1. Жүйелер теориясының негізгі элементтерін нақтылап көрсетіңіз. Жүйенің қасиеттерін атаңыз және әр қасиетіне сипаттама беріңіз


Ақпараттық жүйесі келесі талаптарды қанағаттандыруы керек



бет4/28
Дата30.09.2023
өлшемі2,1 Mb.
#112038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Қосымша мәліметтер

Ақпараттық жүйесі келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:

  • ақпараттық есептерді максималды автоматтандыру;

  • мәліметтерді іздеу, жылдам енгізу және жоғары өнімділікті қамтамасыз ету;

  • функционалды сенімді болу;

  • сұхбаттық режимде ақпаратты өндіру;

  • программамен қамтамасыз етуді, өңдеуді және техникамен қызмет көрсетуді жеңілдететін техника құралдарымен қамтамасыз ету.

Ақпараттық жүйелер икемділік, сенімділік, тиімділік, қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс. Кәсіпорынның жаңа талаптарына, жаңа шарттарына байланысты ақпараттық жүйелердің икемделуі икемділік қасиетіне тән. Егер ақпараттық жүйелерді құру кезінде құжаттандыру әдістері мен жалпыға бірдей жабдықтарды қолданатын болса, онда бұл шарт орындалады. Жүйені модернизациялауға болады деген сөз, яғни жүйеге ақпараттық жүйені құрушылар (разработчики) өзгерістер енгізе алады.

  • Ақпараттық жүйе ерте ме, әлде кеш пе тозады, сол кезде оны модернизациялау мүмкін болмаса, онда оны толығымен ауыстыру қажет.

  • Ақпараттық жүйенің сенімділігі “техникалық себептермен“ мәліметтердің жоғалмауын қамтамасыз етеді. Сенімділік талабы сақталынатын ақпараттың резервті көшірмесін алу арқылы қанағаттан- дырылады.

  • Егер ақпараттық жүйе өзіне қойылған есепті қысқа мерзімде шеше алатын болса, онда жүйе тиімді деп саналады. Жүйенің тиімділігі мәліметтердің оңтайлылығымен, олардың өңдеу әдістерімен және жобалау әдістерімен бағаланады. Ақпараттық жүйенің тиімділігін тапсырушы бағалайды. Ақпараттық жүйені құрушылар (разработчики) жүйемен өз саласының мамандары жұмыс істейтінін ұмытпауы тиіс.

  • Ұйымның ақпараттық ресурстарына бөтен тұлғалардың қол жеткізе алмау мүмкіндігін жүйе қауіпсіздігі деп түсінеміз. Ақпаратты қорғаудың программалық жабдықтары бөтен тұлғалардың жүйе ресурстарына ене алмауын қамтамасыз етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет