген сенімге қиянат жасап, алдау жолына түседі. Көбiнесе, бұл жағдайлар қылмыс жасаған əскерилерге, дəрiгерлерге және соттарға қатысты қолданылады. Мысалы, әскери міндетті адам берген антын бұзып, мемлекеттік құпияны жария етеді.
14) Кінәлі адамға оның қызмет бабына немесе шартқа қарай көрсетiлген сенiмдi пайдаланып қылмыстық құқық бұзушылық жасау. Бұлкiнəлiнiң өзiнің қызметi бойынша көрсетiлген сенiмге немқұрайлы қарауы немесе шартпен берiлген сенiмдi пайдаланып қылмыстық құқық бұзушылық жасауы. Сот тəжiрибесi көрсетiп отырғандай, бұл жағдай көбiнесе мемлекеттiк қызмет, жергiлiктi өзiн өзi басқару органдары, экономикалық қызмет саласында орын алады.