1. Жүйелер теориясының негізгі элементтерін нақтылап көрсетіңіз. Жүйенің қасиеттерін атаңыз және әр қасиетіне сипаттама беріңіз


Ақпараттық жүйе анықтамасы. Ақпараттық жүйе құрылымын анықтаңыз және мысал келтіріңіз. Ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды атаңыз



бет3/28
Дата30.09.2023
өлшемі2,1 Mb.
#112038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
3.Ақпараттық жүйе анықтамасы. Ақпараттық жүйе құрылымын анықтаңыз және мысал келтіріңіз. Ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды атаңыз.
Ақпараттық жүйе – бұл қолданушылардың талаптарын қанағаттандыратын ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және беру жүйесі.
Ақпараттық жүйені құрудың негізгі мақсатына сәйкес ақпараттық жүйенің мәселелері:

  • жұмыстың жеделдігін және қызметкерлердің еңбегінің өнімділігін қамтамасыз ету;

  • берілетін мәліметтердің шынайы және нақты болуы;

  • тапсырушының сұранысы бойынша мәліметтерді алу жеделдігін қамтамасыз ету;

  • берілетін ақпараттың сенімділігі мен қорғалуы бойынша талаптар кешенін орындау.

Барлық жүйе әр түрлі бұзылулардан, санкцияланбаған қол сұғудан, шектеулерден және жүйенің сапалық мазмұнын жақсарту арқылы қорғалуы тиіс. Ақпараттық жүйенің негізгі ресурсы – ақпараттық ресурс.
Ақпараттық ресурстар дегеніміз құндылық және материалдық ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз.
Ақпараттық жүйе (АЖ) күрделі жүйе болып табылады. Ол ақпараттық жүйе жобасынан және ақпаратты- есептеу жүйесінен тұрады.Ақпараттық жүйе жобасы АЖ құру мен жұмыс істетудің барлық мәселелері қарастырылған техникалық құжат.Ақпаратты-есептеу жүйесі – бұл ақпараттық жүйе жобасын жұмыс істетуге арналған техникалық кешен.
Ақпараттық жүйенің құрылымы– бұл ақпараттық жүйенің элементтері мен ішкі жүйелерінің өзара байланыстарының ішкі кеңістіктегі уақытша тұрақты бір тәртіппен құрылуының арқасында, сол ішкі жүйелердің функционалдық міндетінің анықтала түсуі және олардың сыртқы ортамен байланысы.

  • Ақпаратты дайындау, жинау және тіркеу құралдары алғашқы ақпараттарды ақпараттық тасығыштарға бекітуге арналған.

  • Ақпаратты өңдеу құралдары алғашқы мәліметтерді түрлендіру қызметін атқарады.

Ақпаратты беру құралдары машиналық тасығыштарға жазу үшін қолданылады.

  • Ақпаратты тапсыру құралдары ақпараттарды серверлерге немесе оларды қолданатын орындарға жеткізуге арналған.

  • Ұйымдастыру техника құралдарына ақпаратты қорғау, бейнелеу құралдары кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет