1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері. Жаза тағайындау


Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау



бет22/24
Дата26.11.2023
өлшемі54,01 Kb.
#128286
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
семинар-дискуссия Жаза тағайындау

Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау.Қылмыстық кодекс тек аяқталған қылмыс жасау үшiн ғана емес, сонымен бiрге қылмысты жасауға бағытталған əрекеттер үшiн де жауаптылықты қарастырады. Аяқталмаған қылмыс екi сатыдан, яғни, қылмысқа дайындалу жəне қылмысқа оқталудан тұрады. Кінәлінің жоспарлаған қоғамға қауiптi зардаптардың түспеуіне байланысты, бұл іс-əрекеттер аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қарағанда онша қауiптi емес.
ҚР ҚК-нің 24-бабында Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталуды қарастырған, онда:
1. Тікелей пиғылмен жасалған, қылмыс құралдарын немесе қаруларын iздестiру, әзiрлеу немесе бейiмдеп жасау, қылмысқа сыбайлас қатысушыларды iздестiру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл ретте қылмыс адамның еркiне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса, қылмысқа дайындалу деп танылады.
2. Ауыр немесе аса ауыр қылмысқа дайындалғаны үшiн, сондай-ақ террористік қылмысқа дайындалғаны үшін қылмыстық жауаптылық туындайды.
3. Қылмыс жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), егер бұл ретте қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса, қылмысқа оқталу деп танылады.
4. Ауырлығы орташа қылмысқа, ауыр немесе аса ауыр қылмысқа оқталғаны үшiн, сондай-ақ террористік қылмысқа оқталғаны үшін қылмыстық жауаптылық туындайды.
5. Қылмысқа дайындалғаны және қылмысқа оқталғаны үшiн қылмыстық жауаптылық осы Кодекстiң аяқталған қылмысқа арналған бабы бойынша, осы баптың тиiстi бөлiгiне сiлтеме жасала отырып туындайды – деп айтылған.
Сондықтан, заңшығарушы аяқталмаған қылмыстар үшiн жаза тағайындау мəселесiнде бiрқатар ерекшелiктердi де қарастырады.
Ең алдымен, аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау кезiнде ҚК-тiң 56- баптың бірінші бөлiгiне сəйкес,аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау кезiнде қандай мән-жайлардың себебiнен қылмыс ақырына дейiн жетпегенін ескередi.
Қылмысқа дайындалу қауiптiлiгi төмен іс-əрекет ретiнде саналады, сондықтан, заңда қылмысқа оқталу немесе аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық жасау үшiн белгiленген жазаға қарағанда, қылмысқа дайындалу үшiн жеңiлiрек жаза қарастырылған. ҚК-тің 56-бабының екінші бөлігіне сәйкес,қылмысқа дайындалғаны үшiн жазаның мерзiмiн немесе мөлшерiн осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнің тиiстi бабында аяқталған қылмыс үшiн көзделген жазаның негізгі түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң жартысынан асыруға болмайды.
Қылмысқа оқталу қылмысқа дайындалуға қарағанда қауiптiрек болғандықтан, ол үшiн тағайындалатын жазаның мөлшерi мен мерзiмi көбiрек қарастырылған. ҚК-тiң 56-бабының үшінші бөлiгiне сəйкес, қылмысқа оқталғаны үшiн жазаның мерзiмiн немесе мөлшерiн осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнің тиiстi бабында аяқталған қылмыс үшiн көзделген жазаның негізгі түрiнің ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң төрттен үшінен асыруға болмайды.
ҚК-тiң 56-бабының 4-бөлiгiне сәйкес,қылмысқа дайындалғаны үшiн және қылмысқа оқталғаны үшiн өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет