1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері. Жаза тағайындау


) Қылмыстық құқық бұзушылық жасағанда айрықша белсендi рөл атқару



бет11/24
Дата26.11.2023
өлшемі54,01 Kb.
#128286
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
семинар-дискуссия Жаза тағайындау

4) Қылмыстық құқық бұзушылық жасағанда айрықша белсендi рөл атқару. Адам қылмыстық құқық бұзушылықты жеке өзі істегенде немесе топқа қатысып істегенде айрықша белсенді рөл атқаруы мүмкін.Қылмыстық құқық бұзушылық жасағанда аса белсендiлiк танытқан тұлға басқа қатысушыларға қарағанда қауiптiлiгi мен ерекшеленедi. Мұнда аса белсендi ролi ретiнде оның ұйымдастырушылық, басқарушылық, басқа қатысушыларды жұмылдыру əрекеттерiн тануға болады. Кiнəлiнiң аса белсендi ролi ауырлататын жағдай ретiнде оның белсендiлiгiн сипаттайтын нақты əрекеттердi көрсете отырып соттың үкiмiнде негiзделуi тиiс.
5) Кінәлі адамға ауыр психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтан (аурудан) зардап шегетiнi көрінеу белгiлi адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыстық құқық бұзушылық жасауға тарту.Кiнəлi адам өзiнiң қылмыстық мақсаттарына қол жеткiзу үшiн басқа адамдарды, яғни психикасы бұзылуының ауыр түрiнен зардап шегетiн немесе қылмыстық жауаптылық жасына жетпеген жасөспiрiмдi тарта отырып қылмыстық құқық бұзушылық жасайды. Қылмыстық құқық теориясынада мұндай əрекеттер тiкелей орындаушылық деп аталады.
Аталған категориядағы адамдарды қылмыстық құқық бұзушылыққа тартқан адам қылмыстық құқық бұзушылықтың тiкелей орындаушысы ретiнде жауапқа тартылады. Қылмыс жасауға тарту терминi жас өспiрiмдi немесе психикасы бұзылған адамды қылмысқа айдап салу əрекеттерiн де қамтиды.
6) Ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе араздық уәжі бойынша, басқа адамдардың құқыққа сыйымды әрекеттері үшiн кек алу, сондай-ақ басқа қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық жасау. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында: Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды – делінген. Ал 19-бабында: Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы – делінген.
Бұл жерде қылмыстық құқық бұзушылықтардыұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе араздық уәжі бойынша істеу туралы сөз болып отыр. Бұған басқа ұлттар мен нәсілдердің өкілдерін осындай ниетпен қорлауға, оларға жала жабуға, оларды ұрып-соғуға, дене жарақатын салуға, мүліктерін жоюға, бұзақылық және басқа қылмыстық құқық бұзушылықтарды істеуге бағытталған іс-әрекеттері жатады. Осы жағдайлардың барлығы қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жәйларға жатады.
Басқа қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық жасау деп кiнəлi бiр қылмыстық құқық бұзушылықты жасырамын деп екiншi қылмыстық құқық бұзушылықты жасайды. Мысалы, А. деген азамат Б. деген азаматты өлтiрген соң, қылмысты жасыру мақсатында оның үйiн өртеп жiбередi.
7. Кінәлі адамға жүктiлiк жағдайда екені көрінеу белгiлi әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не кінәлі адамға тәуелдi адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау.Кiнəлiнiң өзiнiң қылмыстық мақсатына əйел адамның жүктiлiк жағдайын, жəбiрленушiнiң қорғансыздығы мен дəрменсiздiгiн пайдалануы, оның қоғамға қауiптiлiгiн жəне қатыгездiгiн, онда жағымсыз моральдық қасиеттердiң бар екендiгiн куəландырады.
Жүктi əйелге қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау тек қана қасақаналықпен сипатталады. Мұнда қылмыстық жауаптылық туындау үшiн кiнəлiнiң əйелдiң жүктiлiк жағдайын алдын ала бiлгендiгiнде .
Жасөспiрiмдер деп – заң он төрт жасқа толмаған адамдарды таниды. ҚК-тiң Ерекше бөлiгiнiң бiрқатар баптарында жасөспiрiмдерге қарсы қылымыстық құқық бұзушылық жасау ауырлататын жағдай ретiнде қарастырған, бұл жерде аталған ауырлататын жағдайды жаза тағайындау кезiнде қайтадан ескеруге болмайтындығын айта кету қажет.
Қорғансыз немесе дəрменсiз адамдарға ауыр халде болуына, қарттығына, психикалық не физикалық жағынан кемтар болуына, ұйқыда жатқандығына, есiнен тануына байланысты қылмыскерге қарсы тұруға қабiлетсiз адамдарды жатқызуға болады. Кiнəлiге тəуелдi адамдар деп – материалдық, қызметтiк, жұмысы жағынан немесе отбасылық жəне т.б. жағынан кез келген тəуелдiлiктегi адамдарды айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет