1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері. Жаза тағайындау


Сыбайлас қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жаза тағайындау. Сыбайлас қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жаза тағайындау



бет23/24
Дата26.11.2023
өлшемі54,01 Kb.
#128286
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Сыбайлас қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жаза тағайындау. Сыбайлас қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жаза тағайындаукезiнде соттар жаза тағайындаудың жалпы негiздерiмен бiрге қылмысты жасауға адамның iс жүзiнде қатысу сипаты мен дəрежесi, осы қатысудың қылмыс мақсатына жетудегi мəнi, қылмыс нəтижесiнде келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн зиянның сипаты мен мөлшерiне оның ықпалын ескеруi тиiс. Қатысушылық бойынша жаза тағайындағанда жаза қатаң түрде жеке дараланған болуы қажет. Бұл жағдайда қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың бiреуiнiң жеке басына қатысты жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн немесе ауырлататын жағдайлар тек сол қатысушыға жаза тағайындау кезiнде ғана ескерiлетiндiгi есте болуы қажет.
ҚР ҚК-нің 27-бабына сәйкес, екi немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қасақана бiрлесе қатысуы қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу деп танылады.
Ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесушi орындаушымен бірге қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылар деп танылады.
Сыбайлас қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жаза тағайындау кезiнде оны жасауға адамның iс жүзiнде қатысу сипаты мен дәрежесi, осы қатысудың қылмыстық құқық бұзушылық мақсатына жетудегі мәнi, оның келтiрiлген немесе келтiрілуi мүмкiн зиянының сипаты мен мөлшерiне ықпалы ескерiледi.
Сыбайлас қатысушылардың бiреуiнiң жеке басына қатысты жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлар тек сол сыбайлас қатысушыға жаза тағайындау кезiнде ғана ескерiледi.
Сонымен бiрге, сыбайлас қатысушылардың жасалған қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысудың шегiнен шығушылық деген тағы бар. Сыбайлас қатысушының шектен шығуы деп адамның басқа да сыбайлас қатысушылардың пиғылында болмаған қылмыстық құқық бұзушылық жасауы танылады. Оның шектен шыққаны үшiн басқа сыбайлас қатысушылар қылмыстық жауаптылыққа жатпайды.
Мұндай шектен шыққан əрекет үшiн ҚК-тің тиiстi бабы бойынша сол əрекеттi жасаған адам ғана жауапты болады жəне оған қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындалады. Ал қылмыстың қалған қатысушылары тек бiрлесiп ойластырылған əрекет үшiн ғана жауапты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет