1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері. Жаза тағайындау


Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау



бет16/24
Дата26.11.2023
өлшемі54,01 Kb.
#128286
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Байланысты:
семинар-дискуссия Жаза тағайындау

3. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау. Сот тəжiрибесiнде адамның Қылмыстық кодекстiң түрлi нормаларында қарастырылған бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауы кеңiнен тараған. Сондай-ақ, бiрiншi жасаған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн үкiм шыққаннан кейiн, оның бұған дейiн де басқа қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы анықталып жататын жағдайлар да аз кездеспейдi. Мұндай жағдайлар қылмыстық құқықта қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығын құрайды.
Адамның бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауы бұл адамның жеке басының қоғамға қауiптi екендiгiн куəландырады жəне оған қатаң ауыр жаза тағайындау қажеттiлiгiн тудырады. Қылмыстық заңда мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы жағдайында жасаған кінәлі адамдар үшiн жаза тағайындаудың ерекше тəртiбi қарастырылған.
ҚК-тiң 13 бабының 1-бөлігіне сəйкес, осы Кодекстiң түрлi баптарында немесе баптарының бөлiктерiнде көзделген, адам солардың бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған немесе заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екi немесе одан да көп іс-әрекеттi жасау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы деп танылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы кезінде адам, егер осы іс-әрекеттердiң белгiлерi осы Кодекстiң бiр бабының немесе бабының бiр бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жазаны көздейтiн нормасында қамтылмаған болса, әрбiр жасалған іс-әрекет үшiн осы Кодекстiң тиiстi бабы немесе бабының бөлiгi бойынша қылмыстық жауаптылықта болады.
Қылмыстық кодекстiң екi немесе одан да көп бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгiлерi бар бiр іс-әрекет (әрекетсiздiк) те қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы деп танылады. Қылмыстардың мұндай жиынтығы кезінде адам, егер бiр іс-әрекеттiң белгiлерi Қылмыстық кодекс бабының басқа іс-әрекет үшiн неғұрлым қатаң жазаны көздейтiн нормасында қамтылмаған болса, әрбiр жасалған іс-әрекет үшiн Қылмыстық кодекстің тиiстi баптары бойынша қылмыстық жауаптылықта болады. Мысалы, қасақана адам өлтіру мақсатында жәбірленушінің үйіне айнала кониситрмен бензин шашып өрт қойуы. Осы жағдайда кінәлінің іс-әрекеті ҚК-тің 99-бабы және 202-бабы бойынша дәрежеленеді.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығында кінәлі əрбiр жасалған қылмыстық теріс қылық не қылмыс үшiн Қылмыстық кодекстiң тиiстi бабы немесе бабының бөлiгi бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
ҚК-тiң бiр бабының түрлi бөлiктерiнде қарастырылған бiрнеше ауырлататын белгiлерi бар қылмыстық құқық бұзушылықты жасау жиынтықты құрамайды. Мысалы, бiр мезгiлде кiнəлi iрi мөлшерде тонау қылмысын, адам өмiрiне қауiптi емес күш қолданып жасаған жағдайда, кiнəлiнiң əрекетi 191-бабының 2 жəне 3-бөлiктерiне сəйкес келедi, бiрақ мұнда кiнəлiнiң əрекетi бiр қылмыс ретiнде жазасы қатаңдау бөлiгiмен сараланып ҚК-тiң 191-бабының 3 бөлiгiмен жауаптылық туындайды. Егер, бiр адам əр түрлi уақыттарда осы əрекеттердi жасайтын болса, онда қылмыстық құқық бұзушылықтың жиынтығы орын алады.
Əрбiр жасалған жеке қылмыстық құқық бұзушылықты жеке-жеке саралап, жазаны əрбiреуiне тиiстi баптың санкциясымен жаза тағайындап алып, түпкiлiктi жаза қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша тағайындалады.
Көрсетiлген мысалға қатысты, егер адам бiр күнi 191-бабының 2-бөлiгiндегi əрекеттi, ал бiрнеше күннен кейiн 191-бабының 3-бөлiгiндегi қылмысты жасаса қылмыстардың реалды жиынтығын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет