1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері. Жаза тағайындау


ҚК-тiң 55-бабынан шығатын қорытынды, заң жазаны жеңiлдетудiң мынадай үш түрiн қарастырады



бет21/24
Дата26.11.2023
өлшемі54,01 Kb.
#128286
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
семинар-дискуссия Жаза тағайындау

ҚК-тiң 55-бабынан шығатын қорытынды, заң жазаны жеңiлдетудiң мынадай үш түрiн қарастырады:
1) ҚК Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабының санкциясында қарастырылған жазаның ең төменгi шегiнен де төмен жаза тағайындау;
2) ҚК Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабының санкциясында қарастырылған жазадан гөрi жеңiлiрек жаза тағайындау;
3) ҚК Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабының санкциясында қарастырылған мiндеттi жаза ретiндегi қосымша жазаны тағайындамау;
Бiрiншi жағдай бойынша, заңда қарастырылған жазаның ең төменгi шегiнен де төмен жаза тағайындау дегенді білдіреді, сот тиiстi баптың санкциясында көрсетiлген жазаның түрi сияқты жаза тағайындайды, бiрақ сот жазаның мөлшерiн, шегiн төменгiден де қысқартады. Мысалы, ҚК-тiң 106-бабының 1-бөлiгi бойынша, үш жылдан сегіз жылға дейнгі мерзімгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Егер, сот осы қылмыс үшiн төменгi шектен төменiрек жаза тағайындағысы келсе, екі немесе бір жыл бас бостандығынан айыруды қолдануы мүмкiн, бiрақ бұл жағдайда бас бостандығынан айыру алты айдан төмен болмауы тиiс. Өйткенi, соттың аталған жаза үшiн белгiленген ең төменгi шектен төмен жеңiлдетуге құқығы жоқ.
Екiншi жағдай бойынша, заңда қарастырылған жазадан гөрi жеңiлiрек жаза тағайындау кезiнде сот ҚК-тің 39-бабындағы жеңiлiрек жазадан ауыр, қатаң түрiне қарай тiзiлген жазалар жүйесiне сүйене отырып, жеңілірек жаза тағайындайды.
Үшінші жағдай бойынша, ҚК-тің Ерекше бөлігінің белгілі бір бап бойынша міндетті түрде тағайындалуға жататын қосымша жазаны тағайындамауынан тұрады.
«Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының жетінші тармағына сәйкес:
ҚК-нің 55-бабының екінші және үшінші бөліктері жазаны жеңілдететін дербес негіздер болып табылады және оларды бір уақытта қолдануға жол берілмейді. Жазаны тағайындау кезінде осы құқық нормаларының жарыспалылығы кезінде, ҚК-нің 55-бабының үшінші бөлігі қолданылады. Мұндай жағдайда ҚК-нің 55-бабы екінші бөлігінің қағидалары ескерілмейді.
ҚК-нiң 55-бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тиiстi бапта белгіленген төменгі шектен төмен жаза тағайындауға не қылмыстық құқық бұзушылық сараланған ҚК-нің бабының санкциясында көрсетiлмеген жазаның неғұрлым жеңiл түрiн тағайындауға немесе міндетті жаза ретінде көзделген қосымша жазаны қолданбауға тек қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілiк дәрежесiн едәуiр азайтатын ерекше мән-жайлар анықталған жағдайда, сондай-ақ топтың жасаған қылмысына сыбайлас қатысушы топтың жасаған қылмыстарын ашуға белсене жәрдемдескен кезде ғана жол беріледі.
Жеңiлдететiн жекелеген мән-жайлар да, осындай мән-жайлардың жиынтығы да және жасалған әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесінің төмен екенін және сотталушының оң әлеуметтік-адамгершілік бейнесін айғақтайтын жасалған іс-әрекетке, сотталушының жеке басына қатысты өзге де мән-жайлар, ерекше мән-жайлар деп танылуы мүмкiн.
Сот iс бойынша анықталған мән-жайлардың нақты қайсысын ерекше мән-жайлар деп танитынын және оларды ҚК-нiң 55-бабын қолдану кезінде кінәлінің жеке басы туралы қандай деректермен ұштастырып негізге алатынын үкiмде әрбір сотталушыға қатысты көрсетуге мiндеттi.
Ерекше мән-жайлар болған кезде ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаудың өзі адамға төменгі шектен төмен жазаны тағайындауға кедергі болмайды.
Егер бап санкциясы бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыруды көздесе, соттар аса ауыр қылмыс жасағаны үшін белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау кезінде ҚК-нiң 55-бабы екінші бөлігі 3) тармағының қағидасы қолданылуға жататынын ескерулері қажет. Егер сот жаза тағайындау кезінде сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы түрінде жаза тағайындау қажет деген тұжырымға келсе, бұл қағидалар ескерілмейді.
ҚК-нiң 55-бабын қолдану арқылы сот белгілеген жазаның мөлшері жазаның осы түрі үшін заңмен белгіленген шектен кез келген жағдайда төмен болмауға тиіс.
ҚК-нің 55-бабының екінші немесе үшінші бөліктерінде көрсетілген мән-жайлар болған кезде жаза ҚК-нің Ерекше бөлігінің тиісті бабының санкциясында көзделген төменгі шектен төмен тағайындалуы мүмкін. Қылмысты дайындағаны немесе қылмысқа оқталғаны үшін жаза тағайындау жағдайларында ҚК-нің 55-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген шектер ҚК-нің 56-бабының ережелері ескеріле отырып айқындалады. Кәмелетке толмаған адамға ҚК-нің 55 және 56-баптарының қағидалары бойынша айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындау кезінде соттар ҚК-нің 81-бабының тиісті жаза түрі мерзімінің немесе мөлшерінің ең жоғары және ең төменгі шектері туралы ережелерін негізге алғаны жөн.
Келісімдік іс жүргізуде қаралған іс бойынша жаза тағайындау кезінде сот процестік келісімде белгіленгеннен неғұрлым жеңіл жазаны (түрі, мерзімі, мөлшері) тағайындауға құқылы, бірақ неғұрлым ауыр жаза тағайындауға құқылы емес – делінген.


5.Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау.Сыбайлас қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жаза тағайындау. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет